Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде


Жергілікті өкілдікті орган (маслихат)



бет83/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
дәріс 2
Бөлшек ұғымымен таныстыру, Бөлшек ұғымымен таныстыру, билет каз, даму, Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқыту әдістемесі емтихан с 2022-2023
Жергілікті өкілдікті орган (маслихат)облыстың, ауданның, қалалардың халқы сайлайтын олардың еріктерін бітіретін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және мемлекеттік мүдделерді ескере отырып , оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейтін , олардың жүзеге асыруын бақылайтын қалаулы орган.
Әкімшіліктер мен маслихаттар өз өкілеттіктерін атқару барысында:
- жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі, қаржылық және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдауына жол бермеуге;
- ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында Қазақстан Республикасының мүддесін сақтауға;
- қоғамдық маңызы бар қызметтердің саласында жалпымемлекеттік қалыптарды ұстануға;
- азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз
етуге міндетті.
Аталған заңның 2 тарауында маслихаттардың қызметтерін ұйымдастыру олардың құрылу тәртібі және өкілеттіктерді туралы айтылған.
Маслихаттардың тиісті әкімшілік – аумақтық құрылымдардың экономикалық және әлеуметтік дамуы бағдарламасының жоспорын жергілікті бюджетті және басқа құрылымдарды ұстаудың смета шығындарын бекітеді.
Аталған мәселелер маслихаттың негізгі өкілеттіктері болып табылады.
Сол сияқты маслихаттар, Заңның 6 бабында көрсетілгендей қоғамдық – саяси маңызы бар басқа да мәселелерді шешеді.
Маслихаттардың өзі өкілеттіктерінің шеңберінде қабылданған актілері шешім деп аталады.
Маслихаттың қызметінің негізгі түрі сессия болып табылады.
Маслихат өзінің өкілеттігін осы сессиялардың отырыстарында тұрақты комиссиялардың, сондай – ақ сессияның төрағасы мен маслихат хатшысының араласуымен жүзеге асырады.
Маслихатқа сайланған дапутаттардың үштен екі бөлігі қатысқан жағдайдан ғана сессияның өкілеттілігі заңды деп саналады.
Аталған Заңның 10, 11 баптарында маслихаттың сессиясын ұйымдастыру мен өткізудің тәртіптері белгіленген.
Өкілеттігін іске асыру үшін маслихат өзі сайланған мерзімде тұрақты комиссиялар құрайды. Тұрақты комиссиялардың саны 7 – ден аспуы тиіс.
Сол сияқты жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау мақсатында маслихат өзі сайланған мерзімге тексеру комиссиясын құрайды.
Маслихаттың өкілетті шеңберінде сессияда қаралуы мүмкін кейбір мәселелерді дайындау үшін уақытша комиссияларда құрылуы мүмкін.
Сессияның жұмысын депутаттардың қатарынан сайланған төраға басқарады.
Маслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады және ол депутаттардың қатарынан ашық немесе жасырын дауыс беру жолымен сайланады.
Маслихаттардың құрылымында негізгі тұлға депутаттар болып табылады.
Маслихат депутаттары жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, өз сайланған әкімшілік – аумақ тұрғындарының еркін білдіреді.
Жергілікті мемлекеттік басқару құрылымында депутаттар институтының қарастырылуы жалпы демократиялық жалпы демократиялық принциптердің жүзеге асыруы ретінде бағалануы тиіс яғни мемлекетті басқару ісіне халықтың өкілдерін тарту, олардың мүдделері мен еріктерін білдіретін және қорғайтын уәкілетті қалыптастыру болып табылады.
Аталған Заңның 24 – бабына сәйкес, депутаттардың үштен екі бөлігі қолдаған жағдайда, мәслихат әкімге сенімсіздік білдіріп, Республика Президенті немесе жоғары тұрған әкімнің алдында оны қызметінен босату туралы мәселе қоюға құқықты.
Осы мәселені қорғауға мәслихатқа әкім ұсынған жоспарлардың, аумақтық экономикалық әлеуметтік даму бағдарламасының жергілікті бюджеттің екі рет қатарынан бекімеуі негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет