Реферат Тобы: 25 «Д» Аты-жөні: Қазбек Алинур Ұжымды зерттеген ғалымдар



Дата26.10.2023
өлшемі458 Kb.
#188357
түріРеферат
Байланысты:
Алинур реферат


1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық колледжі


Реферат

Тобы: 25 «Д»
Аты-жөні: Қазбек Алинур


Ұжымды зерттеген ғалымдар

Ұжымды зерттеген ғалымдар


Ұжым жан — жақты тәрбие берудің аса маңызды құралы. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский т.б. педагогтардың еңбектерінде ұжым теориясының зерттелуі және балалар ұжымының қалыптасу процесі, сонымен қатар қазіргі кезеңдегі ұжым проблемалары туралы теориялық және практикалық мәселелерді ашып көрсету және түсіндіру.
Ұжым және жеке адам проблемасы қазіргі заманның ең өзекті әлеуметтік проблемаларының бірі болғандықтан педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр.Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыруды және тәрбиелеуді жан — жақты тәрбиенің теориясы мен практикасының негізгі, жетекші проблемалары ретінде қарайды.Тәрбие теориясының негізгі бір принципі — «ұжымда ұжым үшін, ұжым арқлы тәрбиелеу» деп анықталған.Тәрбиенің ең негізгі құралы мектеп ұжым, ол — ортақ мақсатпен, іс — әрекетпен, гуманистік қарым — қатынаспен және жоғары жауапкершілікпен біріккен балалар мен ересектердің одағы. Ұжым проблемасын бірнеше қоғамдық ғылымдар зерттейді. Әлеуміттік ғылымдар саласында «ұжым» ұғымы ең бір маңызды категория болып есептеледі. Әлеуметтік психология адамдардың бір — бірімен қарым — қатынасының барысын анықтайды. Сонымен қатар педагогиканың негізгі категориясы — тәрбиленуші ұжым, ол ұжымның ерекше типі — өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан ұжым және оның проблемасы, әлеуметтік, күрделі әрі маңызды проблема болған және болып келеді.Оқушылар ұжымы — тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет.Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш — қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тимді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.
А.В.Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Н.К.Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым — қатынастарына үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс — әрекетінің формалары мен әдістері, өзін — өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т.б.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс — әрекеті, қарым — қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет