Дәріс №9 Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және мұғалімдерді аттестациялау Дәріс жоспары


Кез келген әдiстемелiк бiрлестiктiң жұмыс жоспары төмендегідей бөлімдерден тұрады



бет7/11
Дата29.03.2023
өлшемі75,67 Kb.
#173289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
лек 10
1550723467263 (1), 1589916427, ҰБТ МЕКТЕБІ, 8-сынып. 2-тоқсан. 1-БЖБ. 1-нұсқа
Кез келген әдiстемелiк бiрлестiктiң жұмыс жоспары төмендегідей бөлімдерден тұрады:
- Әдiстемелiк бiрлестiктiң әдiстемелiк тақырыбы.
- Жаңа оқу жылындағы бiрлестiк алдындағы мақсат-мiндеттер.
- Облыстық, аудандық, мектепiшiлiк іс-шаралар.
- Әдiстемелiк бiрлестiктiң оқу-тәрбиелiк жұмыстары.
- Бiрлестiктегi әдiстемелiк жұмыстар.
- Әдiстемелiк қызметті оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету.

Әдістемелік бірлестік - бұл мектепте мұғалімдердің кәсіби біліктілігін шыңдаудың кеңінен таралған формасы. Әдістемелік бірлестік жұмысы әрбір мұғалімнің мектептегі оқу бағдарламаларының мазмұнын, идеяларын және негізгі талаптарын шығармашылықпен игеруіне бағытталған.


Әдістемелік бірлестіктің негізгі нысаналарының бірі - мұғалімдердің тиімді, белсенді оқу және тәрбие құралдарын әдістері мен тәсілдерін және сабақтың нақты міндеттеріне, оқу материалының мазмұнына және іс- әрекет шарттарына байланысты меңгеруі.
Соңғы жылдары біздің мектепте қалыптасқан әдістемелік жұмыстың формалары да санаулы бола түсті: әдістемелік бірлестіктер, сабақты жетілдіру жөніндегі пәндік семинарлар, тәлімгерлік, сабақтан тыс шаралар, әдістемелік апталықтар. Аталған формадағы әдістемелік жұмыстар жүйелі жоспарланған кезде ғана өз нәтижесіне жетері сөзсіз.
Ендеше бүгін педагог кадрлармен жүргізілетін мектептегі әдістемелік бірлестік іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру түрлеріне тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз.
«Білім беру ұйымының нормативтік құжаттар» бөлімі берілген үлгілері бойынша мектептегі әдістемелік бірлестіктер жұмысының нормативтік базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді және онда мынадай құжаттар бар:

  1. Өткен оқу жылына сараптама

  2. Әдістемелік кеңестің және әдістемелік бірлестіктің негізгі бағыттар бойынша мақсат-міндеттері.

  3. Кадрларға сипаттама

а) бірлестік құрамындағы мұғалімдер туралы толық мәлімет
ә) бірлестік құрамындағы мұғалімдердің өзекті мәселесі, қолданылатын технологиялары
б) мұғалімдердің білім жетілдіру курстарынан өту кестесі
в) аттестациядан өтетін мұғалімдер туралы мәлімет
г) бірлестік мұғалімдерінің әдістемелік тақырыптары

  1. Әдістемелік бірлестік отырысының жоспары

  2. Пән бойынша бірлестік отырыстарының хаттамалары

  3. Ашық сабақтар кестесі

  4. Сыныптан тыс іс-шараларының кестесі

  5. Апталықтар, онкүндіктер кестесі

  6. Мұғалімдердің мектепішілік іс-шараларға қатысуы

  7. Өткен оқу жылындағы мұғалімдердің мектепішілік іс-шараларға қатысуы және жетістіктері

  8. Жас ұстаздармен жүргізілетін жұмыс жоспары.

Әдістемелік бірлестіктің негізгі міндеттері мен бағыттары:
- Оқушылардың ақыл-ой, мәдени, адамгершілік мұқтаждықтарын қанағаттандыру;
- Бір немесе бірнеше пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістеме және эксперимент жұмыстарын жоғары кәсіби деңгейде дайындау және өткізу;
- Әр түрлі сабақтар мен іс-шараларды өткізу әдістемесін жетілдіру мен оларды оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
- Мұғалімдердің кәсіби педагогикалық біліктілігін көтеру;
- Педагогикалық эксперименттер жүргізу;
- Мектеп бітірушілермен кәсіптік бағдар жұмыстарын ұйымдастыру;
Әдістемелік бірлестік отырыстары тоқсанына кем дегенде бір рет өткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет