Дәріс тақырыбы: Көру анализаторының анатомиясы



бет2/37
Дата12.03.2023
өлшемі118,78 Kb.
#171976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
офтальмо
тоже кушти, travma 5 сабак
Көру жолы. Көру жолы көздің торлы қабығын мимен жалғастырады. Көру жүйкесінің жуанырақ талшықтары - қарашық талшықтары, ал жіңішкерегі – көру талшықтары болып саналады. Көру жүйкесінің құрамында шамамен 1 млн. талшық болады. Көру жүйкесі аумағының дискісінде фоторецепторлар болмайды және ол көз түбінің соқыр зонасы болып табылады. Көру жүйкесінің дискісінің жазық проекциясы соқыр таңба деп аталады. Оның көлемі дискінің өлшеміне, тамырлар мен торлы қабықтың күйіне байланысты болады және ол түрлі патологиялық процестерде өзгеруі мүмкін. Мектеп жасына дейінгі балаларда көру жүйкесінің дискісінің ересек адамдардікіне қарағанда кішірек болуына қарамастан, олардың соқыр таңбасының көлемі үлкенірек. Екі көздің торлы қабығының сыртқы самай бөлігінің көру жүйкесінің талшықтары қиыспайды, ал торлы қабықтың ішкі мұрын бөлігінің талшықтары қиысады. Көру жүйкелері қиысқан соң оң жақ және сол жақ көру трактісі түзіледі. Оң жақ көру трактісінде оң жақ көздің торлы қабығының оң жақ самай бөлігінің қиыспаған талшықтары мен сол жақ көздің торлы қабығының мұрын бөлігінің қиысқан талшықтары болады. Демек, сол жақ көру трактісінде сол жақ көздің торлық қабығының самай бөлігінің қиыспаған талшықтары және оң жақ көздің торлы қабығының мұрын бөлігінің қиысқан талшықтары өтеді. Екі көру трактісі де ми қыртысының көру орталықтарына бағытталады.
Көздің мөлдір ішкі құрылымы. Көздің мөлдір ішкі құрылымына көзбұршақ, шыны тәрізді дене, көздің ішкі сұйықтығы жатады.
Көзбұршақ нұрлы қабық пен шыны тәрізді дененің арасында орналасқан қос дөңесті, әйнек тәрізді, серпімді, тамырсыз дене болып табылады. Көзбұршақтың белгілі бір орналасуы байланыс аппаратымен – өремектеле байланысуымен, шыны тәрізді денеге тереңдеумен, нұрлы қабықпен қамтамасыз етіледі. Көзбұршақ та тырнақ, шаш тәрізді өмір бойы өседі. Көзбұршақтың беті шыны тәрізді, созылмалы, жарықты қатты сындыратын капсуламен жабылған.. Шыны тәрізді дене көзбұршақтың артына орналасқан және ол көз салмағының жартысын құрайды (65% немесе 4 г.). Шыны тәрізді дене көздің үш бөлігімен байланысқан: көзбұршақ маңайы, цилиарлы дене, көру жүйкесі дискісімен. Шыны тәрізді денеде шамамен 98% су болады. Ол мөлдір, түссіз, шар тәрізді дерлік, тамырлары мен жүйкелер жоқ. Ол көзден алып тастағанда да өз пішінін сақтап қалады. Шыны тәрізді дене көз алмасының тірек ұлпасы болып табылады. Ол жарық сәулелерінің торлы қабыққа еркін өтуін қамтамасыз етеді, аккомодация актісіне пассивті түрде қатысады, сондай-ақ көз ішінің қан қысымы деңгейінің тұрақты болуы мен көз алмасы пішінінің тұрақтылығы үшін қолайлы жағдайлар тудырады. Сондай-ақ шыны тәрізді дене ішкі қабықшаларды зақымдану кезінде қорғап қалу арқылы қорғаныш функциясын атқарады. Шыны тәрізді дененің салмағы жаңа туған сәбилерде – 1,5г, 7 жасқа қарай – 4,8г, ересектерде – 7г.
Көз ішінің сұйықтығы негізінен көздің алдыңғы және артқы камерасында болады. Ол 99% судан, 1% ақуыздардан, глюкозадан, дәрумендерден тұрады. Көз ішінің сұйықтығы мөлдір, ол іс жүзінде көзге мөлдір қабық арқылы өтетін жарық сәуелелерін сындырмайды. Көз іші сұйықтығы көзден лимфа жүйесі арқылы үздіксіз шығып тұрады. Оның ағуының тежелуі немесе тым көп бөлінуі көз іші қан қысымының көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін.
Көздің қосалқы және қорғаныс аппараты. Көздің қосалқы және қорғаныс аппаратына көз шарасы, сыртқы бұлшық еттері, жас бездері, жалғастырушы қабықшалар, қабақ жатады. Көз шарасы қорғаныс сүйек арқауы болып табылады. Көз шарасының сыртқы жоғарғы бұрышында жас безі үшін ойыс болады. Көз шарасы түбінде көздің жоғарғы саңылауы болады, сол арқылы көзді қозғалтатын нерв кіреді. Көз шарасы қабырғалары сүйек қабығымен жабылған. Сәбилерде көз шарасы пішіні үш қырлы пирамиданы еске салады, оның көлденең көлемі тік көлемінен үлкенірек. Көз шарасының төменгі шетіне азу тістердің тамырлары жақын орналасады. Ересек адамдарда көз шарасы пішіні көлденең және тік өлшемі бірдей дерлік төрт қырлы пирамида түрінде болады. Негізгі әдебиеттер:
1.Байдо Е. С. Анатомия, физиология и патология органа зрения: Учебное пособие. – Великий Новгород, 2001. – 85 с.
2.Манжуова Л.Н. "Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы, патологиясы" пәні бойынша дәріс конспектілері/ - 2014

  1. Барашнев Ю.И .,Пономарева Л.П зрение и слух у новорожденных. Диагностические скрининг –технологии., М., наука , 2008. 17-38б.

  2. Ермаков В. П., Якунин Г. А. Основы тифлопедагогики: Развитие, обучение и воспитание детей с нарушениями зрения: Учебное пособие для вузов –М.: ГИЦ ВЛАДОС, 2000. – 238 с.

  3. Байдалинова Б.А. Есту және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы мен патологиясы. Оқу құралы. Павлодар-2012ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет