Дәріс №2 Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі ретінде


Банкроттық түсінігі, түрлері мен себептері



бет7/9
Дата08.02.2022
өлшемі214,5 Kb.
#117572
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
file-767 (1)

Банкроттық түсінігі, түрлері мен себептері

Қаржы менеджментінде банкроттық, тәуекел мен табысты екі өзара байланысқан көрсеткіш ретінде қарастырады. Кез келген кәсіпорын белгілі бір өзара қатыста болатын бірнеше активтердің сомасы ретінде қарастырылу мүмкін. Осы активтердің кез келгенін иелену осы активтің кәсіпорынның жалпы табыс мөлшеріне әсер етуімен сипатталатын тәуекелмен тығыз байланыста болады.


Берілген экономикалық ұғымды түсіну үшін кәсіпкерлік тәуекелдің классикалық және неоклассикалық теорияларын және олардың экономикалық қосымшаларын қарастырайық. Классикалық теорияның өкілдері (Дж. Милль, Н.У.Сениор) кәсіпкерлік табыстың құрамында салынған капиталдан түсірілетін пайызды, кәсіпкердің еңбек ақысын және тәуекел үшін берілетін төлемді бөліп көрсетті. Классикалық теорияда тәуекел таңдалған шешімді іске асырғаннан болуы мүмкін жоғалтулардың математикалық күтімдерімен теңестірілді, яғни тәуекел берілген шешімді жүзеге асырғаннан болатын зиян ретінде көрсетілді.
А.Маршалл және А. Пигу басқа көзқараста болды. Олар құрған теорияның мәні келісі: белгісіздік жағдайларында жұмыс істейтін және алатын пайдасы кездейсоқ айнымалы шама болатын кәсіпкер келісім шарт жасасқанда екі көрсеткішке мән береді: күтілетін пайданың көлеміне және оның мүмкін тербелістерінің шамасына. Неоклассикалық теория бойынша экономикалық субъектінің іс-әрекеті шекті пайдалылық тұжырымдамасымен айқындалады, яғни кәсіпкер күтілетін пайданың тербелістері ең төмен болатын вариантты таңдайды.
Тәуекелдің неоклассикалық теориясын әрі қарай дамытқан венгр экономистері Т.Бачкаи, Д.Мессена, тәуекелдің мәнін қабылданған шешімнің басты мақсатынан ауытқу мүмкіндігімен байланыстырған. Йозеф Шумпетер, тәуекел мен кәсіпкерлікті байланыстырғанда, егер тәуекелдерді шаруашылық жоспарда есебке алмаса, олар бір жағынан қосымша пайданың, екінші жағынан артық шығындардың көзі ретінде болатынын атап көрсеткен. Пайданы тәуекелді жағдайдан шығатын ұтыс ретінде қарастыратын теорияны «Найт концепциясы» деп атап кеткен.
Экономикалық категория ретінде тәуекел іс жүзінде болу немесе болмауы мүмкін оқиға ретінде көрсетіледі. Бұл оқиға болған жағдайда келесі үш экономикалық нәтиже мүмкін: теріс (ұтылыс, зиян), бейтарап, оң (ұтыс, пайда).
Тәуекелдің анықтамаларын қарастыра отырып, тәуекел, көбінесе, оқиғаның ықтималдылығымен байланыстырылатын немесе ықтималдылықты есебке алып анықталатынын көре аламыз. Алайда, мұндай анықтамаға сүйенсек, тәуекелге басқару жүргізуден бас тартқанмен бірдей болады, өйткені, бұл жағдайда тәуекелге басқару жүргізу процесі, ықтималдылыққа басқару жүргізумен бірдей саналады. Мұндай жағдайда, кәсіпорынды басқару процесі ұйымдастырушылық негізі жоқ, стихиялық болып кетеді.
Көптеген анықтамаларда тәуекелдің тағы бір оған өте тән белгі көрсетіледі: қауіп, сәтсіздікке ұшырау мүмкіндігі.
Көптеген экономикалық процестердің қызмет етуіне және дамуына белгісіздік элементтері тән болады. Бұл шешімнің бірнеше түрлі нәтижесі болатын жағдайлардың туындауына әкеледі. Егер осы не басқа варианттың ықтималдылық дәрежесіне сандық және сапалық тұрғыдан баға беру мүмкіндігі болса, осыны тәуекел жағдайы деп атауға болады. Осыдан шығатын қорытынды: тәуекелді жағдай статистикалық процестермен байланыста болады және оған үш біруақытта болатын шарт керек: 1) белгісіздіктің болуы; 2) баламаны таңдау қажеттігі (таңдаудан бас тарту да таңдаудың бір баламасы ретінде қарастырылу керек); 3) таңдалатын баламаларды іске асыру ықтималдылықтарын бағалау мүмкіндігі. Сонымен қатар, тәуекел жағдайы белгісіздік жағдайынан қатты айрықшаланатынын есебке алу керек. Белгісіздік жағдайы шешімдер нәтижелерінің немесе оқиғалардың ықтималдылықтарын анықтау мүмкін еместігімен сипатталады.
«Тәуекел» құбылысында оның мазмұнын құрайтын келесі негізгі элементтерді бөліп алайық: 1) таңдалған баламаның бағытталған мақсатынан ауытқу мүмкіндігі; 2) күтілген нәтижеге жету ықтималдылығы; 3) белгісіздік жағдайларында таңдалған баламаны іске асырумен байланысты болатын материалдық, рухани және т.б. жоғалтулардың болу мүмкіндігі.
Тәуекелдің маңызды элементі ретінде таңдалған мақсаттан ауытқу ықтималдылығының болуын атауға болады. Ауытқулар теріс немесе оң сипатта болатынын ұмытпау керек. Тәуекел нәтижесінде оң ауытқу болу ықтималдығын экономикалық әдебиетте, көбінесе, «мүмкіндік-шанс» деп атайды.
Тәуекелдің өте маңызды белгілердің бірі кездейсоқтықты атап кету керек. Экономикалық тәжірибе алуан түрлі, кейде кездейсоқ болып көрінетін құбылыстардан тұратынын көріп жүрміз. Алайда, алуан түрліліктің негізінде себеп-салдарлық байланыс болатынын ұмытпау қажет. Ол, адамдардың түсінгеніне, сана-сезіміне тәуелсіз объективті сипатта болады. Осыған байланысты кездейсоқтық қажеттіліктің себеп-салдарлық нышаны түрінде сипатталады.
Жоғарыда айтылғанның бәрі «тәуекел» ұғымының сапалық жағынан сипаттамасын береді және осы ұғымның сандық түрге келтіруге алғышарт жасайды. Шынында да, егер тәуекел қорларды немесе табысты жоғалту қаупімен байланысты болса, оның сандық шамасы да болу керек, ол осы жоғалтулардың абсолюттік және салыстырмалық мөлшерімен анықталады.
Абсолютті мөлшерде тәуекел материалдық-заттық (физикалық) немесе құндық (ақшалай) өлшемдерде саналған мүмкін жоғалтулардың шамасымен және ықтималдылығымен анықталады, егер зиян мұндай өлшеулерге жарамды болса.
Салыстырмалы мөлшерде тәуекел белгілі бір негізге келтірілген мүмкін жоғалтулардың шамасымен анықталады, оған экономикалық субъектінің мүліктік жағдайын, немесе кәсіпкерлік қызметтің берілген түріне кеткен қорлардың жалпы шығындары, немесе кәсіпкерліктен күтілетін табыс (пайда) жатады.
Тәуекелдің болуы белгісіздіктің болуымен тығыз байланыста болатындығын жоғарыда айтып кеткенбіз. Белгісіздіктің негізгі себептеріне, яғни тәуекелдің пайда болу көздеріне келісі факторларды жатқызуға болады:
1. Табиғат процестерінің және құбылыстарының, табиғат апаттарының кенеттен болуы. Табиғаттың стихиялық күштерінің көріністері — жер сілкіністер, су тасқыны, борандар, басқа да қолайсыз табиғат құбылыстары;
2. Қарсы бағытталған үрдістердің болуы, қарама-қарсы мүдделердің қақтығысы. Бұл тәуекел көзінің әсер ету нышандары алуан түрлі – соғыс пен ұлт аралық жанжалдан бастап, бәсекелестікке және мүдделердің сәйкессіздігіне дейін.
3. Белгісіздіктің және тәуекелдің ұдайы өндірісі процесіне ҒТП ықтималды сипаты әсер етеді. Ғылымның және техника дамуының жалпы бағытын алдын-ала белгілі бір дәлдікпен болжауға болады, әсіресе, жақын мерзімге.
4. Белгісіздіктің болуы сонымен қатар, оған қатысты шешім қабылданатын объект, процесс, құбылыс жөніндегі ақпараттың толық еместігі, жеткіліксіздігі және ассиметриясы, адамның ақпаратты жинаудағы және өңдеудегі шектеулі мүмкіндігі, осы ақпараттың үздіксіз өзгергіштігі.
5. Белгісіздіктің және тәуекелдің пайда болуына жағдай жасайтын көздерге сондай-ақ, келісілер жатады:
а) шешімдерді қабылдағанда және іске асырғанда материалдық, қаржылық, еңбек және т.б. қорлардың жетіспеушілігі, шектеулігі;
б) белгілі бір жағдайларда қалыптасқан ғылыми тану процесінің деңгейінде және әдістерінде объектіні бір мағынада зерттеудің мүмкін еместігі;
в) адамның саналы қызметіндегі салыстырмалы шектеулер, әлеуметтік-психологиялық ұстанымдарда, баға беруде, мұрат тұтуда, мақсаттарда, жүріс-тұрыс стереотиптерінде болатын айырмашылықтар.
Адамның қызметіне өзінен басқа I, II, III, IV, V, VI факторлары ықпал етеді және белгісіздік пен тәуекел жағдайларын тудырады. Адамның іс-әрекеттері мен шешімдері қызметінің нәтижелерін оң немесе теріс болуына, белгісіздік жағдайын азайтуға, жоба мақсатын өзгертуге ықпал етеді.
Тәуекелдердің жіктелуі оларды басқару процесін ұйымдастыру тиімділігін көздейді. Тәуекел жіктелуі деп қойылған мақсаттарға жету үшін тәуекелді белгілі бір белгілерге қарай нақты топтарға бөлуді айтады. Нәтижесінде әр тәуекелдің жалпы жүйедегі орнын нақты анықтауға мүмкіндік туады. Осыған байланысты тәуекелді басқарудың сәйкес әдістерін және тәсілдерін тиімді қолдану мүмкіндігі пайда болады. Әр тәуекелге басқару тәсілдерінің өзіне тән жүйесі болады.
Қазіргі уақытта тәуекелдерді жіктеудің толық және қолайлы жүйесі әлі де құрылмаған. Жалпы алғанда тәуекелдерді жіктеудің келесі негізгі жолдарын атауға болады. Тәуекелдердің жалпы жіктелуі кесте 1-де көрсетілген.
Бірінші жолы тәуекелдерді компанияға қаржылық басқару жүргізу тарапынан қарастырумен байланысты. Тәуекелді табыстылықпен байланыстырып, «капиталға саналған пайда» (КСП) моделіне қарай жіктейді.
КСП= АСП*МК (АСП – активтерге саналған пайда; МК - мультипликатор) болғандықтан, тәуекелдер келесі түрде жіктеледі.
Капиталға саналған пайда тарапынан құрылымдаудың алты негізгі белгісі бөлініп шығады: қоржынды немесе баланстық тәуекел; реттеуші тәуекел; технологиялық тәуекел; еншілес компаниялардың тәуекелі; ағымдағы қызметі тиімділігінің тәуекелі; стратегиялар тәуекелі (нарықтық стратегиялар мәселелеріне және корпорацияларға бақылау жүргізуге қатысты тәуекелдер).
Екінші жолы негіздері әртүрлі болатын, «жинақты» жіктеулерді құрастырумен байланысты. Зерттелген жіктеулерді жинақтай, толықтыра және түзету арқылы тәуекелдердің бөлінуін анықтайтын келесі әсіресе маңызды, назар аударарлық элементтерді көрсетейік. Тәуекелдердің жіктелу белгілері және жіктелу топтарының құрамын кесте 1-ге келтірейік.
Таза тәуекелдердің (әдебиетте оларды кейде статикалық деп атайды) ішінде шамамен әрқашанда шаруашылық қызмет үшін жоғалтулар болады.
Алыпсатарлық тәуекелдер (әдебиетте кейде динамикалық деп атайды) оң немесе теріс нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады.
«Басқарылу дәрежесі» белгісі бойынша сыртқы түріне, компанияның қызметімен немесе оның «қатынасатын аудиториясымен» тікелей байланыста болмайтын тәуекелдер жатады.
Сыртқы тәуекелдер деңгейіне көптеген факторлар әсер етеді — саяси, экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, географиялық және т.б.
Кесте 1 – Тәуекелдердің жіктелуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет