Дәріс №35 Тақырыбы: Республиканың рухани өмірі: білім және ғылым



Дата07.02.2022
өлшемі19,97 Kb.
#95477
Байланысты:
35-лекция
35-лекция, 35-лекция

ДӘРІС № 35
Тақырыбы: Республиканың рухани өмірі: білім және ғылым
Халыққа білім беру ісі: мектеп, кәсіптік-техникалық білім, жоғары және арнаулы оқу орындары. Ғылымның дамуы барысында қалыптасқан үрдістер.
Халыққа білім беру. Соғыстан кейінгі жылдарда ағарту ісіне бөлінетін қаржының көлемі біртіндеп арта бастады. Мектептерге көмек көрсетілді, қор жасау үшін жексенбіліктер ұйымдастырылды,халық сирек қоныстанған аудандарда малшы балалары үшін мектеп-интернаттар салынды.
Бұл жылдары республиканың бірқатар аудандарында балалардың бәрі бірдей мектептерге қамтылмады,мектептерде сабақтар бірнеше ауысыммен жүргізілді. Жалпыға бірдей міндетті жеті жылдық білім беру ісі 1949 жылы қайтадан қолға алынды. 1948 жылы республикада оқуға тартылмай жүрген 15 жасңа дейінгі 200 мың бала болған еді. 1955 жылы олардың саны 16 мыңға түсті.1950 жылдар ішінде мектептерде политехникалық білім беруге, оқушыларды өндірістік еңбекке араластыруға, мектептің өмірмен байланысын нығайтуға бағытталған шаралар жүргізілді. 1959 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мектептің өмірімен байланысын нығайту және Қазаң КСР-інде халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы заң қабылданды. Жаңа заң бойынша 1962—1963 оқу жылынан бастап жалпыға бірдей міндетті сегіз жылдық білім беруге көшу, он бір жылдық еңбек-политехникалың мектептерін құру,жұмысшы жастар мектептерін көбейту, мектеп-интернаттар жүйесін кеңейту шаралары көзделді. Осы кезеңде кәсіптік-техникалық училищелер мен техникумднрдың қатары да өсті.
1946-1956 жылдар аралығында республиканың кәсіптік-техникалық
Білім беру жүйесінде 344.5 мың жас маман жүмысшылар дайындалды. Тың игеру жылдарында ауылшаруашылың кәсіптік-техникалың білім беру жүйесі өрістеді. 1954 жылдан бастап ашыла бастаған, негізінен орта білімі бар қабылданған техникалық училищеде фрезершілер, машина жүргізушілер, краншылар, экскаваторшылар, т.б. мамандар дайындалды.Соғыстан кейінгі жылдарда Қазаңстанның жоғары білім жүйесінде педагогика мамандықтарын дааярлау басым болды. Эвакуацияланып келген оқытушылар мен профессорлардың бірқатары елдеріне кеткен соң, педагог кадрлар жетіспеушілігінен қиындықтар туындады. 1947 жылы КСРО Министрлер Кеңесі қабылдаған “Қазақ КСР-інде жоғары және орта білім беруді одан әрі дамыту шаралары” туралы қаулысына орай жоғары және орта білім беру жүйесіне бөлінетін қаржы молайды. Облыс орталықтарында (Ақмолада, Семейде, Өскеменде, Қарағандыда) жаңадан бірнеше институттар мен техникумдар ашылды. 1965- 1966 оқу жылында 39 жоғары оқу орындарында 1 44,7 мың студент оқыды. Соғыстан кейінгі 20 жыл ішінде жоғары білімді мамандар даярлау 1 1 есеге жуық өсті. 1965 жылы республика халық шаруашылығында 0,5 млн-нан астам дипломды маман жумыс істеп жатты.
1970 жылдар ішінде жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны өріс алды. Кешкі мектеп мұғалімдері өндіріс орындарына барып, орта білімі жоқтарды оқуға шақырды. Мектептерде еңбекке баулуды тереңдете жүргізу, кабинеттік жүйені енгізу шаралары атқарылды. Ауыл мұғалімдеріне ішінара жеңілдіктер жасалынды. Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін тарату, түрлі әдістемелік жаңалықтарды енгізуге деген құлшыныс артты. 1980 жылдардың басында жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің жүзеге асқандығы жарияланды. Сырттай қарағанда білім беру ісіндегі табыс жеткілікті болып көрінгенімен, саланың нақты жағдайы ауыр еді. Формализм жайлаған, функционалдық сауатсыздық белең алған орта мектепке түбегейлі бетбұрыстар жасау керек болды.Кезекті мектеп реформасы 1984 жылы басталды. Бұл жолы мектептің материалдық базасын нығайту,алты жастан бастап оқыту, жаңа пәндер енгізу, мұғалімнін беделін көтеру шаралары қарастырылды.Қазақ мектептерінің жағдайы ауыр болып қала берді Қазақ тілінің қолданыс қызметі шектеліп, түрмыс аясынан аспауы білім беру саласына кері ықпал етті.1970 жылдар ішінде ірі агрокешендер құрылып, “болашағы жоқ”елді мекендер қараусыз қалғанда,олардағы жүздеген мектептер жабыла бастады. Олардың бәрі дерлік қазақ тілінде оқытатын, көпшілігі шағын комплектілі мектептер еді.1950-1970 жылдар ішінде сабақ орыс тілінде оқытылатын мектептердің саны 1,5 мыңға артқанда, қазақ мектептерінің саны кеміп, 3891-ден 2577-ге түсті.1980 жылдардың ортасында республикадағы ЖОО-ның саны 55-ке жетті.Бұл жылдары студенттік құрылыс отрядтары өріс алды.Орта арнаулы оқу орындарының саны 246-ға жетті. Республиканың барлық жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 550 мыңға жуық студенттер мен оқушылар 200 түрлі мамандық алды.Ғылым. 1960 — 1970 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО-дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды. Жекелеген ғалымдар мен топтар өндірістік мәні бар салаларда жетістіктерге қол жеткізді. Олардың кейбір еңбектері шетелдерге де мәлім болды. Академик Д.В.Сокольский катализаторларды электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін дұрыс көтере білді. Социалистік Еңбек ері, академик У. М. Ахметсафин республикадағы
гидрогелогия және гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек етті. М. А. Айтхожин бастаған ғалымдардың бір тобы генетика мен микробиология саласында қомақты табыстарға жетті. Олар өсімдік клеткаларындағы бөлшектердің бұрын ғылымға мәлімсіз болып келген жаңа тобы-ипформосомаларды ашты.Академиктер Ә.Х. Маргұлан мен Е.А.Букетов есімдері ғылыми ортада ғана емес , көпшілік қауым арасында да кеңінен танымал болды. Академик А.И.Бараев басқарған Ленин атындағы. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы Ғылым академиясының сының Шығыс бөлімі топырақ қорғаудың жаңа жүйесін жасау
бағытында зерттеулер жүргізді. Медицина жағында еңбек етіп жүрген Қазақстан ғалымдары аллергология, онкология және вирусология салаларында айтарлықтай табыстарға жетті.
Республикада 40377 ғылыми қызметкер жұмыс істеді. Олардың 864-і ғылым докторы, 650-і Ғылым академиясының академиктері, корреспондент мүшелері және профессорлары болды. Алайда республикада қызмет етіп жүрген ғылыми қызметкерлердің Қазақстанның барлық тұрғындарына шаққандағы үлесі жағынан Одақтағы денгейден екі есе кем еді. Сонымен қоса, олардың арасындағы жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі республика тұрғында- рының арасындағы пропорциядан тағы кем болатын. Қазақтар, негізінен, ауыл шаруашылығы,медициналық және гуманитарлық ғылым салаларында жүрді. Ғылымитехникалық прогресті жетілдіруге үлес қосатын жаратылыстану ғылымдары салаларында олардың үлесі тым аз болды. Ғылыми еңбектердің басым көпшілігі қазақ, тілі мен әдебиетіне және оларды оқыту әдістемесіне қатыстыларынан басқасы түгел орыс тілінде жазылды.
Қазақстан философтарының диалектикалық логика саласындағы еңбектерінің ғылымды дамытудағы маңызы болды. 1970 жылдар ішінде құқықтық ғылымда жаңа бағыттар пайда болып, заң актілерін белгілеу жұмыстарына қатысты. Отырарда және басқа өңірлерде қазба жұмыстарын жүргізген археологтер едәуір табыстарға қол жеткізді. 1969 жылы Есік қаласының жанындағы қорғаннан біздің заманымызға дейінгі IV—III ғасырларда өмір сүрген сақ жауынгерінің киімі мен қару-жарағы табылуы дүниежүзі тарихшыларының назарын аударды.
Дегенмен бұлар республиканың қоғамтанушы ғалымдарының потенциалды мүмкіндігінің нәтижесі бола алмайтын еді. Тұтастай алғанда, тоқырау жылдарында қоғамдық ғылымдар қатты зардап шекті. Ғалымдар ғылыми еңбектерін әкімшілік сызып берген шеңбер көлемінде ғана жазатын болды. Ол кезде ғылыми еңбектерді бағалау мен оның авторларыа ғылыми дәреже беру тек Мәскеуде ғана шешілетін. Бүл жағдай қоғамдық гуманитарлық ғылымдар саласында тек Орталықта отырған идеологтердің қарауынан өткен еңбектердің ғана жарыққа шығуын қамтамасыз етті. Сонымен қоса,жергілікті ұлт өкілдері арасынан шыққан ғалымдардың сандық мөлшеріне де шек қойылды. Қоғамтанушы ғалымдардың кемелденген социализм жағыдайында қазақ халңының өзге ұлттармен барынша жақыңднсып, коммунизмнен бақыт табатынын дәлелдеген трактаттарында ғылыми-зерттеуден гөрі насихат басым түсіп жатты. Қазақ халқының өз жерінде ұлттық азшылыққа ұшырап, экономиканың басты саласы-қала өнеркәсібінен аулақтап қалғаны, демографиялық даму үдерістеріндегі баланстың бұзылуы, кадрдың ұсақталуы және олардың санасында ұлтқа дейінгі адамдар қауымдастығына тән психологияның орнығуы, ұлттық , дәстүрдің тозуы, ұлттық мәдениеттің құлдырауы сияқты мәселелердің бәрі нақты ғылыми тұрғыдан талданбады.
Ғылыми академиясына қарасты Философия және құқық институты бола тұра, әлеуметтік психология, эстетика,кибернетика, социология, демография ғылымдарының түрлі салалары бойынша халыққа қажетті зерттеулер жүргізілмеді. Қазақ халқының ұлт ретінде ыдырау жолына түсуінің, сырына үңілу талабы жасалмады. Әсіресе Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды. Тарихшылар тек Кеңес заманының жетістіктерін зерттеуге жұмылдырылды. Соның салдарынан көпшілік санасында Қазан төнкерісіне дейін қазақ халқы тек көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған, мәдениетке тек Кеңес билігі тұсында ғана қол жеткізді деген ұғым қалыптасты. Өткен ғасырларда өмір сүрген қазақ халқының мемлекет қайраткерлерінің — хандары мен билерінің, ел қорғаған қолбасылары мен батырларының есімдері ұмытыла бастады. Тәуелсіздік үшін күрескен қайраткерлер буржуазияшыл-ұлтшыл ретінде сипатталды. Кеңес билігі тұсындағы ауыр нәубеттердің сырын ашуға бағытталған зерттеулер жүргізуге тыйым салынды.
Бақылау сұрақтар:
1.Соғыстан кейінгі жылдарда білім беру саласын дамытуда қандай жетістіктерге қол жеткізілді
2.Қазақ мектептерінің азайып кетуіне нендей себеп болды
3.Нақты және жаратылыстану ғылымдары саласында жетістіктерге жеткен Қазақстан ғылымының қоғамдық-әлеументтік салаларда артта қалуын немен түсіндіруге болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет