Объектілерді көбейту (көшірмесін алу)
Объектілерді көбейту үшін Duplicat және Clone командалары қолданылады.
Duplicate – операциясының нәтижесінде объектінің дәлме-дәл көшірмесі алынады да көшірме жеке объект болып табылады. Бұл команданы орындау үшін Ctrl+D комбинациясын және «+» пернесін басу керек.
Edit Clone командасының нәтижесінде құрылған объект бастапқы объектке тәуелді болады. Егер оригинал объектіге қандай да өзгерістер енгізсек, ол автоматты түрде оның барлық клондарында пайда болады. Ал клондағы өзгерістер оригинал объектіге әсер етпейді.
Бақылау сұрақтары:
-
CorelDraw-да объектілермен қандай әрекеттер орындауға болады?
-
Объектілердің формасын редакторлайтын қандай саймандар бар және олардың жұмысын түсіндіріңіз?
-
Объектілерді туралау, реттеу түрлері?
Тәжірибелік сабақ №4
Объектілермен жұмыс жасау
Сабақтың мақсаты: Күрделі объектілерді біріктіру тәсілдерімен таныстыру.
Қажетті материалдар мен жабдықтар: ДЭЕМ, тәжірибелік сабақтарды орындауға нұсқаулықтар, тақта, бейне проектор.
Жұмыстың мазмұны мен орындалу реті:
-
Тапсырмаларды орындау мысалдарын қарастыру
-
Ретімен берілген тапсырмаларды орындау
-
Тәжірибелік жұмысты талапқа сай орындап тапсыру
Теориялық бөлім:
CorelDraw-да объектілерді реттестірудің мынадай түрлері бар: басқа объектіге салыстырмалы реттестіру, бірінің үстінде бірі орналасқан объектілерде сурет бетіне шығу тізбесін өзгерту, топтасу және объектілерді біріктіру. Ол үшін қажетті командалардың бәрі Arrange (монтаж) мәзірінің ішінде орналасқан. Объектілердің тізбегін өзгертетін жеті команда бар:
Ол Arrange-Order (рет) командасы арқылы шақырылады. Бұл командалар: алдына шығару, артына шығару, алға, артқа, тізімді бастапқы қалпына келтіру, объект алдына, объектіден кейін объектілерді топтау және топталған объектілерді бастапқы қалпына келтіру.
Бірнеше объектілерді бір топқа біріктіру үшін, алдын ала ол объектілерді жоғарыда айтылған тәсілдердің бірімен белгілеу керек. Содан соң Arrange-Group (топтастыру) командасын орындау керек. Осы топталған объектіні қайтадан бастапқы қалпына келтіру үшін Ungroup (топты жою) командасын орындау қажет. Топтастыру мен біріктіуден басқа екі немесе бірнеше объектілерден бір объекті немесе бірнеше жаңа объекілер алудың үш тәсілі бар. Бұлар: біріктіру, қиылыстыру және шегеріп тастау.
Біріктіру. Бұл операция орындағанда бірнеше объектілер бір контурмен қоршалып, араларындағы бастапқы объектілер контурлары жойылады да, бір объект болып шығады.
Қиылыстыру. Бұл операция нәтижесінде екі немесе бірнеше объектілердің қиылысуында пайда болған объект шығады.
Шегеріп тастау. Бұл операция орындалу барысында таңдалынған объектінің белгіленген объектімен кесілген бөліктері жойылады.
Тапсырмалар:
1 тапсырма. Объектілерді бір-біріне салыстырмалы түрде орналастыру.
1. 1-суретте көрсетілгендей бірнеше объект құрып, оларды салыстырмалы түрде орналастыруға тырысыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: