Дәріс жер кадастрының теориялық негіздері


ҚР жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата19.09.2022
өлшемі161 Kb.
#149905
1   2   3
Байланысты:
Дәріс 1
1 тақырып палеолит,мезолит, неолит
1.2 ҚР жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы 

Кадастр мәліметтері, бірінші кезекте жерді тіркеу мәліметтері, 


мемлекетпен тек қана жер қорын басқаруды әрі қарай дамыту мүддесінде 
емес, сонымен қатар жерге ресми мемлекеттік мешікті жүзеге асыру, қорғау 
мақсатында, сондай ақ, жер пайдаланушылар, иеленушілердің құқықтарын 
қорғауда қолданады. 
Қазақстандағы жер кадастрының мақсаттары мен арналуы оның 
міндеттерін және мазмунұн анықтайды. Кадастр жүйесінің бірлігі, өз 
кезегінде қолданатын әдістемелердің бірдейлігін және барлық денгейде 
сәкесті тәртіпте жүргізуін, жеке әр жер учакесінен бастап, жалпы 
мемлекеттік дәрежеде болғанын кажет етеді. Мемлекетке есеп алудың 
бірынғай жүйесін ұйымдастыру мемлекеттік жоғарғы басқару органдарының 
міндеті. Сол органдар жер кадастрының мазмуұнын және жүргізу тәртібін 
белгілейді. Мемлекет жер кадастрының арналуын, міндеттерін, мазмұнын, 
қурамдық бөліктерін және оны жүргізудің тәртібін анықтайды. Ол жер 
кадастрлік мәліметтердің, қужаттыңмазмұнын, кадастрлық есептің рәсімін
кадастрына жүргізілетін бақылау және кадастрлық жұмыстарды орындауды, 
ұйымдастыруды белгілейді. 
Жер кадастрдың мазмұны және оны жүргізудің белгіленген тәртібі 
еліміздің барлық аймақтарына міндетті. Мемлекеттік жер кадастрдың 
объектісі Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік жер қоры болып 
саналады. Мемлекеттік жер кадастры осы қордың толық саны және сапалық 
сипаттамасын беруге және жерлердіңтабігі, шаруашылық, құқықтық жағдайы 


туралы дұрыс мәліметтер жиынтығынан тұруға тиісті.
Кадастр мәліметтері топографиялық-геодезиялық, аэроөғарыштық, 
картографиялық, жерді үйлестіру, инвентаризациялық, топырақтық, 
геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын 
жүргізу арқылы қалыптасады. Кадастр мәліметтерін есепке алу, сақтау бірлігі 
белгіленген тәртіппен жер құқығы қатнастары субъектілеріне бекітіліп 
берілген, тұйық шекарада бөлінген жер учакесі болып табылады. 
Кадастрде әр жер учаскесінің физикалық сипаттамасы келтіріледі. Олар 
учаскені кеністікте бөліп көрсетеді: оның орнын, мөлшерін анықтауға, 
сондай-ақ жерді құндық бағалауға мүмкіндік береді. Жер учаскелер туралы 
мәліметтер жер кадастрлық картада көрсетіліді: оның кадастрлық нөмірі, 
орны, шекарасы, жазулары белгіленеді. Мәліметтер тиісті әкімшілік аудан 
денегейінде жинақталады. Онда учаскенің кадастрлық нөмірі, жеке немесе 
заңды тұлғаның /жер учаскенің құқықтық субъектісі/ аты, атқарушы 
органдардың хаттамалары, орны, мөлшері, бағалық құны, нысаналы арналуы, 
бөліну, бөлінбеуі, сервитут, пайдалану жөнінде шектеу туралы мәліметтер 
көрсетіліп сақталады. Бұл мәліметтер меншік түрлері, жер санаттары, 
аудандар, облыстар, қалалар, республика бойынша жүйелендіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет