Дәріс 1 Микроэкономика пәні және әдістері


Экономикадағы таңдау және шектеу



бет2/79
Дата18.04.2022
өлшемі1,29 Mb.
#139740
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
Дәріс (4)
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдары бөлшектерін бастапқы өңдеу, 2 ТАПСЫРМА, ТКШИ 18-11 Ахметова Индира ТИЛП 5 СӨЖ8, РК сұрақтары, РК сұрақтары, ICT IWS, Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі, ТАРИХ ЕМТИХАН, 1362536, Санитарно-гигиенические требования при производстве молока, 4 ДӘРІС, АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АДАМ  МӘСЕЛЕСІ, Nurgalieva, c184e15b-1d83-4be1-aad2-48d5aabf3b71
1.2 Экономикадағы таңдау және шектеу
Экономикалық шешімдерді қабылдау проблемасы – шын мәнінде экономикалықіс-әрекеттердің бірнеше баламалы нұсқаларының ішінен біреуін таңдау проблемасы және бұндай жағдай берілген экономикалық субъектіге нақты мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар баламалы қадамдардың ішінен таңдау қажеттілігі де берілген уақытта туады.
Жоғарыда айтылғандай, әрбір экономикалық іс-әрекет белгілі бір өзіне сай қажеттілікті анықтаудан басталады. Әрине, қажеттілікте шек болмайды. Белгілі бір уақыт аралығындағы қажеттілігімізді уақытша қанағаттандырғанда,ол басқа жаңа қажеттіліктер туғызып,күрделене, тереңдей түсетіні сөзсіз. Сондықтан бұл мәселелер көбінесе тұрақты болады. Ал екінші жағынан, біздің қажеттілігімізді қанағаттандыратын ресурстар мен технологиялар әрқашанда шектеулі болады. Біріншіден бұл табиғатта кездесетін игіліктердің әртүрлі мөлшерде болуы, мысалы, кейбір игіліктербасқаларына қарағанда өте аз болады. Екіншіден, адамзат қолымен жасайтын игіліктер де шектеулі. Бұл тек белгілі бір уақыт аралығындағы белгілі игілік түрінің қор мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар оны толықтырып отыру мүмкіндігіне байланысты игіліктер төмендегідей түрлерге бөлінеді: Қайта өндірілетін және қайта өндірілмейтін. Сонымен, әртүрлі игіліктердіңкөлемдері мен қорларын толықтыру деңгейі олардың бір-бірімен салыстырмалы шектеулігін көрсетеді және игіліктердің сиректігі категориясы деп аталады. Кез келген тұтынушының қолындағы игілік қоры оның қажеттілігін толықтай қанағаттандыруға жетпеуі мүмкін және өмірде бұл өте жиі кездеседі. Қажеттілікке байланысты игіліктердің жетіспеуін, шектеулі болуын игілік тапшылығы категориясы арқылы түсіндіреді. Осы айтқандарды қорыта келсек, тапшылық пен сиректік игіліктердің шектеулілігін сипсттайды.
Үнемдеу проблемасы-берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді ойластырып және шектеп жұмысауы,соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізуін айтамыз.
Баламалық қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қанағаттандыруды түсіндірген кезде экономикалық іс-әрекеттердің шығындары туралы айтып кетуіміз керек, себебі кез келген экономикалық қызмет шығындарсыз орындалмайды. Бұған жататындар:ақпарат алуға, шешім қабылдауға, берілген шарттарды жүзеге асыруды қамтамассыз етуге кететін шығындар. Экономикалық қызметтің шығындары әр түрлі институционалдық жүйеде әр түрлі формада болуы мүмкін. Балама шығын деп жүзеге аспаған балама мүмкіндіктердің ең жақсысынан түсетін пайданы айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет