Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



бет1/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë
271 menshikova t.m bankovskiy nadzor i audit, Тіл білімі және оның салалары, Тіл білімі және оның салалары 3

Дәріс тақырыптарының тезистері.
Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы. 1.Жоғары білімнің қәзіргі замандағы ролі.
2.Қазақстан Республикасының жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясаты. 3. Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан білім беру кеңістігіндегі орны. 1.Жоғары білімнің қәзіргі замандағы ролі.
Жоғары білімнің әлеуметтік маңызы. Жоғары білім беру жүйесін жетілдіру жолдары: оқытуды компьютерлендіру(циврландыру), кәсіби бағыттау, ізгілендіру. Жоғары білімді кәсіби бағыттау - өндірістің, ғылымның және оқытудың интеграциясы. Жоғары білімді ізгілендіру – жас мамандардың адамгершілік және эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2.ҚР жоғары білім жүйесі және оның даму перспективасы. «Білім беру жүйесі» туралы түсінік. Білім ұғымының бірнеше мәні бар. Білім белгілi 6ip адамдардың рухани ic-әрекетi; білім - шынайы өмірдің бейнесін белгілі бip көзқарас тұрғысында көрсететін адамдардың руханн ic-әрекетінің нәтижесі; Білім, тұрмыс, табиғат, ой жүргізу құбылыстарын танып-білу нәтижесінде туындаған тіл құралдарымен берілетін ғылыми теориялар, рәміздер(символдар), белгілер, өнер туындылары, сандар формулалар, сызбалар, графиктер т.б. құралады.
Білім, ғылыми білім және күнделікті тұрмыс амалдарынан жинақталған тәжірибелерден құралатын эмпирикалық білім түрінде болады. Ғылыми білім арнайы тексеруден өтіп, нақтыланып, дәлелденген білім жиынтығы. Жоғары мектеп педагогикасы осындай ересектерді оқыту және тәрбиелеуге байланысты арнайы тексерілген білімнен тұрады. Ғалымдар тарапынан «жоғары білім» ұғымына Қазақ ұлттық энциклопедиясында «толық орта білім жоғары оқу орындарында берілетін және тиісті дипломмен куәландырылатын маманның кәсіби біліктілік дәрежесі» - деп анықтама берілген.
Көпдеңгейлік жоғары білім беру жүйесі. Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Көпдеңгейлік жоғары білім беру жүйесі мақсаты – қоғам мен жеке тұлғаның мәдени және білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандырудағы жоғары мектептің мүмкіндіктерін кеңейту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет