Дәріс тақырыбы: Көру анализаторының анатомиясы



бет6/37
Дата12.03.2023
өлшемі118,78 Kb.
#171976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
офтальмо
тоже кушти, travma 5 сабак
Глаукома. Глаукомамен ауыру барлық көз ауруларына қатысты алғанда шамамен 5 % қамтиды. Глаукома көбіне 40-45 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Глаукоманың алғашқы әрі басты белгісі сынап бағанасының 5 мм жоғары сынап бағанасының 27 мм офтальмотонусының болуы болып табылады. Екінші белгісі көру функциясының өзгеруі, көру аумағының тарылуы және көбіне көру өткірлігінің төмендеуі болып табылады. Глаукоманың үшінші айқын белгісі көру жүйкесі дискісінің экскавациясы болып табылады, ол кеңею салдарынан оның кейінгі сатыларында дамиды.
Екінші реттік глаукома деп түрлі көз ауруларының тек бір ғана ортақ симптомы бар – көз ішінің қан қысымының көтерілуі болатын тобын атайды. Екінші реттік глаукома көз қабықшаларындағы экзогенді және эндогенді қабыну процестеріне байланысты туындауы мүмкін.
Туа біткен глаукома білінбейтін ағымымен сипатталады. Оның белгілері мөлдір қабықтың мөлдірсізденуі, алдыңғы камераның тереңдеуі, қарашықтың ұлғаюы және оның жарыққа реакциясының баяулауы болып табылады. Жоғары офтальмотонус кезінде әдетте бірінші кезекте көздің алдыңғы бөлігі өзгереді. Алдыңғы цилиарлы артериялардың сәл кеңеюі байқалады. Ақ қабықтың сыртқы бөлігі тартылған, көкшіл түсті, лимб кеңейген, мөлдір қабық біршама ұлғайған. Туа біткен глаукома әдетте 5 жыл дамиды. Туа біткен глаукома хирургиялық жолмен емделеді.
Дамушы сығырлық. Дамушы миопия әрдайым салмақты ауру ретінде қарастырылады, себебі ол ісік ауруына айналып кетуі мүмкін.
Миопия кезінде процестің дамуы артқы жартышарының созылуы есебінен көздің сагиттальді көлемінің ұзаруымен қосарланады. Мұндайда көз ұлғайып, шығыңқыланып, көз саңылауы кеңейеді. Ақ қабық жұқарады, ол жай қарағанда-ақ көкшіл түсінен байқалады. Сығыр адамды сырт қарағанда жарықтың таралуын азайтып, көруін жақсарту үшін көзін сығырайтып қарайтынан-ақ байқауға болады. Көруге икемделу мен көрудің түйісуінің арасындағы сәйкессіздік салдарынан миопиямен науқастарда шапырашты қылилық пен анизометропия (миопиялардың түрлі дәрежелері) байқалуы мүмкін. Миопиялық көздерде көбіне көру жүйкесі дискісі маңайында көз түбінің өзгеруі мына түрлерде жиі ұшырасады: дискі маңайы доғалық рефлекстері; миопиялық конустар; шынайы стафилдер.
Миопиялық конустар ақ қабықтың созылуы және диск маңайы пигментті эпителий қабатының семуі нәтижесінде туындайды. Стафиломалар миопияның жоғары дәрежесінің белгісі болып табылады. Сары таңба маңайында аса қауіпті өзгерістер жүреді. Мұндайда науқастарда метаморфопсиялар (заттардың қисық көрінуі) туындап, артынан көруі нашарлайды, ол ақыр соңында орталық көрудің жойылуына әкеп соғады.
Жас сәбилердегі және мектепке дейінгі балалардағы миопия. Жаңа туған нәрестелерде сығырлық сирек ұшырасады. Тым сирек кездесетін жоғары миопия жағдайларын (10,-12,0 D жоғары) патологиялық деп санайды, ол баланың жатырдағы кезеңінде ауыруының немесе дамымай қалуының салдары болып табылады. Әдетте бұл миопия толығымен түзетілмейді. Жас сәбилерде миопия 3% кездеседі, оны әдетте туа біткен немесе тұқым қуалаған деп санайды.
Мектеп оқушыларындағы миопия. Миопия 7-15 жаста пайда болса, мектеп жасындағы деп аталады. Оқушылардың сығырлығы барлық елдерде, әсіресе, аса дамыған елдерде кеңінен таралған, бұл сығырлықтың оқушылардың арасында 45%-ға, студенттер арасында 70%-ға дейін өскенін көрсетті, миопияның дамуына әкеп соғатын салдар көзге көп күш түсірген жұмыс жағдайында жарықтың жеткілікті түсірілмеуі болып табылады. Миопиямен күресуге жеткілікті түрде көңіл бөлінген елдерде мектеп оқушыларының ауыруы азайып, одан әрі көбеймеген. Мектеп оқушыларында миопияның дамуының алдын алу – шынайы міндет. Сығырлықпен күресудің мақсаттары мыналар болып табылады:
а) өскелең ұрпақтың арасында миопияның пайда болуының алдын алу;
б) пайда болған миопияның дамуына жол бермеу.
Бұл мақсаттарға миопиямен ауыратын оқушыларды диспансерлеу арқылы қол жеткізуге болады. Жеке профилактика шараларының басым көпшілігі оқушылардың оқу мен демалу режимі мен жағдайларын жақсартуға бағытталуы тиіс. Оған ІІ ауысымда оқытпау, қыдыруға, демалуға, қалыпты ұйықтауға жеткілікті уақыт бөлу жатады, бұлар оқушылардың көру мүшесінің жұмысы үшін қолайлы жағдайлар тудырады.
Сондай-ақ оқушыларды дұрыс отырғызуға, оларды бойына қарай отырғызуға көңіл бөлген жөн, ата-аналар балаларының үйдегі жұмыс орнына, оның дұрыс жарықталуына ден қоюы тиіс.
Дамушы миопиямен ауыратын науқастарды емдеу үшін көзбен жұмыс жасаған әрбір 5 минуттан кейін 5 минуттан кем емес демалған жөн.
Дамушы миопиямен ауыратын балаларға жылына 2 реттен кем емес бақылау жүргізілуі тиіс. Процесті тежеу мүмкін болмаған жағдайларда пластика тәрізді оперативті ем қолданған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет