Дәріс Жоғары кәсіптік білім берудің заңдамалық негіздері Дәрістің мақсаты



бет9/15
Дата12.12.2023
өлшемі149,5 Kb.
#196481
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Введение пед.лекция
педагогикалық мамандыққа кіріспе Оқу құралы, құzirettilik-turaly, Пробное задание Химия
технологиялық компонент

  • кәсіби іс-әрекеттің технологиясы. Кәсіби іс-әрекеттің түтас

жүйеде жүзеге асуы.

  1. Жеке шығармашылық компонент

  • маманның психологиялық саланы меңгеруі. Бұнда тұлғаның

кәсіби түрде ойлау қабілеттілігімен анықталады: жоғары белсенділік, жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілет, өзінің мінез құлқын бағалау. Сондай ақ болашақ маманның шығармашылық ерекшелігі айқындалады.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
Ахметова Г.К. Біліктілік бастауы немесе педагогикалық жолдары оқу орындарында бірінші курс студенттерінің өздігінен жұмыс істеуін ұйымдастыру мәселесі // Қазақстан мектебі, 1998, №1, Б. 31
4. Айтмамбетова Б.Р. Педагогтық институтта студенттердің мұғалімдік мамандыққа қызығуын қалыптастыру. пед.ғыл.канд.дис.автореф., Алматы, 1970, Б.26
Қосымша:
1. Амантурмин Ш. Мұғалім және оқу тәрбие жұмысы (әдістемелік нұсқау), Алматы, 1978, Б. 73


5 дәріс Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен даярлығы. Студенттің оқу еңбегінің мәдениеті
Білім, білік, қабілеттілігінің бірлігі негізінде – шеберлік – кәсібиліктің жоғары дәрежесі пайда болды. Педагогиалық іс-әрекеттің шебері болу – оқу мен тәрбиенің заңдылықтарын терең түсіну, оларды практикада пайдалана алу, тәрбиеленуші тұлғасының дамуындағы нәтижелерді сезіне білу.
Кез-келген субъектінің кәсібилігінің қалыптасу нәтижесі – оның кәсіби шеберлігінде. Шеберлік – қандай да бір саладағы жоғары өнер түрі ретінде айқындалады, ал, шебер – бұл өз ісінде жоғары өнерге жеткен маман.
Кәсіби шеберлік кәсіби іс-әрекеттен көрінеді және ең алдымен, кәсіби мақсаттылық, жеке шығармашылықпен, құралдар таңдаудағы оңтайлықпен сипатталады.
Әрбір мамандықтың өзіне тән сапалық ерекшеліктерін көрсетуде, сол мамандыққа тән белгілерді жүйелеудің, яғни, кәсіптік құрылымын – профессиограммасын жасаудың жетекші орны бар.
Профессиограмма - маңызды құжат. Олардың талаптарында кәсіби дайындық пен қайта дайындаудың барлық кезеңдері ойластырылады.
«Біліктілік» сөзі нормативтік мәнде, айталық, «жұмыс жоғары біліктілікті» (педагогикалық, пилотажды т.б.) талап етеді дейтін мәнде, сондай-ақ «бұл адам – жоғары біліктілік иесі» дегендей, нақты адам сипаттамасы мәнінде де қолданылады. Алғашқы жайтқа байланысты біліктілік қызметкерге қойылатын кәсіби іс-әрекетінің сандық және сапалық талаптарын (мысалы, бірінші, екінші, үшінші санаттағы қызметкер нені білу қажет) белгілейді.
Мұғалімнің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультеттерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Біліктілік көтеру немесе педагогикалық жоғары оқу орындары базасында мұғалімдердің алған арнайы білімдерді практикалық тұрғыдан қоырытылып, мектепте сыннан өткізуді қажет ететіндігі аңғарылады. Бұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жетпес көмек бола алады.
Мұғалімнің кәсіптік даярлығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітіруімен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге, мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы, оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.
Әрбір мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі ой еңбегінің техникасын білу, ақыл-ой әркетінің дербес ерекшеліктерін ескеру негізінде құрылады. Мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі оның бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, дербес жұмыс жоспар түзіп, оны іске асрыа алуына тікелей байланысты.
Мектептің педагог қызметкерлерін аттестациялау бұрынғы Кеңес Одағында 1972 жылы енгізілді. Алғашқы аттестациядан кейінгі кезеңде аттестациялау туралы құжаттар білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сай бірнеше рет өзгертіліп толықтырылды.
Аттестацияның негізгі мақсаты педагог қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Ынталандырудың негізгі құралы ретінде мұғалім еңбегіне ақы төлеуді жіктеу болмақ. Ал, аттестация өткізудің негізгі принциптері еріктілік, алқалық оның объективті, әділ өтуін қамтамасыз етеді. Бұл принциптер аттестациялық комиссия жасақтауда қатаң сақталады.
Қазіргі ереже бойынша үш түрлі комиссия құрылады. Бас аттестациялық комиссия республикалық, облыстық деңгейде, ал аудандық, қалалық комиссия тиісті білім мекемелерінің деңгейінде құрылады. Ал, білім беру мекемесінің аттестациялық комиссиясын құру педагогикалық кеңестің құзырында болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет