Дәріс №12 Логикалық шрифтер. Программа ресурстері



Дата09.10.2022
өлшемі18,73 Kb.
#152266
түріПрограмма
Байланысты:
Лекция-12


Дәріс №12
Логикалық шрифтер.Программа ресурстері.
Жалпы шрифттердің екі түрі қарастырылады олар: физикалық және логикалық. Қосымшалар болса логикалық шрифттермен жұмыс істейді. Логикалық шрифт бұл GDI объектісі, ол қосымшадан қойылатын талаптардан тұрады. Логикалық шрифттің дискрипоры бар. Келісім бойынша құрылғы контекстіне ANSI кодировкалы растрлық шрифт жүктелген. Сонымен қоса кіріктірілген шрифттер жиынтығы да бар.
Егер жеке логикалық шрифт құру қажет болса, CreateFont немесе CreateFontlndirect функциялары қолданылады. Create-Font функциясы логикалық шрифтті сипаттайтын 14 параметрден тұрады, ал Cre­ateFontlndirect болса LOGFONT құрылымын нұсқайтын бір параметрден тұрады.


LOGFONT құрылымының өрістері:
- IfHeight шрифт биіктігі (келім бойынша 12 пунк­т);
- IJWidth символдың орташа ені;
- IfEscapement мәтіннің базалық сызығы мен ОХ құрылғысының осінің арасындағы бұрыш;
- IfOrientation символ ориентациясы;
- IJWeight шрифттің логикалық қалыңдығы ( 0 ден 1000);
- Ifltalic, IfUnderline, IfStrikeOut асты сызылған, курсив;
- IfCharSet логикалық шрифттің символдық жиынтығы;
- IfPitchAndFamily логикалық шрифт қадамы және т.б.

Мәтіндік жолды шығару үшін TextOut пайдалануға болады, ол келесі параметрлерден тұрады:


- құрылғы контекстінің дискрипторы;
- шығыс нүктесінің бастапқы х-координатасы;
- шығыс нүктесінің бастапқы у-координатасы;
- шығарылатын жол адресі;
- жолдағы символ саны.

Мәтінді шығару барысында символдардың түсін (SetTextColor), символ астындағы фон түсін (SetBkColor), белгілі бір орындардың фон режимі (SetBkMode), координаттарға сүйеніп мәтінді түзеулеуге болады. Мәтінді шығару үшін сонымен қоса DrawText, функциясын қолдануға болады.



Программа ресурстері.
Microsoft Windows ресурстары — EXE, DLL, CPL мен MUI-файлдарға (Windows Vista-дан бастап) кіріктірілген мәліметтерді айтамыз. Бұд мәліметтерге рұқсатты тек Windows API функциялары арқылы ғана ала аламыз.
Әр ресурстың атауы және типі болады. Windows –та алдын –ала анықталған келесідей ресурстардың типтері қолданылады.

Құрушы өз қалауына сәйкес өз ресурстарының типтерін қолдана алады.
Windows –та EXE-файлды көрсетуге арналған белгіше бірінші белгіше болып саналады, және осы файл ресурсы болып табылады. Егер файлда ондай ресурс жоқ болса, Windows –тың стандартты белгішелер кітапханасынан бір белгі қолданылады. Ресурста жазылған бағдарламалық өнім нұсқасы, қасиеттер терезесінің Версия закладкасында көрсетіледі.
EXE-файлдарға кіріктірілген ресурстарды өзгертуге мүмкіндік беретін редактор-бағдарламалар бар(мысалы, Resource Hacker). Олар бағдарламаның тілдік локализациясы немесе белгішелерді ауыстыруда қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет