Дәріс Кіріспе. Геоэкология және табиғатты қорғау пәні. Геоэкология түсінігі. Негізгі сұрақтары



бет17/21
Дата21.09.2023
өлшемі456,44 Kb.
#181886
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Түсінігі. Негізгі сұрақтары-emirsaba.org
365075, Перечень документов для онлайн мобильности (1), 1m65cmzl3h91gt9b0xepvdoya4drpzx1ld4occ89e59a2l, Test ICT ко
Өзін – өзі тексеру сұрақтары: 
1. Қазақстан жануарларының таралу заңдылығы 
2. Қазақстан жануарларының алуан түрлілігі
3. Қазақстан жануарлар классификациясы 
4. Қызыл Кітапқа енген жануарлар түрлері және оларға сипаттама





Дәріс 11. Ерекше қорғалатын аймақтары. 

Негізгі сұрақтары:
1. Қатаң түрде қорғалатын табиғи - ғылыми резерваттар 
2. Ұлттық парктер оның
3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары 
4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар
5. Қорғалатын ландшафтылар 
6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар
7. Антропогендік резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған 
нысандарды қорғау)
8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта 
пайдаланатын аумақтар
9. Биосфералық резерваттар
10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар
Ерекше қорғалатын табиғи территориялар (ЕҚТТ) дегеніміз – белгілі бір 

аймаққа тән табиғи кешенді халық игілігіне жарату мақсатымен мемлекет


тарапынан қорғалатын, ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық мәні бар 
табиғат нысандары. Қазіргі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамыған
кезеңде түрлі шаруашылық әрекетін болжау үшін табиғатты эволюциялық 
және биологиялық заңдарды білу керек. Бұнда ерекше қорғалатын табиғи
территориялық ұйымдардың маңызы зор . 
Қазақстан
Республикасының
«Ерекше
қорғалатын
табиғи
территориялар туралы» Заңына (1997 жыл) сәйкес мақсаттарына, қорғау 
режимдеріне және пайдалану ерекшеліктеріне қарай ЕҚТТ келесідей
түрлерге бөлінеді: мемлекеттік табиғи қорықтар, табиғи қорықшалар, ұлттық 
табиғи парктер, табиғи парктер, табиғи ескерткіштер, дендрологиялық
парктер және басқалар. ЕҚТТ нысандардың құндылығына қарай жергілікті 
және республикалық маңызы бар деп бөлінеді. Қазіргі күні Қазақстанда
республикалық деңгейде 10 мемлекеттік табиғи қорық, 57 қорықша, 10 
ұлттық табиғи парк, 26 табиғи ескерткіштер, 7 мемлекеттік ботаникалық бақ,
3 мемлекеттік зоологиялық парк бар. 
Ал, енді ЕҚТТ-ның негізгі түсініктеріне тоқталайық.
Қорық – аумағында барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа
пайдаланудан алынған және өкімет қорғауында болатын жер немесе су 
кеңістігі, сондай-ақ типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді
бүкіл компоненттер жиынтығымен қоса сол қалпында сақтауға арналған, 
арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қорықтың негізгі міндеті–табиғат кешенін (этолондық табиғи экожүйелерді), 
осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру,
табиғи құрылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыда кеңінен 
зерттеу. Қорық аумағын шаруашылық мақсатта пайдалануға болмайды.
Қорық–қорғалатын аумақ ғана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау 
жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы



хайуанаттарға санақ жүргізу әдістері, оларға әсер ететін факторлар


анықталып, саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен
өсімдіктердің түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықта
табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қорықтарда ғылыми 
зерттеу жұмыстары жылдар бойы жүргізіледі. Табиғаттың қорғалатын бұл
аймағы – ауа райы, топырағы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі арасында 
бірнеше жылдар бойы қалыптасқан биологиялық байланыстарды
сақтайды/3/. Қорықтар–табиғат эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жайқалған 
шабындық, аң-құс, айдын көлдер мүмкіндігінше сол бұрынғы әсем
қалпында сақталуы тиіс. Біздің елімізде қорықтарды ұйымдастыру ісінің 
негізі өзінің арнасын 1921 жылы 16қыркүйекте В.И.Ленин қол қойған
«Ескерткіштерді, бау–бақшаны және парктерді қорғау» туралы деректен
алды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 10 мемлекеттік қорық бар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет