Дәріс тақырыбы және тезистер



бет3/23
Дата24.11.2023
өлшемі100,27 Kb.
#193361
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Дәріс тезистері Адам анатомиясы 2023 2
8 ОБӨЖ
Тақырыбы: Артрология

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):



  1. Артрология ғылымы

  2. Қаңқа сүйектерінің тұтаса байланыс түрлері

  3. Қаңқа  сүйектерінің буынды  байланысы. 

  4. Буынның құрылысы. 

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Артрология (көне грекше: arthon - буын, көне грекше: logos - ілім) — буындар мен олардағы түрлі ауруларды зерттейтін анатомия бөлімі.
Қаңқа сүйектерінің байланысын зерттейтін ілімді — syndesmologia (грек. syn — байланыс; desmos — дәнекер; 1оgоs — ілім) — деп атайды.
Сүйектер байланысы жануарлар қаңқасы сүйектерінің бір-бірімен өзара белгілі заңдылықпен байланысуын қамтамасыз етеді. Жануарлар қаңқа сүйектерінің байланыс түрлері, олардың организмдегі атқаратын қызметтерімен тікелей байланысты. Егер де сүйектер организмнің тіршілігіне тым қажет мүшелерді қорғау қызметін атқаратын болса, мысалы, ми сауыты, онда сүйектер байланысы шектеулі қозғалысты немесе қозғалмай байланысуды қамтамасыз етеді, яғни сүйектер бір-бірімен тұтаса байланысады. Ал организмнің кеңістіктегі қимыл қозғалысына қатысатын сүйектер бір-бірімен өзара буындар арқылы қозғалмалы байланысады. Демек, жануарлар қаңқасы сүйектерінің байланыс түрлерін екі топқа бөлуге болады. Олар: қаңқа сүйектерінің тұтаса байланысы және буынды байланысы.
Қаңқа сүйектерінің тұтаса байланыс түрлері. Тұтаса байланыс (непрерывное соединение, или сращение) — synarthrosis — қаңқа сүйектерінің бір-бірімен түрлі ұлпалар (тканьдер) арқылы байланысын қамтамасыз етеді. Байланысқан сүйектердің аралықтарында ешқандай қуыс қалмайды. Демек, сүйектер аралықтарындағы қозғалыстың сипаты, оларды байланыстыратын ұлпалардың қасиеттеріне байланысты болады. Қаңқа сүйектерін байланыстыратын ұлпалардың түрлеріне сәйкес, сүйектер тұтаса байланысының бес түрі ажыратылады:
1. Синсаркоз (мышечное сращение) — synsarcosis — сүйектердің бұлшық ет арқылы байланысы. Синсаркозға жауырын мен тоқпан жіліктің бұлшық еттер арқылы тұлға сүйектеріне байланысын жатқызуға болады. Синсаркозды байланыста сүйектер аралықтарында ауқымды қимыл байқалады.
2. Синэластоз (эластическое сращение) — synelastosis — сүйектердің серпімді (эластинді) талшықты дәнекер ұлпасы арқылы байланысы. Синэластозға бассүйектің, мойын омыртқаларының және көкірек омыртқалары жоталық өсінділерінің өзара желке, сондай-ақ, омыртқа доғалары мен жота өсінділері аралықтарындағы эластинді байламдар арқылы байланысын жатқызады. Сүйектер аралықгарында серпімді қимыл байқалады.
3. Синдесмоз (соединительнотканное сращение) — syndesmosis — сүйектердің талшықты дәнекер ұлпасы арқылы байланысы. Жануарлар организмінде мұндай байланыстың үш түрі кездеседі. Олар: 1. Жұқа талшықты жарғақ (membrana) арқылы сүйектердің байланысы. Бұған шүйде-атлант буынындағы, құйымшақпен жамбас-сүйекаралықтарындағы коллаген талшықтарынан тұратын жұқа жарғақтар жатады. 2. Байлам (ligamentum) арқылы сүйектердің өзара байланысы. Байлам тым берік коллаген талшықтары шоғырлы будаларынан құралған сіңір. Бұған иттің кәрі жілігі мен шынтақ сүйегі аралығындағы сіңірді жатқызуға болады. 3. Жік (sutura) сүйектер арасындағы тым жұқа дәнекер ұлпалық аралықтар арқылы олардың байланысы. Жіктік байланысқа жас төлдердің жалпақ бассүйектері аралықтарындағы пішіні әр түрлі жұқа жіктер жатады. Сүйектер аралықтарындағы қимыл шектеулі болады.
4. Синхондроз (хрящевое сращение) — synchondrosis — сүйектердің шеміршек ұлпалары арқылы байланысы. Синхондрозға омыртқа денелері мен төссүйек бөліктері аралықтарындағы және қабырғалардың төссүйекпен байланысы жатады. Сүйектераралықтарындағы қимыл тіптен шектеулі.
5. Синостоз (костное сращение) — synostosis — сүйектердің сүйек ұлпасы арқылы байланысы. Байланыстың бұл түріне, яғни сүйектенуге ересек жануарлар бассүйектерінің, құйымшақ омыртқаларының,
жамбас сүйектерінің, кейбір тізе және тілерсек сүйектердің байланысы жатады. Сүйектер аралықтарында қимыл тіптен болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет