Дәріс №6 Бұлшық ет ұлпалары


Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпалары



бет2/3
Дата14.09.2023
өлшемі20,03 Kb.
#181086
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
6 Дәріс
Транспорт и связь, Проектирование автомобильных дорог. Бабков В.Ф, Андреев О.В. 1987. 1 ч(1), акжан, тест центр, Межелік бақылау жұмысы, Кенес Диас ИС-102с
Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпалары (textus muscularis striatus) жасушадан, талшықтардан тұрады. Актин және миозин миофиламенттерi өзара ерекше тәртiппен орналасып, көлденең жолақтық бередi. Бұған қаңқа және жүректiк көлденең жолақты бұлшық ет ұлпалары жатады.
Бiрыңғай салалы немесе тегiс бұлшық ет ұлпасы (textus muscularis nonstiatus) жасушалардан тұрады, көлденең жолақтығы болмайды.
Шығу тегiне негізделген жiктелу бұлшық ет ұлпасын үш түрге-денелiк, ұрықтың дене қуысы және мезенхималық деп бөледi.
Денелiкке қаңқалық көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы жатады, ол сомиттің миотомынан дамиды.
Ұрықтың дене қуысы (целом) жүректiк көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасын (миокард) құрады, ол спланхнотоманың iшкi жапырақшасындағы миоэпикардиальдi тақташалардан дамиды.
Мезенхималық iшкi ағзалар және тамырлар бiрыңғай салалы бұлшық ет ұлпаларын құрады, ол мезенхимадан дамиды.
Ұрық, iштөлдiң түзушi жасушалары (спланхномезодерма, мезенхима, нейроэктодерма) бiрыңғай салалы бұлшық ет ұлпа бастамалары салынатын жерде миобластарға жетiледi, кейiн жетiлген миоциттерге нақтыланады, түрi созылыңқы, жиырылғыштық, қосымша белоктары миофиламенттердi қалыптастырады. Спланхнотомадан келген мезенхималар iшкi ағзалар мен тамырларды, ал дерматома мезенхимасы-терi бiрыңғай салалы бұлшық ет ұлпаларын құрады.
Бiрыңғай салалы бұлшық ет ұлпасының құрылыс және қызмет бiрлiгi - миоцит (myocutus, бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушасы). Ол ұршық тәрiздi, ұзындығы 10-500 мкм, ал қалындығы 5-10 мкм. Таяқша тәрiздi ядросы оның ортасында орналасады. Миоциттердің тiректiк аппаратына сарколемма, негiзгi жарғақ, цитоқаңқа элементтерiнің жүйесi және олармен байланысқан тығыз денешiк жатады. Саркоплазмасында түзiлу аппаратына қатынасатын Гольджи аппараты, түйiршiктi саркоплазмалық тор, ерiктi рибосомалар (олар коллаген, эластин, түрсiз зат құрамбөлiктерiн, кейбiр өсу факторларын және цитокиндерді өндiрiп, бөледi), митохондрийлер және тұрақсыз қосындылар болады. Миофиламенттерi жасушаның ұзына бойына бағытталып, орналасады.
Миоциттiң қысқаратын аппараты жұқа (актин) және жуан (миозин) филаменттерiнен тұрады, бiрақ миофибриллдердi құрмайды, ондағы бiр миозинге 12 актин филаментi келедi. Жарық микроскопта миофиламенттер байқалмайды. Миоциттердің жиырылуы бәсең жүредi де, үзiлуi ұзаққа созылады. Әр миоцит қан және сөл тамырларымен, жүйке талшықтарымен, әсiресе оның ұштарымен жақсы жабдықталады.
Миоциттер тобын қоршайтын жұқа борпылдақ дәнекер ұлпаларды - етқабық немесе перимизий (perimysium), бұлшық еттi қоршайтын толық талшықты дәнекер ұлпаларды - эпимизий (epimysium) және жеке миоциттi қорғайтын талшықтарды - эндомизий (endomysium) деп атайды. Бұл ұлпа iшкi ағзаларда, әсiресе iшек-қарында, жатырда, қуықта, несеп түтiгiнде, ауа және қан тамырларында, тағы басқаларда кездеседi.
Қаңқалық бұлшық ет ұлпасы (textus muscularis striatus skeletalis) дене, оның бөлiктерiнiң ерiктi қозғалысын, денені белгiлi бiр қалыпта ұстауын қамтамасыз етiп, көздердi қозғалтатын, ауыз, тiл, көмекей, жұтқыншақ, өңештiң жоғары бөлiгi қабырғаларындағы бұлшық еттердi құрады. Ол миотомнан дамып, мына негiзгi кезеңдерден өтедi. Алдымен, келешекте ұлпалар түзiлетiн жерге миотомның жасушалары көшiп, орнын ауыстырады; митозбен бөлiнетiн жаңа жасушалар түзе ұлғайып, өсетiн-миобласт (бiразы серiктер (сателлиттер) бередi, өмiр бойы түзушi ұлпа болады) түзедi. Ол митоздан кейiн қосылатын миобластар (myoblastus, симпласт құрады) берiп, бұлшық еттің түтiктерiн (жиырылғыш белоктар, саркомерлер) қалыптастырады, одан соң жиырылғыштық қызмет атқаратын бұлшық ет талшықтары (myofibra) құрылады. Бұлшық ет бастамасының аумағында мезенхима жасушалары болады, онда қан қылтамырлары және бұлшық ет түтiктерi пайда болысымен жүйке жүйесiнiң дене бөлiмiндегi қимылдық, сезiмтал нейрондарының аксоны өнедi.
Қаңқалық бұлшық ет ұлпасының құрылыс, қызмет бiрлiгi-қаңқалық бұлшық ет талшығы немесе симпласт (49 сурет). Оның ұшы өткiр, жиегi тегiс, ұзындығы 1-2 мм-10-15 см, жуандығы iрi қара малда 16-95 мкм, шошқада 20-90, қойда 20-50, жылқыда 50-80 мкм, диаметрi 0,1 мм келетiн цилиндр тәрiздi құрылым. Электронды микроскоп симпластың қалыңдығы 7-10 нм қабығы-плазмолеммадан (сарколеммасы-sarkolemma), 15-50 нм-негiзгi жарғақтан тұратынын көрсетті. Олардың арасында түрi сопақша келетiн жасушалар-серiктердің ядросы орналасады. Плазмолемма әр тең қашықтықта iшiне қарай иiлiп, әсiресе, шошқаларда жақсы байқалатын, диаметрi 4 нм түтiкше немесе Т-өзегiн құрады.
Симпластың қабығы зат алмасуда және жүйке түрткiсiн өткiзуде үлкен рөл атқарса, негiзгi жарғағы-тiректiк қызмет және талшық iшкi ортасының тұрақтылығын сақтайды.
Саркоплазма (sarcoplasma) саны бiрнеше ондықтан бiрнеше жүзге жететiн, одан да артық, сүтқоректiлерде қабығына жақын орналасатын ядролар сақтайды.
Ядроның түрi организмнің жасына, жиырылу күйiне және бұлшық ет жұмысына байланысты-дөңгелек, сопақша және созылыңқы болып келедi. Тұрақты (саркоплазмалық тор, митохондрийлер), тұрақсыз қорсындылары (гликогендер) болады.
Саркоплазманың басым көпшiлiгiн миофибриллдер (myofibrilla, грек. «mуоs»-бұлшық ет, лат. «fibrillа»-талшық, жiпше; 49 суреттi қара) алады. Миофибрилл-жiп тәрiздi құрылым, диаметрi 0,5-2 мкм, ұзындығы талшық ұзындығындай, ретке келтiрiлген актин және миозин белоктарынан тұрады. Симпласты полюстенген жарықта қарағанда миозин белогі, қос сәуленi сындыратындықтан-күңгiрт немесе қараңғы, актин белогінде ондай қасиет болмайтындықтан-ақшыл немесе ашық болып көрiнедi. Микроскопта миофибриллдердің құрылысы бiрдей, миозин, актин белоктары бiр деңгейде орналасатындықтан, ашық, күңгiрт түстi алқаптар байқалады.
Ашық алқап-изотропты, И-диск (discus), ал күңгiрт алқап-анизотропты немесе А-диск деп аталады. Әр И-диск аралығынан қоңыр аймақ-Z сызығы (linea) (телофрагма-telophragma), ал А-дискi ортасынан ашық Н-аймағы өтедi. Н аймағының дәл ортасында қоңыр М сызығы (мезофрагма-meso) болады.
Миофибриллдің құрылыс, қызмет бiрлiгi-саркомер (50 сурет), екi Z сызық аралығында орналасады. Саркомер бір жарты И-дискiсінен, толық А-дискiден және ұзындығы 2,5-4 мкм басқа И дискі жартысынан тұрады. Электронды микроскоп гисто-, биохимиялық зерттеулерде А-дискісі қалың (диаметрi 10 нм, ұзындығы 1,5 мкм), ал И-дискісі жұқа (диаметрi 5 нм, ұзындығы 1 мкм) миофиламенттерден тұратынын дәлелдедi. Қалың миофиламенттi миозин белогi, жұқа түрін-актин, тропомиозин және тропин белоктары құрады.
Мезофрагмадан (mesophragma) телофрагмаға (telophragma) миозин жiпшелерi тартылады. Телофрагмадан оған қарсы актин жiпшелерi орналасқан. Актин жiпшелерi өте жiңiшке, алтауы бiр миозиндi қоршап жатады. Актин және миозин жiпшелерiнiң қарама-қарсы қозғалуына байланысты ғылымда Р. Дэвистiң жиырылу iлiмi пайда болды. Бұл ілім бұлшық ет ұлпасы жиырылғанда актин жiпшелерi мезофрагмаға, миозин жiпшелерi телофрагмаға жететiнiн, нәтижесiнде саркомер лер, оның тобы қысқарып, бұлшық ет жиырылуының негiзi екенін көрсеттi.
Гистохимиялық зерттеулер бұлшық ет талшығының миозин АТФазасының белсендiлiгi жоғары болса, ол-жылдам, ал белсендiлiгi нашар болса-баяу жиырылады деп бөлдi. Сукцинатдегидрогеназаны осы тәсiлде пайдаланып бұлшық ет талшықтарын: ақ (myofibra alba, фермент белсендiлiгi төмен, талшығы қалың, миоглобин, митохондрийi аз), қызыл (rubra, белсендiлiгi жоғары, талшығы жұқа, миоглобинi, дем алу ферментi, митохондрийлерi көп), аралық (белсендiлiгi орташа) түрлерге ажыратады.
Қаңқалық бұлшық ет ұлпасы жылдам, қуатты жиырылады, бiрақ тез шаршайды.
Бұлшық ет талшықтарының негiзгi жарғағын қоршап орналасқан дәнекер ұлпалар, оның эндомизийiн құрады. Эндомизий қан тамырларына, жүйкелерге бай болады. Эндомизий бұлшық ет талшықтар тобын жабатын перимизиймен қосылады. Бұлшық еттi қоршайтын дәнекер ұлпа эпимизий деп аталады.
Бұлшық ет талшықтарының ерекшелiгiн жуандығынан, перимизий мен эпимизий даму дәрежесi мен тығыздығынан байқайды. Мұндай өзгерiстер жылдам жетiлетiн малдар тұқымдарында, әсiресе, еттi түрлерiнде көрiнедi. Пiшiлген малдардың бұлшық ет талшықтарының өсуi бәсеңдеп, перимизий болбырлығы сақталады. Байлаудағы малдардың бұлшық ет талшығының диаметрi үлкейедi және перимизийiнде майы көп болады. Бұл ұлпа еркiн қозғалатын дененiң, бас, аяқ, жұтқаншақ, көмей, өңештiң жоғарғы бөлiмiн, тiл және шайнауға қатысатын ағзалардағы бұлшық еттiң жиырылуын қамтамасыз етедi.
Жүректiк бұлшық ет ұлпалар (textus muscularis striatus cardiacus) iшкерi мезодермадағы спланхнотоманың iшкi жапырақшасынан дамып, жүректің бұлшық ет қабығында (миокардта-myocardium), қолқаның, үстiңгi қуысты көктамырдың жоғары бөлiгiнде кездеседi. Бұл ұлпа бiр-бiрiмен бөлу дискi аймағында байланысып, тармақталып, ұштасқан талшықтар құратын жүрек миоцитi - 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет