Дәріс 1 Пәннің міндеті мақсаты, әдістері. Курстың ғылыми – теориялық және методологиялық негізі



бет13/14
Дата07.02.2022
өлшемі206,5 Kb.
#86246
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
daris bm innovatsiya

Дәріс 11
Оқыту әдістері

Оқу -тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанскиннің есептер шығару, Палтышевтың физиканы есептеп шығару, Шаталовтың интенсивті оқыту ( тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің мәселелік оқыту оқытудың белсенді әдісі, т.т.


Ал, соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Қарайевтің оқытуды диференциялау және білім беру демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.
Мәселен, Л. Б. Эльконин, В.В Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:

  1. Жоғарғы денгейдегі қиындыққа оқыту

  2. Теориялық білімнің жетекші ролі

  3. Оқу материалын жеделдете оқыту

  4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі

  5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу

Л.В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұгалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталады.
Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының – мұғалімдер қандай болуы керек және олардың еңбегі қалай өлшену керек дегенді ой елегінен өткізіп көрелік.
Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, әдепті, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы ләзім.
Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын оқушы-шәкірттеріне анық, тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.
Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы тиіс. Әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.
Төртіншіден, мұғалім теорияны өмірмен байланыстырып, ғылым мен тәжірибені әрдайым өзі беретін күнделікті сабағына кеңінен пайдалану қажет.
Бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен оқып, педагогика, әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-өрісін кеңейтіп, білімін толықтырып отыру керек.
Осы қағидаларды әрбір мұғалім тұрақты ұсынып отырса, мұғалімнің күш –қуаты, көңіл күйі әрдайым жоғары болады да сабақ беру сапасы арта түседі, еңбегі жанады. Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, әсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
Педагогикалық техногогияны қолдану білімді сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларға ірге болуға нақты негіз болып, әрбір мектепке өзіндік тұлғасын табуға, әрбір мұғалімге өзіндік әдістемелік жүйесін құруға себептігін тигізеді.
Оқытудың нәтижелі болуы оны ұймдастыру әдістеріне және бастамашылдыққа жаңа педагогикалық инновациялық әдістемелікке байланысты. Өйткені, ХХІ ғасырдағы технологиялардың соншалық жылдам қарқынды дамуы адамзат өмірінде болып көрмеген шапшаңдықты талап етеді.
Қазақстанның бұрынғы жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуі, қоғамдық құрылыстың күрт өзгеруі білім беруді уақыт талабына сай үйлесімді құрып, оның әлемдік деңгейдегі мәжеге сәйкестікте оқытудың екі бағдарда өріс алуы.

  1. Дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау.

  2. Оқыту үрдісіне инновациялық оқыту енгізу.

Бұл жүйелерді таратып айтсақ, дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау оқушыға берілетін білім мен игерілуге тиіс ұғым-түсінікті меңгеру, уақытқа үйлесімді жетілдіріп жаңа педагогикалық технологияға сәйкес дамыту.
Иновациялық оқыту: оқушының мүмкіндігі мен шамасына қарай мәселенің байыбына барып, үлгі көрсетер өнегелеріне еліктеп, тағылымдық жолдарын қабылдау, оған шығармашылық тұрғыдан пайымдау жасауға үйрету.
Сонымен қатар шығармашылдық ойлау мен бастамашыл іс-әрекеттегі саналылықты өрістетуге зерттеушілік тұрғыдан белсенділігін жетілдіріп, іс-әрекетке бейімділігін, қызығуын қалыптастыратын жол.Инновациялық оқытуда мұғалім көшбасшылық міндет атқарғанмен, жүзеге асырылатын істің бәрін өз қолына алмайды, менің айтқанымдай болсын деп қарамайды, әміршілік жолды ұсынбай режиссерлік міндет атқаруға бейімделеді.
Теориялық, мазмұндық мәнді меңгеріп, шығармашылықты дамыту барысында мұғалім бағдар бергенімен, оған тікелей жетекшілік жасамайды, қайта қалым қалып, ретіне қарай қатардағы рөлді ойнайтын, шәкірттерімен тепе-тең құқықтығы серіктес болады.
Сабақ барысында шығармашылық басқарушы рөлдерді бөлгенде, диалогте өмірдегідей нақтылыққа жақындауына мән береді.
Инновациялық оқыту дәстүрлі дидактикамен қатарласа жүргенімен, оның өзіндік айырмашылықтарымен өзгешеліктеріне мән беруге тура келеді. Мәселен, оқытудағы ұстаным мектептегі оқыту бағдаламасында көсетілген нұсқауды орындап, ондағы мағлұматтарды беру, оны қайталап пысықтап менгерту болса, инновациялық оқытудағы мақсат-іс-әрекет барысында оқушының қабілетін оятып, түрлі жағдай жасау арқылы олардың өзінше әрекеттенуіне бағдар беріп, шығармашылыққа талпындыру.
Нақты айтқанда, оқушыға үнемі жол сілтемей, өзінше әрекеттене алуына бейімдеу.
Мұның нәтижелік көрсеткіші сол: оқушының білімді мағлұматты жәй ғана, бір сәттік тұрғыда қабылдап қана қоймай, саналы да тиянақты игеруіне ықпал ету.
ЮНЕСКО-ның жобасына жүгінсек:

  • оқушының іс-әрекет өзінше ойлай білуге, шығармашылық дербестікке бейімделуі тиіс;

  • олар өзара өарым-қатынас жасап, бірлестік құра алатындай ынтымақтастықта болу;

  • қазіргі мектеп оқушысы дербес түрде оқи алатын, бәсекелестіккеде түсе алатын және топпен, ұжыммен бірлесе жұмыс істей білу;

  • компютерді пайдалануда камуникациялық тоғысуға мән беру парыз;

  • қйсынды ойлай білуде оқушының тиісті мәселені дәйекті деректермен нақты дәлелдеп пайымдауда инндуктивтік, дедуктивтік әдстерді пайдалана алуға баулу;

  • келелі мәселені шешуде осы білгірлікті туғызып отырған себептерді ажырату және оның салдары жөнінде талдап, талқылай білуге жаттықтыру;

  • мәселені шешудің мүмкіндіктерін талдау және оның түрлі жолдары мен екендігіне ой жүгіртіп, тиісті пайымдау барысында шешім қабылдай білуге үйрету;

  • қабылдаған шешімнің мақсатына сай келетін деректерді сұрыптай білу және оны пайдалану үшін ақпараттарды жинастыру мен оны пайдалануға алуға дағдыландыру;

  • көздеген мақсатына жету жолында атқарылатын жұмыстың жобалық жоспарын жасай білу.

Қорыта келе бұл аталған құндылықтарды жетік білу, мән- мағынасын терең ұғыну – шығармашылық дағдысын қалыптастырудың алғы шарттары болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет