Дәріс материалдары Ринолалия


кезең. Фрикативті дыбыстарды айтқызу жұмысы қатаң үзілмелі дыбыстарды қалыптастыруға дейін жүргізіледі



бет9/14
Дата16.01.2023
өлшемі41,09 Kb.
#165594
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
лекция рино дауыс
№ 1 Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай» жыры, № 11 М Өтемісұлының Мен, мен, мен едім өлеңіндегі көтеріліс көрінісі (1)
1 кезең. Фрикативті дыбыстарды айтқызу жұмысы қатаң үзілмелі дыбыстарды қалыптастыруға дейін жүргізіледі. Себебі үйретілген артикулемалардың барлығы бірдей ауызбен тыныс шығаруда айтқызылады.
1 кезеңнің мақсаты – балаға демді ұзақ шығару кезінде дауысты қосуға үйрету.
Жұмыстың бұл кезеңінде №2 кестеде тағы бір бөлім пайда болады: дауыспен бірге дем шығару. Артикулеманы айту сәйкес әріппен белгіленеді. Яғни бала өзінің дыбыс айтуын есту арқылы қадағалауы керек. Сонымен, №2 кесте мынадай болуы мүмкін:

Дем алу

Дауыссыз дем шығару

Дауыспен дем шығару

Ауыздың суреті

Артикулемалар суреттері:
а) дауысты дыбыстардың;
ә) қатаң дауыссыз дыбыстардың және олардың әріппен белгіленуі.

Сәйкес дыбыстарды әріппен белгілеу



2 кезең. Екінші кезеңде ауыз арқылы дем шығарудың жаңа түрі қалыптастырылады: ауыз арқылы дем шығару. Баланың назарын шығарылған ауа ағынының шапшаңдығы мен екпінділігіне аудару қажет.
П дыбысын қою үшін, бала жабық еріндерге шығарған ауа ағыны екпінді, шапшан (алақандағы мақтаны ұшыратындай) болатындай етіп, үрлеуі керек. Дәптерге артикуляция сызбасы салынады ( жабық еріндер). Кейіннен дәл осындай тыныс шығару б дыбысын дауыс қосып айтуында бекітіледі (дауыстың қатысуы жоғарыда айтылғандай).
Келесі жұмыс - Г дыбысын қалыптастыру . Қалыптастырылып жатқан дыбыстар біртіндеп №2 кестеге толтырылады.
3 кезең. Дауыссыз дыбыстармен жұмыс: л,р,н,ң,м –сонорлар тобы және аффрикат-ц, ч дыбыстарын қалыптастыру.
Жуан л дыбысының артикуляциясы күрделі. Л дыбысының жуан айтылуы тілдің түбінің жоғары жеткілікті көтерілуіне байланысты. Осындай көтерілу дауысты ы дыбысын айтқанда да пайда болады. Сондықтан, ы дыбысын жуан л дыбысын үйрету кезінде сүйеніш қылып алуға болады. Тілдің ұшын жоғары көтеріп, жоғарғы тістер артына жабыстырып, бір уақытта ы дыбысын айту нәтижесінде жуан л шығады. Дем шығару ауыз арқылы өтуін қадағалау қажет. (Ауа ағынын ауыз қуысының екі жағынан да тексеру қажет, себебі бұл дыбыс жабысыңқы-өтпелі).
Ц және р дыбыстарына арналған дайындық жаттығуларын жасау кезіне дейін ауызбен дұрыс дем шығару дағдысы бекітіледі, сондықтан бұл дыбыстарды еліктеу арқылы айтқызуға болады.
Ц дыбысын айтқызу үшін логопед тілдің қалпын сипаттап айтып көрсетеді, кейіннен дыбысты айтады. Бұл кезде баланың 1-ші, 2-ші саусақтары логопедтің ауыз ұрттарына қойылады да, логопед ц дыбысын созып айтады. Р дыбысы үшін дайындық жаттығуларды ерте бастауға болады. Ол логопедтің осы дыбысты айтқызуда қай жолды тиімді деп ойлайтынына байланысты. Р дыбысын з дыбысынан жоғарғы артикуляциядан дз деп айтқызып, шарикті зондпен тез тіл ұшын дірілдету арқылы қоюға болады.
Қатаң р дыбысына дауыс қосылады (бала ц дыбысын айтудың барлық жағдайын ескеріп дз-дз-дз –деп айтады). Барлық аталғанды ескерген жағдайда бұл тәсіл арқылы р дыбысын механикалық тәсілсіз қоюға болады. Р дыбысын Ж дыбысынан немесе дж арқылы қоюға болады.
М және Н дыбыстары көбінесе бұзылмайды. Оларды айту кезіндегі ауызбен дем шығарудың жоқтығын айтып №2 кестеге жазып қоюға болады.
М және Н дыбыстарын бұдан ерте үйрету зиянды болуы мүмкін, себебі олар ауызбен дұрыс дем шығаруға кедергі жасайды; әсіресе осы дыбыстардан кейін тұрған дауыстыларға. Жуан дыбыстар бойынша жұмысты аяқтап №2 кестені толық толтырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет