Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Сынып ұжымының жалпы тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін міндеттерді шешуде сынып жетекші мен оқушылардың біріккен серіктестігі. 2



бет4/19
Дата04.11.2022
өлшемі59,59 Kb.
#156593
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
кр.сод.лекций тжт (1) (2)
Тарих емтихан нақты, stud.kz-16742, Lesson 4 Variables, aliya syrga, Б Ж аза мемлекетіні сырт ы саясаты мен дипломатиясы, Турсинханова Айсулу 107 топ химия, IDZ plati.ru, Тест 5 Модо 9 класс (1), БАЯНДАМА ҰРЫҰТАНУ, ИКТ СӨЖ 6 ТЕМА
1. Сынып ұжымының жалпы тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін міндеттерді шешуде сынып жетекші мен оқушылардың біріккен серіктестігі.
2. Тұлғаның жеке дара маңызды қасиеттерін тәрбиелеу: патриотизм, ұлтжандылық, жауапкершілік, қарым-қатынас мәдениеті, адамгершілік .
3. Рухани, жан-тәнімен жұмыс істеу, адамгершілікті қалыпты жағдай ретінде қабылдау .
4. Оқушыларды мәңгілік ,басым құндылықтарға бағыттау .Олар: Отан,отбасы, адам, білім, еңбек, мәдениет, бейбітшілілк, табиғат, адамгершілік, ақиқат, сұлулық т.б.
Тәрбие жүйесінің негізгі қағидалары:

  • Әрбір балада мейірімділік бастауы бар екеніне сену;

  • Баланың нені қажет ететінін түсіну және білу;

  • Қоғамдық өмірдегі адамгершілік қасиеттің басымдылығын сезіну;

  • Бала құқығын білу және оны сыйлау (жақсылыққа жақсылықпен жауап

бер, ал жамандыққа әділдікпен жауап бер); - барынша мәдениет пен білімділікті дамыту
Сыныптың тәрбие жүйесінің аса маңызды, айқындалған 5 компоненті:
1. жеке дара-топтық;
2. құндылық-бағдарлы
3. атқарымдық-әрекеттік
4. кеңістіктік-уақытты
5. диагностикалық-нәтижелілік

1

№3
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттері, атқаратын қызметтері.
2. Сынып жетекшісінің іс-әрекеті – қазіргі заманғы тәрбиенің нәтижелі шарттарының бірі. Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері мен іс-әрекетінің түрлері.
Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тәрбие жұмысының мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
2.Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
3.Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
4.Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
5.Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету.
6.Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
7.Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
8.Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол- сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынасы қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.
Сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты- мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой,адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайына байланысты қарастыру. Сынып жетекшінің міндеті – сан алуан. Сал себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді. Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, негістіріп өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда сынып жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.
Бүгінгі күні сынып жетекшісі – кәсіпкер-педагог, ал өсіп келе жатқан бала үшін:

  • жалпы адамзаттың мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның

арасындағы рухпни жалғастырушы;

  • сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында

олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;

  • оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен,

олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесін қажетті өзгерістер енгізуі; мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік, экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші.Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы.

күштердің (мектеп,- отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
Сынып жетекшісінің ең басты міндетті қызметтері:

  • Диагностикалық

  • Коммуникативтік

  • Тәрбиелік

  • Жобалаушылық

  • Ұйымдастырушылық-әрекеттік

  • Дамытушылық

  • Әдістемелік

  • Ынталандырушылық

  • Бағалаушылық

  • қорғаушылық, қамқоршылық

  • түзетушілік



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет