Дәріс №6 Бұлшық ет ұлпалары



бет3/3
Дата14.09.2023
өлшемі20,03 Kb.
#181086
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
6 Дәріс
Транспорт и связь, Проектирование автомобильных дорог. Бабков В.Ф, Андреев О.В. 1987. 1 ч(1), акжан, тест центр, Межелік бақылау жұмысы, Кенес Диас ИС-102с
кардиомиоциттен (myocytus cardiacus) тұрады. Оның бiр, екi ядросы (ақшыл, жасушаның ортасында жатады), саркоплазмасы, сыртында негiзгi жарғақпен қоршалған сарколеммасы болады. Саркоплазмасында тұрақты, тұрақсыз қосындылар, миоглобин көп болады. Кардиомиоциттер қуатты фосфорлау тотығуынан және ферменттер ыдырауынан алып, қысқаратын, қозуды өткiзетiн (сарколеммадан қысқаратын аппаратқа), тiрек, қуат, секрет түзетiн, лизосомалық (жасуша iшiндегi қорытылу) аппараттар құрады.
Жүректiк бұлшық ет ұлпада кардиомиоциттiң - қысқаратын немесе жұмыс атқаратын, өткiзгiш және секрет бөлетiн (эндокриндi) түрлерi болады.
Қысқаратын кардиомиоциттер миокардтың негiзгi бөлiгiн құрады, жақсы дамыған қысқаратын аппаратымен сипатталады, саркоплазманың үлкен бөлiгiн алып жатады. Ондағы Т-түтiкше қаңқалықтағыдай емес, Z сызығы деңгейiнде өтедi. Сондықтан ол тек бiр саркоплазмалық тормен байланыста болады. Екі кардиомиоциттің ұштары қосылып, бөлу дискiн (discus intercalatus) құрады. Ол жарық микроскопта көлденең тiк немесе ирек алқап тәрiздi, электронды микроскоп оның күрделi құрылымын айқындап, әртүрлi жасуша аралық байланыс (десмосома, аралық, саңылау байланысы) кешенiнен түзiлгенiн көрсеттi.
Десмосома кардиомиоциттер ажырамау үшiн механикалық жалғасуды қамтамасыз етсе, аралық байланыс кардиомиоцит сарколеммасына жақын саркомердің жұқа актин жiбiн бекiтеді. Саңылау байланысы жасуша аралық ион өзекшесi болып келедi де, кардиомиоциттiң екiншiсiне қозудың ырғып кетуiне мүмкiндiк бередi. Бұл жүректiң өткiзгiш жүйесiмен бiрге көптеген кардиомиоциттердiң бiрмезгiлде қимылдауына жеткiзедi. Бөлу дискiнің қабығында ұзына бойы бөлiмiнде кардиомиоциттердiң иондық байланысын, жиырылу серпiнiн өткiзетiн көптеген саңылау жалғасулары байқалады. Кәрi iрi қара мал, жылқыларда бөлу дисклерi қалың болады.
Өткiзгiш кардиомиоциттер жүректiң өткiзгiш жүйесiн құрады. Онда реттелмеген аз миофибриллдер, көптеген гликоген, ұсақ митохондрийлер, iрi, Т-түтiкшесi және бөлу дискiсi жоқ жасушалар (Пуркинье) сақталады. Пуркинье жасушалары жүрекше, қарыншаның келiсiп соғуын, жүректiң жиырылып, созылуын, тыныштық кезеңi қайталануын қамтамасыз етедi.
Жүректiк бұлшық еттiң құрылысы әр жануарларда әртүрлi болады. Жылқыда ол бiр тұтас, таспа тәрiздi, бүйiр құрылғысы сирек орналасады, эндомизийi нашар дамыған, қанмен мол жабдықталған, миоцитi жiңiшке (10-21 мкм), бiрақ ұзын (110-130 мкм), жасуша ортасында миофибриллдерi көп орналасқандықтан, ұзын енсiз ядросы шетiне ығысқан және көлденең жолақтығы жақсы байқалады. Iрi қара мал талшығының миоциттерi қысқа, бiрақ кең, бүйiр құрылғысы жиi орналасқанымен, сарколеммаға жақын жатқан миофибриллдерi аз кездеседi. Шошқада жүректiк бұлшық ет торлы болып көрiнедi, талшықтары дөңгелек түстi, эндомизийi жақсы дамыған, қылтамырлары сирек кездеседi, миофибриллдерi аз, көлденең жолақтық нашар байқалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет