дәріс Отырықшыландыру, қазақ байларын тәркілеу


)Байлар мен кулактарды тап ретінде жою



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі35,88 Kb.
#83238
1   2   3   4
Байланысты:
тарих практика

2)Байлар мен кулактарды тап ретінде жою — Кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру барысында меншік иелерін, ауқатты шаруалар қожалықтарын күшпен жою шаралары. 1929 жылы 20 ақпанда КСРО ОАК мен Халық Комиссарлар Кеңесі “Еңбек туралы заңдар кодексін кулактар шаруашылықтарында қолдану тәртібі туралы”, 21 мамырда “Еңбек туралы заңдар қолданылуға тиісті кулактар шаруашылықтарының белгілері туралы” қаулылар қабылдады. Қазақстанда ірі байлар шаруашылықтарын тәркілеу 1928 жылдан жүзеге асырыла бастады. Аталмыш құжаттар негізінде 1929 жылы 10 қазанда Қазақ АКСР-і Халық Комиссарлар Кеңесі қабылдаған қаулысы бойынша бай-кулактар қатарына жылдық табысы 300 сомнан асатындар, саудамен айналысатындар, диірмені барлар, т.б. жатқызылды. И.В. Сталин 1929 жылы сәуірдегі БК(б)П ОК мен Орталық бақылау комиссиясының пленумында кедейжұмысшы табының тірегі, орташа шаруаодақтасы, кулактап жауы деген тұжырымды ұсынды. Сол жылы 29 желтоқсанда өткен марксшіл аграршылар конференциясында Сталин кулактарды тап жауы ретінде жоюды күн тәртібіне қойды. 1930 жылы 15 қаңтарда БК(б)П ОК В.М. Молотов басқарған арнайы комиссия құрды. Жергілікті жерлердің партия комитеті жанында “үштіктер” ұйымдастырылды. Қазақстандағы республика “үштіктің” құрамына Ж. Құрамысов (төрағасы), А. Альшанский мен А. Асылбеков (мүшелері) енді. Ол 1930 жылы 23 қаңтардағы мәжілісінде Қазақстандағы 20 мыңға жуық байлар мен кулактар шаруашылықтарын тәркілеп, жаппай ұжымдастыру жүріп жатқан аудандардан көшіріп, өнеркәсіп құрылыстарынан, темір жолдардан шалғай жатқан аудандарға тарата қоныстандыру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, ол жерлерге сырттан жер аударылып әкелінетін 30 мыңдай кулактардың отбасыларын орналастыру көзделді. 1930 жылы 30 қаңтарда БК(б)П ОК бюросының “Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы кулактар шаруашылықтарын жоюға байланысты шаралар туралы” қаулысы қабылданып, онда бай-кулактарды жою жолдары нақтыланды. Жергілікті жерлердегі өкімет орындарына “кулактарға қарсы күресте барлық қажетті шараларды қолдануға” рұқсат етілді. 1930 жылы 10 ақпанда Қазақ өлкелік партия комитетінің арнайы комиссиясы республикада бай-кулактары жойылуы тиіс 20 ауданды белгіледі. Науқанды жергілікті жерлерде жүзеге асыру ОГПУ органдарына жүктелді. Бай-кулактарға жазалар белгілеу Мәскеуде шешілді. КСРО Заң халық комиссариатының төрағасы Н. Янсеннің 1930 жылы 3 ақпандадағы нұсқауы бойынша “кулактардың контрреволюцияшыл белсенді тобы” тез арада қамауға алынып, олар “қастандық актілерін ұйымдастырушылар” ретінде ату жазасына кесілетін болады. Жазалауға ұшыраған байлар мен кулактар Конституцияда белгіленген азаматтық құқықтарын пайдалану мүмкіндіктерінен айырылды. Кулактардың өз беттерінше басқа жаққа көшулеріне, мал-түліктерін сатуларына тиым салынды. Байлар мен кулактарды жоюды 4 айдың ішінде аяқтау міндеттелді. Кулактар мен байларды тәркілеу барысында көптеген заңсыздықтар орын алды. Кейбір жерлерде кулактар қатарына орташа шаруалар ғана емес, кедейлер де жатқызылды. Тіпті әскерилерді, агрономдарды, дәрігерлерді, мұғалімдерді кулак ретінде қабылдап, қуғын-сүргінге ұшырату оқиғалары да кездесті. Науқанды жүзеге асыру барысында Кеңес өкіметіне қарсы насихат жүргізді деген бір адамға қатысты іс бойынша бірнеше адамды топтап соттату әдетке айналды. Контрреволюциялық топтар мен ұйымдар құрғаны жөнінде ешқандай мәліметтер болмаса да, олар РКСФР Қылмыс кодексінің 58-бабының 11-тармағымен айыпталып, ату жазасына кесілді. Қазақстанда 22 мың адам қамауға алынды. 1930 жылы 1 шілдеге дейін олардың 12 мыңы (кедейлер мен орташалар) түрмеден босатылды. 4 мыңдайы жер аударылды. Қазақстанда барлығы 54625 шаруашылық бай-кулакқа жатқызылып, тәркіленді. 1930 жылы қараша-желтоқсан айларында бай-кулактар, ауқатты шаруалар шаруашылықтарын қайта айқындау жұмысы қарқын алды. 1931 жылы 3—7 ақпан аралығында өткен Қазақ өлкелік партия комитеті мен Өлкелік бақылау комиссиясының біріккен пленумы байлар мен кулактарға қарсы күресті онан әрі күшейте түсуді ұсынды. Нәтижесінде 1931 жылы Қазақстаннан тыс жерлерге 5500 шаруа бай-кулак ретінде жер аударылды. Кеңес өкіметі жер аударуды 1932 жылы ғана тоқтатты. Байлар мен кулактарды тап ретінде жою Қазақстан ауыл шаруашылығына орасан зор апат әкелді. Шаруалардың ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, іскер бөлігі күшпен жойылды, мұның өзі, әсіресе, дәстүрлі мал ш-н күйзеліске ұшыратты.
3) Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Орталық қаратопырақты және Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932—1933 жылдары мыңдаған адамдар жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды. Осылайша халықтарды күштеп көшіру соғысқа дейінгі кезеңде басталып, әр түрлі әлеуметтік топтар мен сословиелерді, этностық топтарды КСРО-ның орталық аудандарынан 20—30-жылдары Қазақстан, Орал, Орталық Азия, Сібір, Қиыр Шығысқа жаппай көшіріп-қондыру қызу жүргізіліп жатты.
 
Кулак деп аталған миллиондаған таңдаулы шаруалардың көзін құртқан этнодемографиялық дағдарыс халықтарға зор зиянын тигізді. Қазақстанда ұжымдастыру науқаны кезінде жер аударылған кулактардан тұратын арнайы көшірілгендердің 100-ге тарта қоныстары болды. Олар арнайы комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен тартылып, көмір өндіру, металл өндірісі, темір жол мен электростанциялар, НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариаты) құрылыс объектілерінде, мақта өсіру, қызылша, қант өндірістерінде және т.б. жұмыс күші ретінде пайдаланылды.
Арнайы қоныс аударылғандардың азаматтық құқығы сақталды, қоныстанған әкімшілік аудан көлемінде жүріп-тұруына рұксат етілді. Бірақ қоныстанған жерінен кетуге құқығы болмады. Олардың тұрмыстық-шаруашылық мәселелерін шешу НКВД-ның, ГУЛАГ басшыларына жүктелді.

1930 жылдардың ортасында жаппай саяси қуғын-сүргіннің тереңдеуіне Сталиннің «Троцкий-Зиновьев» топтарымен және оңшыл оппортунистермен күресі түрткі болды. Орталықтағы болып жатқан бұл оқиғалар ұлт республикасында, өлкелерде тұрғындарды жаппай саяси кудалауға жол ашып берді. Осы үлгімен мұнда да «халық жауларын» — «ұлтшыл-фашистерді» әшкерелеу қолдан ұйымдастырылды. Елде сталиндік жаппай қуғын-сүргіннің кең етек алуына негіз қаланды.


1939 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 6,9 млн адам тұрса, соғыс аяқталған соң көшіп келген жөне депортацияланған халықтар есебінен бұл көрсеткіш шамамен 7,5 млн болды.
Жергілікті халықтың үлес салмағы 1939 жылмен салыстырғанда 38%-дан 30%-ға дейін кеміп кетті. Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есеге азайды.
Сталин қайтыс болғаннан кейін 1954—1956 жылдары заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған халықтар, таптар және басқа кеңес азаматтарын ақтау басталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет