Дәріс материалдары Ринолалия


Ринолалияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің ерекшеліктері



бет4/14
Дата16.01.2023
өлшемі41,09 Kb.
#165594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
лекция рино дауыс
№ 1 Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай» жыры, № 11 М Өтемісұлының Мен, мен, мен едім өлеңіндегі көтеріліс көрінісі (1)
Ринолалияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Сөйлеуге дейінгі кезең өзгеше және ақаулы өтеді. Көбінесе әдеттегі сыбдыр дыбыстар «п», «б», «т», «д» мұрын қуысына ауаның кетуінен үнсіз айтылады. Бұл естудің нығаюының жоқтығына немесе күрт төмендеуіне әкеліп соғады, соның салдарынан былдыр белсенділігі азаяды. Сөйлеудің кеш пайда болуы байқалады. Дыбыс артикуляциясы ғана емес, сонымен қатар сөйлеудің просодикалық элементтерінің дамуы да азап шегеді.


Сөйлеу тілі ауытқуын түзету жұмысы балалардың оң мінез ерекшеліктерінің қалыптасуына себеп болады, жоғарғы психикалық функцияларының дамуын ынталандырады.
Сонымен, туа біткен жарықшалар бала ағзасының қалыптасуына және жоғарғы психикалық функцияларының дамуына кері әсерін тигізеді. Адамдар өз ауытқуларының орын басатын ерекше жолдарын табады. Соның нәтижесінде артикуляциялық аппарат бұлшық еттерінің өз ара байланысы дұрыс қалыптаспайды. Бұл біріншіреттік бұзылыстың – сөйлеу тілдің фонетикалық өндеуінің бұзылысының- себебі болып табылады. Бұл бұзылыс сөйлеу тілінің бір қатар екіншіреттік бұзылысына және адамның психикалық статусының бұзылысына әкеліп соқтырады. Бірақ бұндай адамдардың бұзылған функцияларын оңалтуу үшін компесаторлы мүмкіндіктері өте жоғары.


Ринолалияда кездесетін әр түрлі аутқуларды түзету мүмкіндіктері

Ринолалия кезіндегі ауытқуды түзету медициналық және психологиялық–педагогикалық құралдар арқылы жүзеге асады. Әдетте емдеудің хирургиялық әдістері қолданылады. Уранопластиканың мақсаты – қатты таңдай жарықшасынан құтылу (фиссурорафия), жұмсақ таңдайды ұзарту (ретротранспозиция) және жұтқыншақ сақинасының ортаңғы бөлігін жіңішкерту (мезафарингосконстрикция). Хирургиялық көмек, ең біріншіден, баланың тамақтануын жақсартуға және қалыпты тыныс алуын қалпына келтіруіне ықпал етеді. Уранопластиканы жасау мерзімі әліде толығынан шешілмеген мәселе. Көптеген мамандар бұндай операцияны мектеп жасына дейін жасаған жөн деп есептейді. Сонда логопедтің көмегімен баланың мектепке барар шағында дұрыс сөйлеуі қалыптасады. Бірақ, кейбір жағдайда баланың 5–6 жасында соматикалық және физикалық жағдайына байланысты уранопластиканы жасауға мүмкіншілік болмайды. Жоғарғы ерінінде және таңдайында жарығы бар балаларды хирургиялық емдеу бірнеше қадамдарда жүзеге асырылады. Ақау формасы мен баланың ағза жағдайына тәуелді еріннің жарығы 2-3 күннен бір жылға дейінгі мерзімдерде операцияланады(хейлопластика). Бұл баланың дамуынын жақсартады, сыртқы түрін қалыпқа келтіреді. Жоғарғы еріннің, мұрынның қалған ақауларын және таңдайдың деформациясын жою бойынша жұмыс 7 жастан 14 жасқа дейін жасалынады. Логопедиялық тәжірибеде сәтті жасалған уранопластиканың маңызы өте зор.


Диспансеризация келесідей түрде жүзеге асырылады: баланың бірінші рет қаралуы кезінде медициналық бике оны есепке алады, диспансерлі картаны бастайды. Баланы хирург, ортодонт, педиатр қарайды. Ата-аналардың сөздерінен жетік анамнез жиналады. Бастапқы диагноз қойылады. Ата-аналарды емдеудің қадамдары мен мерзімдерімен таныстырады, олардың баланы кешенді емдеудегі рөлдерін түсіндіреді. Сүйек жақ-бет саласындағы қосымша ауытқуларды және деформацияларды анықтау мен алдын алу үшін және тиісті емдеуді белгілеу үшін кешенді қараулар ұйымдастырылады.
Қорытынды. Туа біткен таңдай жарықшалар балалардың дамуына өте көп әсерін тигізеді: бұндай балалар соматикалық әлсіреген, аурушаң болып келеді. Сонымен бірге олардың ішінде есту қабілеті төмендеген балалар жиі кездеседі. Ринолалия кезінде сөйлеу тілінің кемістігімен қатар жоғарғы психикалық функцияларының дамуының ауытқұлары байқалады. Бұл науқастар тұлғалық дамуының және іс-әрекетінің қалыптасуының ерекшеліктерімен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет