Дәріс №9 Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және мұғалімдерді аттестациялау Дәріс жоспары


Педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың ұжымдық формалары



бет3/11
Дата29.03.2023
өлшемі75,67 Kb.
#173289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
лек 10
1550723467263 (1), 1589916427, ҰБТ МЕКТЕБІ, 8-сынып. 2-тоқсан. 1-БЖБ. 1-нұсқа
Педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың ұжымдық формалары:
Мектептің педагогикалық кеңесі.
Мектептің әдістемелік кеңесі.
Мұғалімдердің әдістемелік пен бірлестіктері.
Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері.
Кіші шығармашылық топтар.
Психологиялық–педагогикалық семинарлар.
Практикумдар – семинарлар.
Ғылыми – практикалық конференциялар.
Педагогикалық оқулар.

Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан - жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін - өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу - тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу.

Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми - ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол – оқу - тәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.

Директордың ғылыми - әдiстемелiк жұмыстар жөнiндегi орынбасарының функционалдық мiндеттерi мектептегі инновациялық жұмыстармен, ғылыми теориялар негiзiмен, озат тәжрибелер мен жетекші идеялар, экспериментпен байланысты болғандықтан, оны жүзеге асыру барысында тек қана бiлiм берудің жаңалығы іске асып қана қоймайды, тағы бір дүниеге келіп практикада тексерiледi. Сонымен қатар нақты нәтиже беретін жаңа мазмұн, жоғары тиiмдi технологиялар айқындалады. Мұның бәрі директордың ғылыми жұмыстар жөнiндегi орынбасарының басқару және жетекшiлiк ету нысаны болып табылады.



Мектептегі мұғалімдермен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар
Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми - теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс - әрекеттері.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері:
1. Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.
2. Мұғалімдерді педагогикалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми - практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар - практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет