Дәріс №2 Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі ретінде


Кәсіпорынның орналасу орнын таңдау



бет5/9
Дата08.02.2022
өлшемі214,5 Kb.
#117572
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
file-767 (1)

Кәсіпорынның орналасу орнын таңдау

Іліми тұрғыда мамандандыру дегеніміз еңбекті қоғамдағы бөлу деп түсіндіреді. Оның мәні мемлекеттегі, қоғамдағы барлық жұмсалған еңбектің қаншасы қай салада экономикалық бөлімдерде пайдаланылғандығын көрсетеді. Еңбек қоры өндірістің негізін қалаушылардың бірі болғандықтан, соның жұмсалу үлесіне қарап салалардың бастысын, одан кейінгілерін анықтайды.


Оқып отырған пәндеріңіз кәсіпорын экономикасы болғандықтан, мәселе жеке өндіріс орындарына байланысты. Демек кәсіпорынның мамандануы дегеніміз, іліми экономиканы негізге алсақ, өндірістегі еңбек қорының бөлінуі, негізгісі қай өнім өндіруге жұмсалған, басқасы не өндіреді. Сонымен кәсіпорынның мамандануы немен шұғылданатынын көрсетеді. Осыған байланысты кәсіпорынның аты да қойылады. Мысалы аяқ киім фабрикасы, кірпіш зауыты, сүт өндіретін кәсіпорын.
Мамандандыру деген ұғым жеке адам өмірінде де қолданылады, ол әрбір кісінің белгілі бір өнім өндіруге, жұмыс атқаруға ұйреніп, оны атқаруы. Мысалы: етікші, шаштараз, электрик. Ендігі сөз мамандандырудың қажеттілігінде, ол неге керек, не береді, экономикалық маңызы қалай, пайдасы не?
Бірінші маңызы көптеген шаруаларды мамандық алмаған жұмысшы атқара алмайтындығында, тіпті өміріне де қауіпті. Аяқ киімді кім-көрінген тіге ала ма, электр жүйесін жөндеуге кез келгенді жіберуге бола ма?
Екінші маңызы ысырапшылыққа тосқауыл қойыла алатындықта. Ағашпен жұмыс істеп үйренбеген адам бөренеден қасық жасай алмауы мүмкін. Немесе өгіздің терісінен мәсі тігілмеуі де ықтимал.
Үшінші маңызы еңбек өнімділігіне әсер етуінде. Маманданған адам тәсілін үйренген жұмысын тез арада атқарады, білмеген орашолақ.
Осы үш түйінді кәсіпорын жағдайына алып келсеңіз мамандандырудың экономикалық маңызын көз алдыңызға елестетесіз. Кәсіпорын дегеніміз, бірінші тарауда айтылғандай, топтасқан жұмысшылардың жұмыс атқаратын жері болғандықтан, ол жердегі нәтиже әрбір адамның еңбек өнімділігіне, мамандану деңгейіне, ұқыптылығына, сапалылығына байланысты емес пе. Олай болса мамандандырылған кәсіпорында өнімнің бір немесе сәйкес бірнеше түрін өндіруге машықтанған адамдар жұмыс істейді. Олардың жұмыс атқаруына жағдай жасалады, оны талдасақ қарапайым – тұратын, не отыратын жерінің ыңгайлылығынан бастап, жарық, жылы болуы, пайдаланылатын құрал-жабдықтарының ғылымның жетістігі мен озат тәжірибедегідей өндіргіштігі мен жаныңа жайлылығы, еңбекке ынталануы, тағы басқалары кіреді. Бәрінің ықпалы – арзан, сапалы өнім өндіріп, кәсіпорынның пайдасын көбейтіп, тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Сондықтан кез-келген кәсіпорын мамандануын жетілдіріп, жоғарылатуға ұмтылады.
Кәсіпорынның мамандануын анықтайтын көрсеткіштері екі топқа бөледі, біреуі негізгі, екіншісі қосымша.
Негізгі көрсеткіштер екеу, олар жалпы өндірілген өнімнің құрамы, тауарлы өнімнің құрамы. Бұл көрсеткіштерді пайдалану үшін кестелер қолданылады.

1 – кесте. Кәсіпорынның жалпы өндірілген өнімінің құны мен құрамы







Өнім түрлері

Алдыңғы жыл

Былтырғы жыл

Биылғы жыл

құны
млн т.

құрамы
%

құны
млн т.

құрамы
%

құны
млн т.

құрамы
%

1






















2






















3

























Барлығы




100,0




100,0




100,0

Кестені шығару үшін кәсіпорынның жылдық нәтижелері пайдаланылады. Жылдық есептегі (отчет) өндірілген жалпы өнімді өнімнің нақтылы бағасына көбейтіп, құнын шығарады. Үш жылдық бағасы бірдей болу керек, ол өзгерсе, кейінгі жылғыны қолданып, алдыңғы жылдардағы құнын қайта есептеу керек. Мақсат үш жылдың нәтижесіне баға өзгерісінің ықпалы тимеуінде. Өндірілген өнімдердің құнын жинақтап (барлығын), одан әрбір өнімнің ара үлесін табады. Құрамға байланысты негізгі, қосымша өнімдер анықталады. Ең көп үлесі бары негізгі, қалғандары қосымша. Мамандандыруды негізгі өнімге қарап табады. Жалпы өндірілген өнімнің құрамына байланысты кәсіпорынның мамандануын атайды.


Кәсіпорынға табыс әкелетін – тауарлы өнім болғандықтан, мамандандыруда соған негізгі көңіл бөлінеді. Оның құрамына байланысты қай өнім басты, сол мамандандырудың бағыты деп саналады (2 –кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет