Дәріс №13. Тақырыбы: Протозойлы инфекция қоздырғыштары. Мақсаты



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі27,47 Kb.
#91334
1   2   3   4   5
Байланысты:
13 лекция протозойлы инфекц
14.12.20 Аналит геом МК-315, 14.12.20 Аналит геом МК-315, 6клфак, ОСӨЖ 9апта , 11 нед тарих срс, циклограмма наурыз 4 апта[1], Деректану, Документ (58), Семинар 1 (3 сұрақ)
Эпидемиологиясы: табиғат ошақтарды құратын зоонозды инфекия. Көптеген малхайуандарда, құстарда токсоплазмозды жұқтыру қабілеті зор болады. Сырқат көбінесе жылы жақтарда кең тараған. Айтып кеткендей, дүние жүзінде орташа алғанда 20-25% халық токсоплазмоздармен инфекцияланған. Ауру көзі ретінде мал мен құстар шығуы мүмкін.
Иттер өздері ауруға мүмкіншіліктері бар, бірақта ауруды таратпайды.
Адамнан сырқат жұқпайды, тек анадан-перзентке іштен бітуі мүмкін.
Берілу жолдары:
1)алиментарлы-95-96%
2)тері және шырышты қабаттардың жарақаттарынан-3-4%
3)трансплацентарлы
Бірақта ойда сақтайтын жағдай: анадан балаға жұғу мүмкіншілігі тек анасы екі қабат кезінде жедел токсоплазмозбен ауырған кезде болады. Ал мұндай аса көп емес. Екі қабат әйелдер арасында жедел токсоплазмоз 0,5-1% ғана болады. Ал созылалы формалармен ауырған немесе тасымалдаушылар осы инфекцияны тұқымға таратпайды.Қауіпті УІ айлар, ІХ ай латентті.
Патогенезі: Ас қорыту жолы арқылы-регионарлы лимфа түйіндеріне көбейеді- қабыну өзгерістер – инфекциялық гранулемалар. Лимфа түйіндерінен қанға өтуі мүмкін –бауыр, көк бауыр ОЖЖ, миокард, бет, көзді т.б. зақымдайды. Цисталар көп жылдар латентты түріне сақтылынады.
Патогенезінде өте маңызды роль аллергиялық өзгерістер алады, 95-98%-инфекцияланған адамдарда – латентті түрде өтеді. Егер де инфекцияланған кезде әйел адам жүкті болса, 3-4 айларында қауіпті болып саналады.
Иммунитеті төмен адамдарда (СПИД)-инфекция генерализденіп-сепсис түрінде өтіп, ауыр энцефалит - өлімге әкеледі.
Созылмалы ағымында-өршу кезеңдері болады; жүктіліктің 3-ші айында инфекцияланса – 50% клиникасымен, 3-4 айларында -25%, 6-9 айларында клиникалық көріністерсіз туады.
- түсік, өлі туу, кемтар бала жүре пайда болады да, өзгерістер көбінесе бауыр, көк бауыр, лимфа түйіндерінде, миокардта кездеседі.
- туа біткен токсоплазмозда: мидағы көріністер (микроцефалия, гидроцефалия, кальцификаттар) байқалады.
Клиникасы: жүре пайда болатын токсоплазмоз: инкубациялық мерзімі 3-21 күн, бірнеше айларға дейін созылады, ауырлығына байланысты, температура 38-39С-продромды кезеңде; бөртпе-дақты- папулезды, лимфоаденит, гепатомегалия, спленомегалия, миокардит, энцефалит.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет