Дәріс 1 Микроэкономика пәні және әдістері


Дәріс 2.Экономиканы реттеудің нарықтық механизмі



бет7/79
Дата18.04.2022
өлшемі1,29 Mb.
#139740
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79
Байланысты:
Дәріс (4)
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдары бөлшектерін бастапқы өңдеу, 2 ТАПСЫРМА, ТКШИ 18-11 Ахметова Индира ТИЛП 5 СӨЖ8, РК сұрақтары, РК сұрақтары, ICT IWS, Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі, ТАРИХ ЕМТИХАН, 1362536, Санитарно-гигиенические требования при производстве молока, 4 ДӘРІС, АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АДАМ  МӘСЕЛЕСІ, Nurgalieva, c184e15b-1d83-4be1-aad2-48d5aabf3b71
Дәріс 2.Экономиканы реттеудің нарықтық механизмі

  1. Сұраныс функциясы және сұраныс заңы.

  2. Ұсыныс заңы, ұсыныстың және ұсыныс көлемінің өзгеруі.

  3. Нарықтық тепе-теңдік..

1. Сұраныс – бұл төлем қабілетті қажеттілік немесе тұтынушының белгілі бір тауарды таңдауы және оны сатып алу қабілеті. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемі арасындағы байланысты көрсетеді. Баға өзгерісіне байланысты сұраныстың көлемі де өзгеріп отырады. Сұраныстың көлемі дегеніміз – бұл жекелеген тұлғаның, топтың белгілі бір уақыт бірлігінде әр түрлі бағамен сатып алатын тауарларының саны. Сұраныс көлемі мен тауар бағасы арасындағы тәуелділікті сұраныс функциясы, ал оның графигін сұраныс қисығы (D) деп атайды.
Сұраныс фукнциясын, әдетте, алгебралық, кестелік немесе графиктік тәсілмен көрсетеді. Егер сұраныс функциясы алгебралық тәсілмен берілсе, сұраныс көлемі белгілі бір формулаға бағаның мәнін қою арқылы анықталады. Сұраныс функциясының жалпы түрі мынадай: . Ол сұраныс көлемінің тауар бағасынан тәуелділігін көрсетеді. Мысалы, сұраныс функциясы Qd=500-20p түрінде берілген делік. Мұндағы - Qd сұраныс көлімі, Р – тауар бағасы. Егер баға 10 бірлікке тең болса, сұраныс көлемінің 300 бірлік болатындығы анықталады.


1.1 – сурет. Сұраныс қисығы.
Сұраныс пен баға арасындағы тәуелділікті графикте көрсетуге болады (1.1-сурет). Экономистер арасында бағаны координаталар жүйесінің абсцисса (вертикаль), ал сұраныс көлемін ордината (горизонталь) осінің бойында белгілеу қабылданған. Графикте пайда болған қисық сызық сұраныс қисығы деп аталады. Ол теріс көлбеулі болады. Оның теріс көлбеулілігі сұраныс көлемінің тауар бағасынан кері тәуелді болуымен түсіндіріледі.
Тауар бағасы максимум мәнге жеткенде сұраныс ең аз көлемге ие болады. Тауар бағасы қымбаттаған сайын сатып алушының сатып алу қабілеттілігі төмендейді. Осыдан барып сұраныс заңы шығады: тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын сұраныс көбейеді және, керісінше, тауар бағасы жоғарылаған сайын сатып алынатын тауарлар саны азая түседі. Сұраныс заңының негізінде, ең алдымен, тұтынушының психологиясы жатыр, яғни адам көп көлемдегі тауарды арзан бағамен сатып алуға бейім болады. Екіншіден, сұраныс заңы табыстың әсеріне тәуелді. Табысы тұрақты тұтынушы үшін тауар бағасының арзандауы оның сатып алу қабілеттілігін арттырады, ал бағаның қымбаттауы тұтынушының сатып алу қабілеттілігін төмендетеді. Үшіншіден, сұраныс заңы ауыстыру әсеріне байланысты: тауар бағасының жоғарылауы тұтынушының арзан бағалы басқа ауыстырушы тауарды алуына түрткі болады.
Сұранысқа тауар бағасынан басқа факторлар да әсер ететіді: тұтынушының талғамы, табысы, жарнама, тұтынушылардың баға өзгерісін күтуі, өзара бірін-бірі ауыстыратын тауарлардың бағасы т.с.с. Оларды сұраныстың бағалық емес факторлары деп атайды. Cұранысқа бағалық фактор әсер етсе, өзгеріс сұраныс қисығының бойында орын алады. Бұл процесс сұраныс көлемінің өзгеруі деп аталады. (1.2а-сурет)




1.2а-сурет Сұраныс көлемінің 1.2ә-сурет Сұраныстың өзгеруі
өзгеруі

Егер сұранысқа бағалық емес факторлар әсер етсе, сұраныс қисығы солға немесе оңға қарай параллель орын ауыстырады. Бұл өзгеріс сұраныстың өзгерісі деп аталады (1.2ә-сурет). Сұраныс қисығының оңға қарай жылжуына, мысалы, тұтынушы табысының көбеюі ықпал етуі мүмкін. Ал алмұрт бағасының арзандауы алмаға деген сұранысты азайтады да, нәтижесінде сұраныс қисығы солға қарай орын ауыстырады.


Бір тауардың бағасы қымбаттағанда екінші бір тауарға деген сұраныс артатын болса, бұл тауарлар өзара бірін-бірі ауыстыратын немесе субститут тауарлар деп аталады. Мысалы, «Сұлтан» және «Корона» макарон өнімдері, шәй мен кофе, маргарин мен сары май т.с.с. Бір тауардың бағасы қымбаттағанда екінші тауарға деген сұраныс азаятын болса, бұл тауарлар өзара бірін-бірі толықтыратын немесе комплементарлық тауарлар деп аталады. Мысалы, фотопленка мен фотоаппарат, автокөлік пен бензин т.с.с. Табысы өссе, тұтынушы тауарды мейлінше көп алады және керісінше, табысы азайған кезде тауарға деген сұраныс азаяды. Мұндай тауарлар кәдімгі немесе жоғары санатты тауарлар деп аталады. Тұтынушы табысының өскеніне қарамастан кейбір тауарларға деген сұраныс азайып кетеді, мұндай тауарлар төмен сапалы немесе төмен санатты тауарлар деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет