Дәріс №2 Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі ретінде



бет8/9
Дата08.02.2022
өлшемі214,5 Kb.
#117572
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
file-767 (1)

Жіктеу белгісі

Тәуекел түрлері

Нәтиже сипатына қарай

1. Таза тәуекелдер
2. Алыпсатарлық тәуекелдер

Басқарылу дәрежісне қарай

1. Ішкі тәуекел (нақты субъектімен байланысты)
2. Сыртқы тәуекел (табиғи факторлармен айқындалатын)

Пайда болу себебіне қарай

1. Болашақтың белгісіздігі тәуекелі
2. Әріптестің болжанбаған іс-әрекеті тәуекелі
3. Ақпараттың жетіспеушілігі тәуекелі

Пайда болу өрісіне қарай

1. Өндірістік
2. Коммерциялық
3. Қаржылық
4. Әлеуметтік

Түріне қарай

1. Макроэкономикалық
2. Микроэкономикалық

Пайда болу уақытына қарай

1. Ретроспективті
2. Ағымдағы
3. Болашақ

Әсер ету ұзақтығына қарай

1. Қысқамерзімді
2. Ұзақмерзімді
3. Үздіксіз

Қаржы жоғалтуларының деңгейіне қарай

1. Рұқсат етілетін деңгейдегі тәуекел
2. Шиеленіскен, шекті тәуекел
3. Күйреуге әкелетін тәуекел

Кәсіпкерлік тәуекелдің іске сай дәрежесіне қарай

1. Дәлелді (іске сай)
2. Дәлелсіз (іске сай емес)

Сақтандыру мүмкіндігіне қарай

1. Сақтандырылатын
2. Сақтандырылмайтын

Сақтандырушы жауапкершілігінің көлеміне қарай

1. Жеке тәуекелдер
2. Әмбебап тәуекелдер

Ішкі тәуекелдерге шаруашылық жүргізетін субъектінің қызметімен немесе қатынасатын аудиториямен айқындалатын тәуекелдер жатады. Олардың деңгейіне жетекшіліктің іскерлік белсенділігі, оңтайлы маркетингтік стратегияны, саясатты және тактиканы таңдау жұмысы және т.б. факторлар әсер етеді: өндірістік потенциал, техникамен қарулану деңгейі, мамандану деңгейі, еңбек өнімділігінің деңгейі, қауіпсіздік техникасы және т.б..


Кәсіпкерлік қызметінің өрістеріне қарай, көбінесе, өндірістік, коммерциялық, қаржылық және әлеуметтік тәуекелдерді бөліп алады.
Жоғалтулардың шамасына, олардың болу ықтималдығына және субъектінің қаржылық жағдайына әсеріне қарай тәуекелдер рұқсат етілген, шекті (шиленіскен) және күйреуге әкелетін болып бөлінеді.
Үшінші жол тәуекелдердің жүйелі жіктелуін құрастыру шараларын біріктіреді. Әдебиетте «жүйелі» қағида анықтамасы жөнінде біріңғай көзқарас әзірше қалыптаспаған, ол тәуекелдерді зерттеуге және тәжірибе барысында басқаруға жарамды құрал-әдістеме ретінде бола алатын тәуекелдер жіктелуін жасауға мүмкіндік берер еді.
Тәуекелдердің барлық түрлері өзара байланысқан, және тәуекелдің бір түрінің өзгерісі қалғанның көпшілігіне өзгерістер әкелуі мүмкін. Нәтижесінде тәуекелдерді талдау және оларды бір жүйеге келтіру жұмысы қиындайды.
Алайда тәуекелдерді, оларды басқарудың тиімді әдісін таңдау тарапынан, бөлу үшін Б.Берлимер белгілерін қолдану қажет болады:
1) әр тәуекелден шығатын жоғалтулар бір-біріне тәуелсіз;
2) «тәуекелдер қоржынының» бір бағыты бойынша шығатын жоғалту міндетті түрде басқа бағыты бойынша жоғалтулардың болу ықтималдылығын өсірмейді;
3) ең жоғары зиян қатысушының қаржылық мүмкіндіктерінен аспау қажет.
Берілген зерттеудің басты объектісі ретінде қаржылық тәуекелдер болғандықтан, оларды толығырақ қарастырайық. Кәсіпорын қызметінде көптеген қаржылық тәуекелдер болады, олар экономикалық субъектінің қызмет нәтижелеріне едәуір әсер етеді. Қаржылық салдар туындататын және белгілі бір қызмет түрлерін іске асырумен байланысты болатын тәуекелдерді кәсіпорынның «тәуекелдер қоржынында» маңызды рөл атқаратын қаржылық тәуекелдердің ерекше тобына кіргізеді.
Қаржылық тәуекелдің мәнін ашып көрсетейік.
1. Экономикалық табиғаты. Қаржылық тәуекел кәсіпорынның экономикалық қызмет өрісінде айқындалады. Қаржылық тәуекел экономикалық ұғым ретінде анықталады және ол экономикалық ұғымдар жүйесінде белгілі бір орын алады.
2. Тәуекел ықтималдылығы. Қаржылық тәуекел ықтималдылығы тәуекелді оқиғаның іс жүзінде болуымен не болмауымен сипатталады.
3. Нәтиженің белгісіздігі. Қаржылық тәуекелдің бұл сипаттамасы экономикалық субъектінің қаржылық нәтижелерін және қаржылық операциялардың табыстылық деңгейін алдын-ала дәл болжаудың мүмкін еместігімен түсіндіріледі.
4. Іс әрекет ету объективтілігі. Қаржылық тәуекел барлық шаруашылық операциялардың алынбас бөлігі болып келеді және кәсіпорынның барлық қызмет бағыттарына тән. Қаржылық тәуекелдің іс-әрекет етуінің объективті табиғаты тұрақты өзгеріссіз болып қалады.
5. Баға берудің субъективтілігі. Қаржылық тәуекелдің іс-әрекеті объективті табиғатымен ерекшелінсе де, қаржылық тәуекелдің басты көрсеткіші – тәуекел деңгейі – субъективті сипатта болады. Тәуекелге баға берудің субъективтілігі басқарушылық ақпараттың іске сай болу деңгейінің, кәсіби тәжірибенің, қаржылық менеджерлердің біліктіліктерінің және басқа факторлардың әртүрлілігімен айқындалады.
6. Деңгейінің өзгергіштігі. Тәуекел тұрақты шама емес, оның деңгейі үнемі өзгеріп отырады. Ең алдымен, ол уақытқа қарай өзгереді. Сонымен қатар, қаржылық тәуекелдің деңгейі көрсеткіші көптеген объективті және субъективті факторлар ықпалына байланысты едәуір тербеліп отырады.
7. Нәтиженің күтілетін қолайсыздығы. Теория бойынша қаржылық тәуекел кәсіпорынға оң (пайда) немесе теріс (шығындар, зиян) нәтиже әкеле алса да, қаржылық тәуекелді негізінен мүмкін болатын қолайсыз нәтижелер деңгейімен сипаттайды.
Қаржылық тәуекел – бұл кәсіпорынның қаржылы-шаруашылық қызмет ету барысында ақша ағындарының сандық және темпоральды тұрғыдан сәйкессіздікке ұшырау ықтималдылығы. Қаржылық тәуекелді оңашаландыру өрістерін ақша ағындарының өрістері бойынша бөлінеді: өндірістік, қаржылық, инвестициялық және төтенше қызмет.
Қаржылық тәуекел – бұл фатальды құбылыс емес, ол едәуір дәрежеде басқарылатын процесс. Оның параметрлеріне, деңгейіне әсер етуге болады және қажет те. Мұндай әсерді тек «түсінілген» тәуекелге жасауға болатындықтан, оған саналы түрде қарау қажет, яғни оны зерттеу қажет, шаруашылық жағдайлардағы тәуекелдің іс-әрекет етуін талдау керек, оның келесі сипаттамаларын анықтап, білу қажет: тәуекел факторларының құрамын және маңыздылығын, олардың іс-әрекет етуінің нәтижелерін, көлемдерін және т.б.
Қаржылық тәуекел деңгейінің қолайлы шамасын анықтау – арнайы зерттеудің дербес шешілетін міндеті. Оның алдында үлкен аналитикалық жұмыс пен арнайы есептеулер жүргізілу керек, ал қолайлы ретінде қандай да бір деңгейді нормативті түрде белгілеу – кәсіпорынның ең жоғарғы басшылығының ғана құзырында болады. Шаруашылық субъект үшін тәуекел деңгейінің қолайлы және қолайсыз шамалары арасындағы шекара кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі мерзімдерінде және экономиканың әртүрлі салаларында өзгеріп отырады.
Депозитті тәуекел – депозиттік салымдарды қайтармау мүмкіндігімен байланысты тәуекел. Бұл тәуекел түрі өте сирек кездеседі және коммерциялық банкіні қате таңдаумен байланысты туындайды.
Несиелік тәуекел – негізгі қарызды және оған байланысты пайыздарды төлемеу қауіпімен байланысты тәуекел. Несиелік тәуекелдің пайда болу себептеріне қарыз алушының жауапсыз іс-әрекетін, нақты фирманың бәсекелестік қабілетінің нашарлауын, қолайсыз экономикалық конъюнктураны жатқызуға болады.


Кесте 2 –

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет