Дәріс Кіріспе. Тарихи –өлкетану пәні, міндеттері, мақсаты мен негізгі ұстанымдары. Дәріс мақсаты



бет3/17
Дата08.11.2023
өлшемі107,1 Kb.
#190187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
лекция
Ежелгі Египет, соөж3 балалар әдебиеті, 9-ожсб, кері, Реферат Катар ONJ, ҚАМИЕВА Г.Б.-ОҒТ-ОҚУ ҚҰРАЛЫ-2019, Ш. Есенов атындағы Каспий сұраныс хат, срО Д, 8кл
2 дәріс Тарихи өлкетану - дереккөздерінің түрлері
Дәріс мақсаты: Тарихи өлкетану дереккөздері туралы түсінік қалыптастыру, олардың түрлерімен танысу.
Негізгі түсініктер: тарихи өлкетану, дереккөздер, деректер, археология, этнография, демография, топонимика, ономастика.
Негізгі мәселелер:
1. Жазбаша дереккөздің, ауызекі халық шығармашылығының және басқа да дереккөздердің тарихи өлкетанудағы рөлі.
2. Орта ғасыр және кейінгі ғасырлардағы Қазақстанның тарихи өлкетану деректері.
3. Тарихи өлкетанудағы археологиялық деректер.
4. Этнографиялық дереккөздер және оларды туған өлкенің тарихын зерттеу үдерісінде қолдану.
5. Тарихи өлкетанудағы демографиялық деректер.
6. Топонимика – тарихи өлкетанудың дереккөзі.

Тарихи дерек ұғымы адамдардың іс-әрекетімен байланысы бар және адамзат қоғамының тарихын көрсететін өткен заманның барлық қалдықтары мағынасында түсіндіріледі. Ескерткіштер мен адам әрекетінің іздері бүгінгі таңға дейін: заттай-археологиялық (еңбек құралдары мен қарудың тұрмыстық заттардың архитектуралық құрылыстардың қалдықтары), лингивистикалық (тіл), этнографиялық (дәстүрлер әдет-ғұрыптар), ауызша (фольклор) т.б. деректер түрінде жетті.


Жазудың пайда болуымен және дамуымен байланысты жазба деректер дүниеге келді. Өткен заманның жазба ескерткіштерін жинау, сипаттау және басып шығару өте маңызды саналады. Қолжазбаларда: қолжазба атауы (авторлық шығармаларда автордың аты), нақтылық мүмкіндігіне сай колжазба мерзімі (жыл, жылдар, ғасыр, жарты ғасыр) және бағалы қағаздарға салынатын ерекше белгілер (филигрань), сақталу орны (кітапхана, мұрағат, музей т.б.), шифр, өлшемі, бет саны, олардың сақталу сапасы, хат материалы (пергамент, қағаз), хат типі (устав, жартылай устав, шапшаң жазба) сияқты мәліметтер келтірілген.
Кейде бұлардың қырылып кеткен немесе жуылып кеткен мәтіні ерекше болып келеді. Түптеу кезінде оның шамамен қашан жасалғаны (ежелгі, кейінгі), материалы мен дайындалуы көрсетіледі. Оның маиниатюраларының (саны), кітап басындағы өрнектерінің, стилдік ерекшелігіне сай инициалдарының болуы ескеріледі. Республикамыздың өлкетануына қатысты таяу және алыс шетелдердің территорияларындағы ежелгі және орта ғасырдағы жазбаларды іздестіру тарихи ғылым үшін өзекті мәселе болып тұр. Негізгі дерек ретінде «өлкенің библиографиясы», «баспа деректері», «статистикалық мәліметтер», «тарихи ескерткіштер» және т.б. табылады.
Деректер әртүрлі материалдық, жазба, ауызша болып келгендіктен, өлкетанушының алдына: міндеті: 1. Не іздеу керек; 2. Қалай іздеу керек; 3. Қалай қағазға түсіру керек сияқты міндеттер қойылады.
Өлкетану жұмыс ұйымдастыру мәселесі бойынша мемлекеттік, қоғамдық және мектептік болып бөлінеді. Өлкетанудың негізін қажеттілік және білуге құштарлық болып табылады. Өлкетану негізі тарихи зерттеумен байланысты. Өлкетанудың бастаулары халықтық өлкетануға қатысты қалыптасқан. Олар өлкенің білгірлері жатады. Мысалы, өлкенің алғашқы деректері ауызша тарихи деректермен тікелей байланысты келеді.
Археология сияқты белгілі бір ғылыми принциптерге негізделген тарихи өлкетану бойынша негізгі тақырыптық мәселелерді білуі, сондай-ақ, жоғары оқу орнында оқытылатын тарих курсы мен туған өлкені зерттеп-тану барысында алған білімдері мен дағдылары арасындағы байланыстарды бақылап, айқындай алуы қажет. Сол сияқты, өлкенің тарих және мәдени ескерткіштерін өз бетімен ғылыми зерттеу тұрғысынан тану жұмыстары дағдыларын, гегорафиялық ортадағы орындарын белгілей білу, ауданның белгілі бір бөлігін қоныстану тарихын, сол ауданның топонимикасы туралы түсініктерді меңгеру, жекелеген аудан немесе облысқа сипат дарытатын ерекшеліктерді ажыратып, айқындау әдістемесін меңгеріп, практикалық жұмыс барысында қолдана білу - өлкетану бойынша білімді құрайды.
Тарихи өлкетанудағы этнографиялық деректер мен материалдар, Қазақстандағы өлкетанулық жұмыстар, музейлер, мұрағаттар мен ескерткіштерді қорғау қоғамының атқаратын рөлдері, қазіргі кездегі тарихи өлкетану өзгешілігін қарастырады. Қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасы болып табылатын тарихи ескерткіштер, салт-дәстүр мен әдет-ғұрып тарихы оқытылады.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы таңғажайып құбылыс - қазақстандық өлкетанудың дүниеге келуі. Ең маңыздысы, ол ең басында ұжымдық шығармашылық ретінде қалыптасты. Өлкетануды XIX ғасырдың ортасында Сібір және Солтүстік-Шығыс Қазақстанда тек ғылыми саяхатшылар мен ғылыми экспедициялық қатысушылар ғана оқыды. Бірақ бұл жергілікті тұрғындардың өздерінің өлкетану тарихы туралы ізденбегені деп түсінбеу керек. Жеке тұлғалар өлкетануда ғылыми ізденісте жүрмей-ақ, өз өмірлерін бұл жұмысқа арнаған. Осының жақсы үлгісі ретінде И.Г.Андреевтің тынымсыз еңбегін айтуға болады. Ал қазақтың тарихи өлкетануының қалыптасу басында ұлы ағартушылар –Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Әлихан Бөкейханов тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет