Дәріс 1 Микроэкономика пәні және әдістері


Ұсыныс – бұл нарықта бар немесе нарыққа ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтер жиынтығы. Ұсыныс көлемі



бет8/79
Дата18.04.2022
өлшемі1,29 Mb.
#139740
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79
Байланысты:
Дәріс (4)
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдары бөлшектерін бастапқы өңдеу, 2 ТАПСЫРМА, ТКШИ 18-11 Ахметова Индира ТИЛП 5 СӨЖ8, РК сұрақтары, РК сұрақтары, ICT IWS, Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі, ТАРИХ ЕМТИХАН, 1362536, Санитарно-гигиенические требования при производстве молока, 4 ДӘРІС, АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АДАМ  МӘСЕЛЕСІ, Nurgalieva, c184e15b-1d83-4be1-aad2-48d5aabf3b71
2. Ұсыныс – бұл нарықта бар немесе нарыққа ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтер жиынтығы. Ұсыныс көлемі - сатушының белгілі бір уақыт ішінде бір бағамен сатқысы келетін тауарларының саны. Ол Qs әрпімен белгіленеді. Ұсыныс өндіріс нәтижесі болып табылады және ол өндірушілердің өз тауарлары мен қызметтерін сату ниетін білдіреді. Сатудың мақсаты пайда табу болғандықтан барлық сатушылар өз тауарларын жоғары бағамен сатуға ұмтылады және баға жоғары болған сайын сатуға ұсынылатын тауарлар саны соғұрлым көп болады. Осыған байланысты ұсыныс функциясын ұсынылатын тауар санының бағадан тәуелділігі арқылы көрсетуге болады:
Ұсыныс функциясының сұраныс функциясынан айырмашылығы – ұсыныс тауардан тікелей тәуелді.





1.3-сурет Ұсыныс қисығы

Ұсыныс қисығы (1.3-сурет) оң көлбеулі болады және ол баға мен ұсыныс көлемі арасындағы тура тәуелділікті көрсетеді. Тауар бағасы өскен сайын тауар ұсынысының көлемі артады және баға төмендеген сайын ұсыныс көлемі қысқарады. Бұл - ұсыныс заңы. Ұсынысқа бағадан басқа да факторлар әсер етеді: өндіріс технологиясы, өнімді өндіруге қажетті ресурстардың бағасы, салықтық ставка мен салықтық жеңілдіктер, дотация, субсидия, нарықтағы бәсекелестердің саны мен олардың өнімдерінің сапасы т.с.с. Егер ұсыныстың көлеміне сол тауардың бағасы әсер етсе, өзгеріс ұсыныс қисығының бойында болады. Бұл өзгеріс ұсыныс көлемінің өзгерісі деп аталады (1.4а-сурет). Ал ұсынысқа бағадан басқа факторлар әсер етсе, ұсыныс қисығы оңға және солға қарай параллель орын ауыстырады. Бұл процесс ұсыныстың өзгерісі деп аталады (1.4ә-сурет).




1.4а-сурет Ұсыныс көлемінің 1.4ә-сурет Ұсыныстың өзгеруі
өзгеруі
Өндіріс технологиясының жетілдірілуі, материалдар мен шикізаттар бағасының арзандауы, салық жеңілдіктерінің берілуі т.б. ұсыныстың артуына жағдай жасайды. Бұл графикте ұсыныс қисығының оңға қарай төмен орын ауыстыруы арқылы көрінеді. Нарыққа ұқсас өнім шығаратын бәсекелестер санының көбеюі, салық ставкасының өсуі ұсыныс қисығын солға қарай орын ауыстырады (1.4ә-сурет). Өндіруші белгілі бір өнімді өндіріп, сатуға шығармас бұрын өнімнің нарықтық бағасы, ресурстар бағасы, технология, мемлекет тарапынан берілетін субсидия мен дотация, бәсекелестер туралы ақпараттарды анықтайды.
3. Нарықтық сұраныс пен нарықтық ұсыныстың өзара әрекеттесуін қарастыру үшін сұраныс және ұсыныс қисықтарын бір графикке саламыз (1.5-сурет). Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі нарықтық тепе-теңдік нүкте болып табылады. Әдетте, ол Е әрпімен белгіленеді. Бұл нүктеде сұраныстың көлемі ұсыныстың көлеміне тең болады (QD=QS). Сонымен, нарықтық тепе-теңдік – бұл белгілі бір баға тұсындағы сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің теңдестігі қамтамасыз етілетін жағдай. Нарықтық тепе-теңдік кезіндегі өндіріс көлемі теңдестік өндіріс көлемі (QE), ал баға теңдестік бағаЕ) деп аталады.


1.5-сурет. Нарықтық тепе-теңдік.
Нарықтағы тепе-теңдіктің сақталмауы нарықтық бағаға байланысты. Егер баға теңдестік бағадан төмен болса, сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артып кетіп, нарықта тапшылық жағдай орын алады. Ал баға теңдестік бағадан жоғары болса, ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артып кетіп, нарықта артықшылықтың пайда болуына әкеледі.


1-кесте. Нарықтық тепе-теңдік және оның бұзылуы

Нарықтық баға

Өндіріс көлемі

Нарықтық жағдай

P>PE

QDS

артықшылық

P=PE

QD=QS

тепе-теңдік

P
E

QD>QS

топшылық

Ұсыныс артықшылығы мен тапшылық нарықтық тепе-теңдіктен ауытқуды білдіреді. Нарықтық тепе-теңдік нарықтық бағаның теңдестік бағадан ауытқуы нәтижесінде немесе сұраныс не ұсыныс қисықтарының орын ауыстыруы нәтижесінде бұзылуы мүмкін.


Теңдестіктің бекітілуі нәтижесінде тұтынушылар да, өндірушілер де ұтады. Өйткені теңдестік баға тұтынушы ұсынған максималды бағадан төмен болады. Тұтынушының сатып алуға дайын бағасы мен теңдестік баға арасындағы айырма тұтынушы ұтысы деп аталады. Өндірушінің немесе сатушының сатуға дайын бағасы ментеңдестік баға арасындағы айырма өндіруші ұтысы деп аталады. (1.8-сурет).


1.8-сурет. Тұтынушы және өндіруші ұтысы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет