дәріс Сортамент. Сортамент профильдерінің сипаттамасы



бет2/4
Дата30.12.2022
өлшемі230,43 Kb.
#164888
1   2   3   4
Байланысты:
1 - дәріс
Әлеуметтану(әлеуметтік саты) (копия), Қоғам және мемлекет. Қоғамының саяси жүйесіндегі мемлекет.
Бақылау сұрақтары

  1. Сортамент деп не аталады?

  2. Сортаментте профильдердің қандай мәліметтері келтіріледі?

  3. Прокатты профильдер үшін прокаттау технологиясы қабырғасының жіңішкелігін қанша мм-мен шектейді?




  1. ПІСІРІЛМЕЛІ ҚОСЫЛЫСТАР

4.1 Пісірілмелі қосылыстардың ерекшіліктері
Пісірілмелеу болат құралымдар қосылысының негізгі тәсілі болып табылады. Казіргі уақытта елімізде болат құрылыс құралымдарының шамамен 98% пісірмелеумен жасалады. Отанымыздың металл құрылысындағы негізгі ерекшелігі осында, өйткені шет елдерде әр түрлі себептерден құралымдардың жартысына жуығы тойтармалап жасалады.
Пісірілмелі құралымдардың негізгі артықшылықтары
1) Құралымдар массасын кеміту арқасында металл шығыны 15-20%-ға үнемделеді. Ол тойтармаға арналған тесіктері болмай, бөлшектердің созылған аймағындағы қимасын толығымен пайдалану және ұтымды конструктивтік түрі арқылы орындалады. Пісірілмелі құрамалы арқалықтардың түйісі көмекші бөлшектерсіз жасалса, тойтармаланған арқалықтар түйісі бастырмалар көмегімен әзірленеді. Пісірмелеу кезінде өз ара тікше жазықтыктарда орналаскан бөлшектер тікелей қосылса, тойтармалаған кезде бұрыштамалар арқылы қосылады.

Пісірмеленген және тойтармаланған қосылыстар
Пісірмеленген құралымдарда балқыған металдың массасы негізгі металл массасының 2%-нан аспайды. Тойтармаланған құралымдарда тойтарманың массасы 3,5-4%-ға дейін жетеді.
2) Металл өңдеу операциялары санының азаюы және олардың жеңілдеуі арқасында құралымдарды әзірлеу еңбексыйымдылығы төмендейді.
3) Пісірмелі жіктердің тығыздығы және герметикалығы, бұл әсіресе резервуарлар мен газгольдерді әзірлеу және жинақтау кезінде маңызды.
Сонымен бірге пісірмелеуден пайда болған ішкі қалдық кернеулер, элементке әсер еткен күштің кернеулерімен қосылып, пісірмелі қосылыстың морт қирауына мүмкіндік туғызады, әсіресе төмен температуралар және динамикалық жүктемелер әсері кезінде. Бұл жағдай кемшілігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет