Дәріс №9 Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және мұғалімдерді аттестациялау Дәріс жоспары


Мектептегі әдістемелік бірлестік іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру



бет4/11
Дата29.03.2023
өлшемі75,67 Kb.
#173289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
лек 10
1550723467263 (1), 1589916427, ҰБТ МЕКТЕБІ, 8-сынып. 2-тоқсан. 1-БЖБ. 1-нұсқа

Мектептегі әдістемелік бірлестік іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру




І.Жоспарлау құрылымы (жылдық жоспар бөлімдері)


1.Кадрларға сипаттама.
2.Өткен оқу жылына талдау.
3.Әдістемелік бірлестіктің негізгі бағыттар бойынша мақсат-міндеттері.
4.Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
5.Оқушылардың білім-білік – дағдыларының сапасын арттыру.
6.Бастауыш сыныптардағы тәрбие жұмыстары.
7.Әдістемелік бірлестік отырыстары.


1.Кадрларға сипаттама.
2.Өткен оқу жылына талдау.
3.Әдістемелік бірлестіктің негізгі бағыттар бойынша мақсат-міндеттері.
4.Мұғалімдердің педагогикалықт шеберлігін жетілдіру.
5.Оқушылардың білім-білік-дағдыларының сапасын арттыру.
6.Бастауыш сыныптардағы тәрбие жұмыстары.
7.Әдістемелік бірлестік отырыстары.


Отырыстардың құрылымы
1. Негiзгi мәселе.
2.Бағдарламаның қиын тарауларын оқып-үйрену.
3.Мектепiшiлiк мәселелерді талқылау.
Жұмыс формалары
1.Өзара сабаққа ену және өзара дәптер тексеру.
2.Ашық сабақтар.
3.Тәжiрибелiк көрсете отырып, өз тәжiрибесiнен баяндама.

Бiрлестiк отырыстарында қаралатын мәселелер
1. Оқушылар бiлiмiндегi олқылықтардың алдын алу және жою жолдары.
2.Озат тәжiрибенi зерттеу тақырыптары
3. Оқу-тәрбие үрдiсiнде дидактикалық ойындарды пайдалану.
4. Әдістемелік бірлестік туралы нұсқаулар
Әдістемелік бірлестік – мектептегі әдістемелік қызметтің бір немесе бірнеше пән бойынша оқу-тәрбие, әдістеме, тәжірибе – эксперимент және сыныптан тыс жұмыстар жүргізетін құрылымдық бөлімшесі. Әдіс бірлестігі бір немесе сыбайлас бірнеше пәннен, құрамында кемі бес мұғалім болған жағдайда, сәйкесті орынбасарының ұсынысы бойынша, мектеп директорының бұйрығымен құрылады және таратылады. Пәндік әдіс бірлестігі тікелей оқу-тәрбие (не әдістемелік жұмыс) ісі меңгерушісіне бағынады.
Әдістемелік бірлестіктің негізгі міндеттері мен бағыттары
- Оқушылардың ақыл-ой, мәдени, адамгершілік мұқтаждықтарын қанағаттандыру;
- Бір немесе бірнеше пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістеме және эксперимент жұмыстарын жоғары кәсіби деңгейде дайындау және өткізу;
- Әр түрлі сабақтар мен іс-шараларды өткізу әдістемесін жетілдіру мен оларды оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
- Мұғалімдердің кәсіби педагогикалық біліктілігін көтеру;
- Педагогикалық эксперименттер жүргізу;
- Мектеп бітірушілермен кәсіптік бағдар жұмыстарын ұйымдастыру;

Әдістемелік бірлестікті тәжірибелі мұғалімдердің ішінен бірлестік мүшелерімен келісе отырып, мектеп директоры тағайындаған адам басқарады. Әдістемелік бірлестік жұмысы бірлестік жетекшісі мектептің жылдық жоспарына сәйкес жасаған жоспарға сай жүргізіледі. Жоспар әдістемелік жұмыстар меңгерушісімен келісіледі, мектеп директорына бекітіледі.


Әдістемелік бірлестік отырыстары тоқсанына кем дегенде бір рет өткізіледі. Өтетін орны мен уақыты мектеп әкімшілігіне алдын ала хабарлануы тиіс. Қаралған әр мәселе бойынша жазбаша нұсқаулар жасалып, орындалу барысы қадағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет