Дәріс есептеуіш желілердің ҚҰрылымы мен оларға жалпы шолу негізгі анықтамалар мен терминдер


тақырып. Қатынастық хаттамалардың стектері



бет17/20
Дата02.11.2022
өлшемі258,5 Kb.
#156192
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Д ріс есептеуіш желілерді рылымы мен олар а жалпы шолу негізг
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
10 тақырып. Қатынастық хаттамалардың стектері.
Желі түйіндерінің әсерлесу мәселесін шешетін хаттамалардың иерархиялық ұйымдастырылған бірлестігі қатынастық хаттамалардың стегі деп аталады.
Бір түйінде орналасқан көрші деңгейлердің хаттамалары бір бірімен нақты белгіленген ережелерге сәйкес және хабарламалардың стандартты пішімдері көмегімен әсерлеседі. Бұл ережелерді интерфейс деп атау қалыптасқан. Интерфейс төменгі деңгей жоғарғы деңгейге ұсынатын қызметтер жиынтығын анықтайды.
ДӘРІС 8. ХАТТАМАЛАРДЫҢ СТЕКТЕРІ МЕН СТАНДАРТТАРЫ.


Стандарттардың специафикациясы.
Institute of Electrical and Electronics Engineers IEEE802 спецификацияларын желінің физикалық құрамдастары үшін стандарттарды белгілейді. Бұл құрамдастар – желілік карта (Network Interface Card – NIC) және желілік тасушы (network media), олар OSI моделінің физикалық және арналық деңгейлеріне жатады. ІЕЕЕ802 спецификациялары адаптердің байланыс арнасына қатынауын және деректердің берілу механизмін анықтайды. ІЕЕЕ802 стандарттары арналық деңгейді төмендегідей деңгейастыларға бөледі:
- Logical Link Control (LLC) – логикалық байланысты басқару деңгейасты;
- Media Access Control (MAC) – құралдарға қатынауды басқаратын деңгейасты.
ІЕЕЕ802 специафикациялары 12 стандартқа бөлінеді:


802.1
802.1 стандарты (Internetworking – желілерді біріктіру) МАС-деңгейде желіні басқару механизмдерін береді. 802.1 бөлімінде жергілікті желілерге қойылатын жалпы талаптар мен сипаттамалар, негізгі түсініктер мен анықтамалар беріледі, сондай-ақ логикалық адрестері олардың физикалық адрестеріне және керісінше түрленуіне тиісті арналық деңгейде маршрутизация жолы беріледі.


802.2
802.2 стандарты (Logical Link Control – логикалық байланысты басқару) LLC деңгейастының қызметін OSI моделінің арналық деңгейінде анықтайды. LLC ортаға қатынау әдістері мен желілік деңгейлер арасында интерфейсті қамтамасыз етеді.
802.3
802.3 стандарты (Ethernet Carrier Sense Multiple Access with Collision Detection – CSMA/CD LANs Ethernet - Ethernet желілеріне тасушыны тексеріп және қақтығыстарды табумен бірге көптеп қатынау) тасушыны көрсетіп және қақтығыстарды табуы бар коллективті қатынауы және шиналық топологиясын қолданатын желілер үшін физикалық деңгей мен МАС деңгейастын сипаттайды. Бұл әдіске ұқсас әдіс Ethernet стандартының қатынау әдісі (10BaseT, 10Base2, 10Base5). CSMA/CD 802.3 әдісінде сондай-ақ Fast Ethernet (100BaseTx, 100BaseFx, 100BaseFl) технологиясы бар.
100Base-Tx – екіқосты шырмалған жұп. MLT-3 әдісін 4В/5В кодты 5-биттік бөліктік сигналдарды шырмалған жұп бойынша беруге қолданады, сондай-ақ порттың жұмыс режімін таңдауға арналған автотілдесу (Auto-negotiation) қызметі де бар.
100Base-T4 – төртқосты шырмалған жұп. Бұл әдісте 4В/5В кодтаудың орнына 8В/6Т кодтау қолданылады.
100BaseFx – көпмодты оптоталшық. Бұл спецификация Fast Ethernet хаттамасын кодтаудың жақсы тексерілген сызбанұсқасы мен FDDI стандартында бірнеше жылдар бойы қолданылып келе жатқан оптикалық сигналдарды беру негізінде, жартылайдуплексті және толықдуплексті режімдерде көпмодты оптоталшық бойынша жұмысын анықтайды. FDDI стандартындағыдай, әрбір түйін желімен (Rx) қабылдаушыдан және (Tx) бергіштен шыққан екі оптикалық талшық арқылы бірігеді.
Қатынаудың бұл әдісі жалпы шиналы желілерде қолданылады (оларға осы әдісті шығарған радиожелілер жатады). Бұл желінің барлық компьютерлері жаопы шинаға қатынай алады, сондықтан желінің кез келген екі түйіні арасында деректерді беру үшін қолданылады. Қосылу сызбанұсқасының қарапайымдылығы
Ethernet стандартының сәттілігін анықтаған факторлардың бірі. Барлық станциялар қосылған кабель коллективтік қатынау (multiply access – MA) режімінде жұмыс істейді деседі.
CSDA/CD қатынау әдісі желідегі барлық станциялардың дұрыс жұмыс істеуін кепілдейтін негізгі уақытша және логикалық сәйкестіктерді анықтайды.
Желі бойынша берілетін деректер нақты құрылымның кадрларына енгізіліп тағайындалу станциясының бірегей адресімен жабдықталады. Сосын кадр кабель бойынша беріледі. Кабельге қосылған барлыұқ станциялар кадрдың берілуін тани алады, ал кадрдің басындағы өзінің адресін таныған станция оның мазмұнын өзінің ішкі буферіне жазып алады да, алынған деректерді өңдеп, кабель арқылы кадр-жауапты береді. Бастапқы шығу көзі-станцияның адресі бастапқы кадрға енгізілген, сондықтан алушы станция жауапты кімге қайтару керектігін біледі.


802.4
802.4 стандарты (Token Bus LAN - Token Bus жергілікті желілері) маркерді берумен қатар шинаға қатынау әдісін анықтайды, оның бір мысалы ArcNet.
ArcNet-ке құралдарды қосқанда «шина» немесе «жұлдыз» топологиясын қолданады. ArcNet адаптерлері Token Bus (маркерлік шина) қатынау әдісін қолдайды және 2,5 Мбит/с өнімділікті қамтамасыз етеді. Бұл әдіс келесі ережелерді ұстанады:

    • желіге қосылған барлық құрылғылар беріліске (маркер) рұқсат алған соң ғана деректерді бере алады;

    • уақыттың кез келген сәтінде желідегі бір ғана станция мұндай құқыққа ие;

    • бір станциямен берілген кадр желідегі қалған барлық станциялармен бір мезгілде сарапталады.

ArcNet желілерінде деректерді берудің асинхронды әдісі қолданылады (Ethernet және Token Ring желілерінде синхронды әдіс қолданылады), яғни ArcNet-тегі әрбір байттың берілуі ISU-мен (Information Symbol Unit- ақпаратты беру бірлігі) орындалады, ол үш қызметтік старт/тоқта биттер және деректердің сегіз битінен құралған.
802.5
802.5 стандарты (Тоken Ring LAN - Тоken Ring жергілікті желілері) маркерді берумен қатар сақинаға қатынау әдісін сипаттайды, ұқсас үлгісі - Тоken Ring.
Тоken Ring стандартының желілері Ethernet желілері сияқты деректерді берудің бөлінген ортасын қолданады, олар желінің барлық станцияларын сақинаға жинайтын кабельдің кесінділерінен құралған. Сақина жалпы бөлінетін қор есебінде қарастырылады және оған қатынау үшін Ethernet желілеріндегідей кездейсоқ алгоритмді емес ережеге сәйкес сақинаны қолдануға құқықтарын беретін станцияларға негізделген детерминацияланған алгоритмді қолданады. Сақинаны қолдану құқығы маркер немесе токен деп аталатын арнайы пішінді кадрдың көмегімен беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет