Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет8/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован
lektsiya kaz
 
 
 
 
 
 
 
 


Дәріс №3
 
Тақырыбы:
 
Биологияны оқыту мен тəрбие теориясы дамуының 
бағыттарын анықтайтын факторлар. 
 
Дәріс жоспары
1.Биологияны оқыту мен тəрбие теориясы дамуының бағыттарын анықтайтын 
факторлар:
1.1.Биологиялық білім беру мақсаты мен мазмұнының жаңаруы; 
1.2.Ғылыми ақпарат мөлшерінің күрт көбеюі. 
Дәріс мазмұны
Оқыту–танымдық іс-әрекеттің педагогикалық психологиялық негіздері 
Қазіргі таңда ғылыми дамуы, əлеуметтік–экономикалық өзгерістер жəне 
тəрбиелеу маңызына өзгерістер əкеліп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны 
пəндік білім, білік жəне дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру 
емес, оқушының оқу танымдық іс - əрекетін дұрыс жəне тиімді ұйымдастыру 
негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты қойылып отыр.
Таным деген не?
Ерте заманнан–ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын жəне 
өзін--өзі өзінің табиғатқа, басқа адамдарға қарым–қатынасын танып білуге 
тырысты.
Айналадағы заттар мен құбылыстар жөніндегі деректер жиынтығы əдетте 
білім деп аталады. Білімді саналы жəне берік меңгеріп алуға бағытталған 
балалар психикасының белсенді əрекетін туғызатын мұғалімнің əдістері мен 
тəсілдері оны дамытып, жетілдіре түседі. Сондықтан мұғалімнің сабақ үстінде 
алға қоятын басты міндеттерінің бірі–баланың зейнін тудыру жəне оны
ұйымдастыру.
Оқыту үрдісінде балалардың сыртқы дүние нəрселері мен құбылыстарын
саналы түрде қабылдауының нəтижесінде балалардың сезгіштігі күшейіп, түйсігі 
дамиды. Ал ойлауды дамытуы танымдық іс-əрекеттер (байқау, салыстыру, 
ажырату, жинақтау) жəне жалпылау тəсілдері, негізінде жүзеге асырылады.
Таным адам санасының дамытудың негізгі жəне ол арқылы адам өзін 
қоршаған ортаны игеруге де үйренеді .
“Таным”–философиялық ұғым “... айналадағы материалдықтың адам 
санасында бейнеленуі”. Р.Қоянбаевтың “Қысқаша педагогикалық сөздік” 
кітабында танымға былай түсінік берілген: “Таным”–объективті шындықты 
адамның ойында бейнелейтін жəне қайта жаңғыртатын қоғамдық іс-əрекет 
барысы. Ол заттардың мəніне дəлірек жетудегі күрделі жəне қарама-
қайшылықты процесс барысы ретінде қаралады. Ақиқатқа жетудің, объективті 
шындықты танудың диалектикалық жолы. “Нақты пайымдаудан абстрактілі 
ойлауға, одан тəжірибеге көшу болып табылады. Таным үрдісінде ойлаудың 
түрлі тəсілдері пайдалынылады (анализ, синтез, дедукция, абстрактіліктен 
нақтылыққа көтерілу жəне т.б.).
Танымның негізгі жəне білімнің ақиқаттығының шартты тəжиербелік іс- 
əрекет. Сол себепті де оқушылардың оқу іс-əрекеті танымдық іс-əрекет ретінде 


жүзеге асады, себебі, оның оқу іс-əрекетінің нəтижесі оның таным өрісінің жаңа 
шеңберіне алып келеді, ол үшін жаңа білім, білік пен дағдылардың көзі 
ашылады.
Оқу–оқыту процестеріндегі оқушылардың іс-əрекеті. Оқыту процесінің 
логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің 
звенолары –танымдық іс-əрекетінің кезеңдері кіреді.
- таным міндеттеріне жете түсіну
- жаңа материалды қабылдау
- ұғыну–жаңа оқу материалын түсініп жинақтау процесі
- білімді, іскерлікті жəне дағдыны бекіту жəне жетілдіру
- білімді, іскерлікті жəне дағдыны практикада қолдана білу
- оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін жəне дағдысын 
тексеру, бағалау. 
Демек, оқыту–таным үрдісі. Өйткені онда ілгері қарай қозғалыс болады, 
оқушы білмеуден білуге қарай жүріп отырады. Оқыту баладан ойлау əрекетімен 
қатар басқада психикалық үрдістерді, сезімдер мен эмоцияларын, мотивтермен 
қызығуларын, жігері мен қабілетерін т.б. жеке бастың қабілеттеріін қажет етеді. 
“Біз, танымдық белсенділікті шəкірттің ақыл ой жəне дене қуатын жай ғана 
жұмсалдыруына жатқызбаймыз, қайта оны жеке тұлға əрекеттіің сапасы ретінде 
қарастырамыз, бұл сапа шəкірттің əрекет мазмұны мен процесіне көзқарасында, 
оның білімді жəне іс-əрекет тəсілдерін оқтайлы қысқа мерзімде тиімді игеруге 
ұмтылуында, 
мінез-құлық 
ерік-жігерін 
оқу–танымдық 
мақсаттарға 
жұмылдыруында көрініс табады деп атап көрсетеде Т.И.Шамова. Яғни 
танымдық ізденімпаздық жеке тұлғаны қалыптастырудың көзі.
Оқытудың танымдық жағын түсінікті ұйымдастырып, оқушының білімді 
өзі ізденіп алуға, алдағы ісін өзі жоспарлауға, оны өзі іске асыруға, істегенін өзі 
бағалауға, өзі қорытындылауға дағдыландыру қажет. Оқытуда іс-əрекетті 
қалыптастыру–білімді нақтылау, байыту жəне жүйелеу арқылы теориялық 
негізінде практикалық іс-əрекетте пайдалану жəне заңдар мен ережелерді іс - 
əрекет жүзінде саналы түрде қолдана алуға бағытталады. Танымның басты 
құралы–ойлану. Оқушының ойлау қызметін дамыту жəне нақты ойлау 
барысында (анализ, синтез, салыстыру, сараптау, сыныпификациялау, қорыту) 
жүзеге асады. Оқыту–таным процесі, өйткені онда ілгері қарай қозғалыс 
болады, оқушы білмеуден білуге қарай жүріп отырадаы .
Ойлау қабілеті–деп атап көрсетеді философ Э.В. Ильенков,-тек жалпы адам 
заттың мəдениетті, білімдерді меңгерумен бірге пайда болады. Ақыл– қоғамның 
адамға тартқан сыйы. Ол əрбір адамның өз заманындағы рухани мəдениетті 
игеруінің барысында қалыптасып жетіле түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   105




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет