Дәріс №1 Полимерлер туралы негізгі ұғымдар



бет3/31
Дата26.08.2022
өлшемі2,87 Mb.
#148252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
1869723674629 Лекция ВМС (1)
мақала, Ғылыми стиль, Характеристика, Шай дайын (1)
1. Полимерлердің жіктелуі.
Заттардың қасиеттерін зерттеулерді оңайлату үшін қосылыстарды әр түрлі топтарға бөледі.
І. Шығу тегіне байланысты полимерлер табиғи, синтетикалық және жасанды болып бөлінеді.
полимерлер

табиғи синтетикалық жасанды


Синтетикалық полимерлерді төмен молекулалық заттарды, яғни, мономерлерді синтездеу арқылы алады. Жасанды полимерлерді табиғи полимерлерді химиялық өндеу арқылы алады. Мысалы, целлюлозаны азот қышқылымен өңдеу арқылы жасанды полимер - қышқылды эфир былай алынады:
[C6H10O5]n ↔ [C6H7O2(OH)3]n + 3n HNO3
Целлюлоза ОН – ы б/ша жүреді


  1. → [C6H7O2(OH)2ОNO2]n + nH2O

  2. → [C6H7O2(OH)(ОNO2)2]n + 2nH2O жасанды полимерлер

  3. → [C6H7O2(ОNO2)3]n + 3nH2O


ІІ. Негізгі тізбектің кұрамына қарай полимерлік молекулалар екіге бөлінеді: гомотізбекті және гетеротізбекті.
Г омотізбекті деп макромолекуласының негізгі тізбегі бірдей атомдардан құралған полимерлерді атайды.
Егер тізбек көміртек атомдарынан тұрса, онда мұндай полимерлер карботізбекті деп аталады. Мысалы:
... - CH2 – CH – СН2 – СН - ...
| |
CH3 CH3
Егер молекуланың негізгі тізбегі кремний атомдарынан тұрса, онда полимер кремнийтізбекті болады:
| | | |
[… - Si – Si – Si – Si - …]
| | | |
Негізгі тізбегі эр түрлі атомдардан құралған полимерлер гетеротізбекті деп аталады. Гетеротізбекті полимерлерге жай полиэфирлер, мысалы, полиэтиленгликоль және полиамидтер жатады:

Сондай – ақ, гетеротізбекті полимерлерге ақуыздағы пептидтік байланысты да жатқызуға болады:
| | | | |
… - N – C – C – C – C – C – C – N – C - …
|| | | | | | ||
O O


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет