Дәріс №1 Тақырыбы


Биология ғылымының мақсаты



Pdf көрінісі
бет6/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован
lektsiya kaz
Биология ғылымының мақсаты
- зерттеудің 
нəтижесінде табиғат туралы жаңалықтар ашу
. Мектеп пәнінің мақсаты
-
оқушыларға ғылымның жинақталған фактілері мен заңдылықтарын жеткізу. 
Мектеп биология пəніне шақтап берген уақыт көлемінде, оқушыларға артық 
ақпаратсыз күрделі ғылыми проблемалармен ғылым негіздерін хабарлау. 
Биология 
агрономия 
мен 
медицинаның 
негізі болып табылады. Мектеп 
биологиясында бұл байланыс оқушыларға политехникалық бағытта білім беру 
барысында, теорияны практикамен ұштастыруда көрініс береді. Әдістеме тек 
биология мазмұнының ерекшелігімен ғана емес, оқушылардың жас 
ерекшеліктеріне 
байланысты 
анықталатын 
болғандықтан, 
балалар 
психологиясымен 
де тығыз байланысты. Баланың жеке басының дамуына 
байланысты, биология курсының мазмұны сыныптан-сыныпқа жоғарылаған 
сайын күрделенеді. Сондықтан мұғалім сабақ беру барысында 5-8 кластарда бір 
сабақтың өзінде əртүрлі əдістер мен тəсілдерді қолданады. Ал жоғарғы 
сыныптарда сабақ барысында бір-екі тəсілді қолданумен шектеледі. Сабақтың 
мазмұны фактілерді қарастыру кезінде жəне теориялық қорытынды жасау 
барысында күрделенеді. Биологияны оқыту əдісі педагогикалық ғылымдар 
саласына жататын болғандықтан, педагогикамен де тығыз байланыста, себебі 


дидактиканың жалпы принциптері мен тəрбиелеу мəселелері бір. Мектептегі 
білім беру- тəрбиелеп оқыту негізінде жүргізіледі: материалдың мазмұны, оқыту 
əдістері, мазмұнның логикалық түрде құрастырылуы, оқыту процессінің барлық 
формалары мұғалімнің жеке тұлғасын тəрбиелейді, оның ғылымға деген 
құштарлығын арттырады. Табиғат туралы ғылымдардың негіздерін оқытудың 
мақсаты, диалектикалық-материалистік көзқарасты тəрбиелеу болып табылады. 
Сыныптан-сыныпқа 
жоғарылаған 
сайын 
біртіндеп 
оқушылардың 
биологиялық білімдері кеңейіп, тереңдетіледі, қоршаған əлемді танып-білуге 
болатынын, материяның əруақытта қозғалыста жəне дамуда екендігіне көз 
жеткізеді. 
Сондықтан, биология пəнін нағыз ғылыми түрде оқыту, диалектикалық-
материализмге 
негізделеді. 
Бұл 
философия 
ғылымымен 
тығыз 
байланыстылығын көрсетеді. 
Әдістеменің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы, мұғалімнің жеке 
тəрбиесінің қорытындысымен, пікірлеріне, педагогикалық өнердің ғылыммен 
ұштасуына, шығармашылық зерттеулерге тікелей байланысты. Әдістеменің 
өзекті мəселелерінің шешілуі бастапқы кезеңде сараптау жолымен жүзеге асады. 
Біртіндеп жаратылыстанудың жалпы əдістемесінен жекеленген пəндер 
əдістемесі бөлініп шықты. Қазіргі кезеңде əдістеменің ғылым ретінде да-
муындағы өзекті мəселелердің бірі осы кезге дейін жинақталған тəжірибелердің 
қорытындысын, материалдардың мазмұнын сараптап, биология пəнін оқытудың 
əдістемелік жағын түбегейлі жетілдіру болып отыр. Биология материалдарының 
негізінде əдістеме, оқытудың мəселелерін, тəрбиелеудің жолдарын жетілдіру 
барысында методикалық зерттеулер жүргізіледі. 
Педагогикалық жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу институттарында, 
академияларда зерттеу жұмыстары кеңінен кешенді түрде жолға қойылған. 
Ғылыми жұмыстардағы ұсыныстар міндетгі түрде, зерттеу нəтижесінде. 
алынған қортындылардың нақты дəлелдерімен негізделуі тиіс. 
Методикалық мəселелерді шешу, ғылыми зерттеулердің бірнеше сатылары 
мен əртүрлі зерттеу элеметтерінің үйлесімділігінің кезектестігінен құралады. 
Биологияны оқыту əдісінің объектілері жəне ғылыми зерттеу əдістері 
төмендегідей: 
1. Көпшілік мұғалімдердің тəжірибелеріне, құнды бастамаларды анықтау 
мақсатында бақылаулар жүргізіліп, жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету. 
2. 
Әдістеменің шешілмеген, өзекті мəселелерін анықтап, жұмыс 
болжамдарын алға қою. (əдебиеттер жəне статистикалық көрсеткіштер 
жинақталған материалдарды сараптау негізінде). 
3. Болжамдарды шешу мақсатында мектептерде эксперименттер 
ұйымдастыру. 
4. Эксперимент жұмыстары мен бақылаулардың нəтижесін жинақтап-
қорытып, сараптап, болжамдарын, оның теориясын жасау. 
Жалпыға бірдей білім беретін мектептерде жарияланған əдістемелік 
жұмысты тексеруден өткізіп, əдістемелік теорияны бекітіп, дəлелдеу. Осылай 
зерттеулердің нəтижесінде əдістеме ғылым ретінде қалыптасады. Әдістеменің 
өзіндік мəселесі -биологияны тəрбиелеп-оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. 


Әдістемедегі бұл процестер заңдылықтарға жатады. Мектеп биологиясының 
мазмұны мен құрылымдағы ғылым негізідерінің синтезі; 
-Ұғымдар мен дағдыларды біртіндеп дамыту барысында оқушыларда 
саналы түрде берік білім қалыптастыру
-Оқыту əдістерінің жəне оқыту формаларының оқу материалының 
мазмұнына сай ұйымдастырылуы; 
-Оқыту жəне тəрбиелеу процесінің жан-жақты байланысы-бір тұтастығы. 
Осы заңдылықтардың негізінде, биология əдістемесінде тəрбиелеп 
оқытудың жалпы жүйесі құрылады: 
1. Биологиялық түсініктер жүйесі;
2. Оқыту əдістерінің жүйесі; 
3. Биологияны оқыту барысында тəрбиелеу жүйесі; 
4.Оқу жұмыстарының формаларының жүйесі; 
5. Оқытудың материалдық-техникалық базалық жүйесі. 
Әдістеме-оқытып-тəрбиелеудің мақсатын, педаогоикалық іс-əрекеттің 
барысын, оқытудың тиімді, белсенді, əдістері мен жолдарын анықтайды. 
Мұғалім жасөспірімдер мен оқушыларға тиянақты білім, тəрбие 
қалыптастыруы үшін, оқу процесіне жетекші болатын əдістеменің ғылыми 
негіздерін білуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет