Бекітемін «Астана қаласы Мемлекттік мұрағаты» мм директоры Б. Баймағанбетова



Дата04.10.2020
өлшемі47 Kb.
#63921

БЕКІТЕМІН

«Астана қаласы Мемлекттік

мұрағаты» ММ директоры

___________Б. Баймағанбетова

«___» _________ 2017 ж.

Қазақстан Республикасы астанасының 20 жылдығына арналған

«Астана қаласы Мемлекттік мұрағаты» ММ өтетін

«Астана – бас қалам» қалалық байқау туралы

ЕРЕЖЕ

Байқаудың мақсаты: Астананың қалыптасуы мен даму тарихына жас ұрпақтың қызығушылығын арттыру, олардың патриоттық сезімін ояту.

Байқаудың міндеттері: Астананың тарихына оқушылардың назарын аудару, Қазақстан астанасының тарихына қатысты жаңа мұрағат құжаттарын табу; жастардың творчестволық ойлау қабілетін дамыту; Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының қорын тарихи құнды құжаттармен толықтыру және оларды сақтау.

Өткізу мерзімі: 2017 жылдың қаңтар-шілде айлары.

Байқау келесі бес номинация бойынша өтеді:

1. «Астана туралы үздік әңгіме» номинациясы

2. «Тұлғалар бейнесі» номинациясы

3. «Қаланың байырғы тұрғындарымен сұхбат» номинациясы

4. «Астананың нышанды ғимараттарына саяхат» номинациясы

5. «Жеке мұрағаттан» номинациясы



Номинацияларға түсініктеме:

1. « Астана туралы үздік әңгіме» номинациясы. Автордың немесе оның жанұясының жеке өміріндегі астананың ролі, оның қалаға бауыр басуы, Астанаға қоныс аударуына байланысты өзгерістер жайлы әңгімелеу. Материалды творчестволық бейнелеу және стилистикалық сауаттылық бағаланады. Көлемі – 2 беттен артық емес.

2. «Тұлғалар бейнесі» номинациясы. Астананың айтулы архитектуралық құрылыстарының бірі бейнеленген (байқауға қатысушының таңдауы бойынша) фотосуреттер қабылданады. Автор сапасы жақсы бір сурет ұсына алады. Жеке қағазда фотоқұжаттағы суретте көрсетілген адамның аты, тегі, әкесінің аты, мамандығы немесе қоғамдағы орны жайлы мәлімет болуы қажет.

3. «Қаланың байырғы тұрғындарымен сұхбат» номинациясы. Байырғы тұрғынмен бейнесұхбат; электронды форматтағы тұрғынмен жеке әңгіме түріндегі сұхбат; электронды «сұрақ-жауап» форматындағы сұхбат материалдары қабылданады.

4. «Астанаға саяхат» номинациясы - Астананың көрікті орындарын сипаттайтын фоторепортаж (бір нышан). Суреттерде бейнеленген орындардың қысқаша сипаттаулары сондай-ақ, олар туралы қызықты мәлімет болуы керек.

5. «Жеке мұрағаттан» номинациясы – қаланың құрметті азаматтары, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, тың игерушілер, жер аударылғандар, әр түрлі саланың өркендеуіне үлес қосып, өз еңбегін сіңіргендер туралы. Фотоқұжаттың жеке беттегі түсініктемесі (суретте көрсетілген оқиғаның атауы, уақыты мен болған жері, адамның қоғамдағы орны) болуы қажет.



Техникалық талаптар: материалдар тек қана электронды тасығыштарда қабылданады. Мәтіндегі шрифт - Times New Roman, өлшемі – 14.

Өткізу тәртібі:

1. Байқау қаланың жалпы білім беру мектептерінің оқушылары арасында өткізіледі. Жұмыстар электронды түрде astana.gorarhiv@mail.ru. адресіне қабылданады.

2. Байқауды құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің қызметкерлері дайындайды және өткізеді. Байқау қортындысы «Астана қаласы Мемлекттік мұрағаты» байқау комиссиясының қортынды отырысында шығарылады. Әр номинацияда ескерткіш сыйлықтармен және дипломдармен марапатталатын үш жеңімпаз анықталады, белсенді қатысушыларға сертификаттар және дипломдар беріледі.

3. Үздік жұмыстар орта білім саласының мамандары, ғалымдар, Астана

қаласы Мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері шақырылған көрмеге қойылады. Көрмеде жеңімпаздар марапатталады.

Негізгі шарт: «Астана – бас қалам» қалалық байқауына қабылданған барлық құжаттар мемлекет меншігіне өтеусіз беріледі.

Байқау комиссиясының өкілеттігі:

Байқау комиссиясы: байқау туралы Ереженің талаптарына сай емес талапкердің жұмысын қабылдамауы; кімнің болсада оған немесе басқаға қатысты өкілеттігін асыра пайдалану кезеңінде байқау қортындысын жоюы мүмкін.



Байқау комиссиясы:

-Барлық қатысушылар үшін бірдей жағдай жасайды;

-Байқаудың жария түрде өтуін қамтамасыз етеді.

-Байқау қортындысы бойынша көрме ұйымдастырады; байқауға құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімі ақпараттық қолдау көрсетеді.



Медиа-ресурстар:

«Астана – бас қалам» қалалық байқауына құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімі ақпараттық қолдау көрсетеді. Ақпарттық қолдау: байқаудың басталуы мен оның кезеңдерін қамту, байқау жұмыстарының мәнді де қызықтыларынан мақалалар жариялау, байқауды қортындылау түрінде көрсетіледі.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет