Дәріс 1,2 экстракция үрдісі мазмұны


Үрдістің әдістемелік негізі



бет4/10
Дата30.05.2020
өлшемі0,65 Mb.
#71791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЭКСТРАКЦИЯ үрдісі

Үрдістің әдістемелік негізі.

-Экстракция жүйесінде заттардың бiр фазадан басқасына ауысуын зерттеу;

-Математикалық және компьютерлік модельдеуді компонент концентрациясын талдауда қолдану /уақыт бойынша/;
I ЭКСТРАКЦИЯ ПРОЦЕСІН МАТЕМАТИКАЛЫҚ модельдеу
1.1 Экстракция процесі туралы жалпы түсінік
Экстракция деп әртүрлі ерiгiштiк қасиетке ие болатын заттар қоспасының толық немесе жартылай бөлiну процесiн атайды

Жаппай экстракция процесін физикалық-математикалық модельдеуде көбіне диффузиялық-кинетикалық тәсіл жиі қолданылады. Осының негізінде Тарнердің түрлендірілген үлгісі жасалған. Тарнер үлгісіне сәйкес микро- және макрокеуек үшін материалдық баланс теңдеулерін қарастырамыз. Осы теңдеулерді шешу үшін торлар әдісін қолданамыз. Негізгі қарастыратын мәселе де осы болып табылады.

Экстракция процесінде қоспадан шыққан зат ерiтiндiге айналады, ал оны таза күйінде айырып алу үшін алынған ерiтiндiні бiр мезгiлде буландыру, кристаллизациялау және қатты денелерді еріту жолымен келесi процеске көшу қажет, яғни қатты денеде қалған еріткішті фильтрлеу, центрифугалау және кептіру процестері атқарылады. Экстрактор деп аталынатын арнайы аппараттарда бөлінетін қоспа және ерiткiш тығыз байланысқа түседі.

Айырып алатын қоспамен ерiткiштiң өзара iс-әрекетiнің нәтижесінде қайта пайда болған фазалардың бөлуiн (сылу) арнайы заттардың көмегімен екi сұйықтық фазаларын еріту арқылы, фильтрлеу, центрифугалау, қорғаныштық қасиеті бар заттарды қосу, немесе (кристаллизация) бiр қатты фазаны бөлетін заттарды қосу арқылы шығарады.

Әрбiр фазадан ерiткiшті алып тастау және регенерация жасауды жылыту, дистилляция немесе буландыру жолдарымен iске асырады, және де фазалардың бөлiнуiнде немесе олардың құрамынан ерiткiштi алып тастауда жиi қолданылатын әр түрлi әдiстер өзара сәйкестендіріп отырады.

Экстракция процесі әр түрлi шоғырландыру қасиетіне ие болатын, бір-біріне жақындай түскенде өзара сiңiсулеріне, бір біріне енулеріне өте ыңғай танытатын заттар қоспасына негiзделген.

Диффузияның нәтижесінде өңделген қоспа мен еріткішті бір біріне жақындата түскенде, төменірек шоғырландыруға ие фаза қолданылатын қоспаға қарағанда өзінде ерiген компонентпен көбірек қанығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет