Дәріс 23-24 Макромолекулалардың полимерлену дәрежесін жоғарлататын химиялық реакциялар

Дата07.02.2022
өлшемі75,03 Kb.
#95150
Байланысты:
Дәріс 23-24 Макромолекулалардың полимерлену дәрежесін

Дәріс 23-24 Макромолекулалардың полимерлену дәрежесін жоғарлататын химиялық реакциялар

Студент:Ізмағамбетова А.С

Оқу тобы:Х-17-3

Оқытушы:Балықбаева Г.Т

Дәріс жоспары:

Дәріс жоспары:

  • 1. Молекулааралық реакциялар
  • 2. Блоксополимерлену

Молекулааралық реакциялар деп бірнеше макромолекулалардың бір- бірімен әрекеттесу реакцияларын айтады. Бұл реакцияларды тігілу деп те атайды, ол тігуші агенттердің немесе жылудың,жарықтың, радиация сәулелерінің әсерінен жүреді. Түзілген торлы полимерлер ерігіштігін және қайтымсыз пластикалық деформациясын жояды. Олардың физика-химиялық сипаттамалары өзгереді. Тордың жиілігі артқан сайын, әсіресе, полимердің қаттылығы, жұмсау температурасы және жоғары температураға шыдамдылығы артады.

Торлы полимерлер макромолекулалар арасында жүретін ретпен орналасқан коваленттік байланыс немесе екінші валенттік байланыстар арқылы түзіледі.

Торлы полимерлер макромолекулалар арасында жүретін ретпен орналасқан коваленттік байланыс немесе екінші валенттік байланыстар арқылы түзіледі.

Бірінші жағдай химиялық, немесе қайтымсыз тігілу, ал екіншісі — физикалық немесе қайтымды тігілу деп аталады. Физикалық тігілу кезінде пайда болатын байланыстар коваленттік байланысқа қарағанда әлсіз, сондықтан полимер ерігенде немесе жоғары температурада қыздырғанда жойылады. Молекулааралық реакцияларға вулкандау және қатайту реакциялары жатады.

Жалғанған сополимер алу үшін полимерден қозғалғыш сутегі атомын үзіп алу керек. Сонда макромолекулада активті орта пайда болып, осы жүйеге қосылған мономер полимерленеді. Әдістің тиімділігі тізбек берілу реакциясының жылдамдығымен, үзіліп алынатын атомның қозғалғыштығымен және макрорадикалдың реакциялық қабілеттігімен анықталады.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  • 1. Молекулалық массаны жоғарлататын реакциялар?
  • 2. Полимердің құрылысы ААААББББАААА. Полимер қалай аталады? Қандай әдіспен алынады?
  • 3. Олигомердің қатаюы қандай механизммен жүреді?
  • 4. Вулкандау процесі дегеніміз не? Вулкандау процесіне қандай полимерлер түседі?

1. Молекулааралық реакцияларға вулкандау және қатайту реакциялары жатады.

1. Молекулааралық реакцияларға вулкандау және қатайту реакциялары жатады.

2.Мүндағы ең жиі қолданылатын әдіс анион-дық полимерлену. Анионды полимерленуде тізбек үзілмейді, мономер біткенде жүйеде «жанды» полимерлер қалады.

3.Қатаю әр түрлі пластмассалар, герметиктер, желімдер, лактар және бояулар өндірісінің негізгі технологиялық процестерінің бірі. Қатаю олигомердің функционал топтарының бір-бірімен химиялық әрекеттесуінен немесе арнайы қосылған реагенттер қатайтқыштардың әсерінен жүреді. Олигомердің және қатайтқыштың құрылымына, процестің жағдайына байланы­сты қатаю механизмі полимерлену, поликонденсациялану және аралас болып келеді

4. Вулкандау процесі - каучуктардың вулканизатормен өзара әрекеттесуінің технологиялық процесі, онда резеңке молекулалар бірыңғай кеңістіктік желіге қиылысады. ... Вулканизация жылдамдығын арттыру үшін әр түрлі үдеткіш катализаторлар қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет