Дәріс тақырыбы: Көру анализаторының анатомиясы



бет4/37
Дата12.03.2023
өлшемі118,78 Kb.
#171976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
офтальмо
тоже кушти, travma 5 сабак
Түсті ажырату. Түсті ажыратудың адам өміріндегі мәні өте зор. Түстерді ажырата алу айналадағы әлемді жақсырақ танып, көлік қозғалысын басқаруға т.б. мүмкіндік береді. Тіпті адамның еңбекке қабілеттілігі де бөлменің түрлі-түстілігі мен жарықтандырылуына байланысты болады. Түсті көру колбочкалардың функциясы болып табылады. Түсті көрудің дамуы көру өткірлігінің дамуымен қоса жүреді, бірақ оның барлығы едәуір кешірек анықталады. Ашық қызыл, сары, жасыл түстерге айқын алғашқы реакция баланың 6 айлығында пайда болады. Түсті көруі дұрыс дамуы үшін балалар бөлмелерін жақсы жарықтандырып, сәби шағынан-ақ көзден едәуір қашықтыққа (50 см және одан қашық) қойып, түстерін өзгерте отырып ашық түсті ойыншықтармен қызықтырған жөн.
Алуан түстерді үш түс спектрін – қызыл, жасыл, көк (немесе күлгін) түсті араластыру арқылы алуға болады. Егер осы түстерден құралған дискіні жылдам айналдыратын болсақ, ол ақ түсті тәрізді көрінеді. Түсті сезінетін аппараттың 3 түрлі колбочкалардан тұратыны дәлелденген: оның бірі – қызыл түске, екіншілері – жасыл түске, үшіншілері – көк түске аса сезімтал. Түсті көру колбочканың әр түрінің қозу күшінің ара қатынасына байланысты болады. Ал көздің қандай да бір түсті қабылдауы сәуле ұзындығына байланысты болады.
Осының негізінде түстердің 3 тобын ажыратады: ұзынды толқынды түстер – қызыл және қызғылт, орташа толқынды түстер – сары және жасыл; қысқа толқынды түстер – көк, күлгін. Табиғаттағы барлық түстер ахроматикалыққа – ақ, қара және олардың арасындағы аралық түстерге; хроматикалыққа – қалған барлық түстерге бөлінеді. Хроматикалық түстер бір-бірінен үш белгісі бойынша: түс тоны, ашықтығы және қанықтығы бойынша ажыратылады.
Түс тоны – бұл берілген түсті белгілі бір спектр түсіне жатқызуға мүмкіндік беретін әр түстің негізгі сапасы. Адамның көзі 180 түске дейінгі түстерді ажырата алады.
Ашықтық – бұл ақ түске жақындық дәрежесі. Адамның көзі ашықтығы бойынша 600 дейін түс тоны градациясын ажырата алады.
Түстің қанықтығы – бұл түстің тығыздығы немесе қалыңдығы. Адамның көзі түрлі қанықтықтағы 10 градацияға дейінгі түс тондарын ажырата алады.
Егер ажыратылатын градациялар санын көбейтсек (180х600х10=1.080.000), онда адамның көзі 1 миллионнан астам реңктерді ажырата алады деген сөз. Шын мәнісінде адамның көзі тек 13.000 реңкті ғана ажырата алады. Түсті көруді нормасында негізгі үш түсіне орай үш хроматикалық деп атайды. Осының негізінде М.В.Ломоносов түсті көрудің үш компонентті теориясын ұсынып, Гельмгольц оны егжей-тегжейлі дамытты. Түс жоғары эмоциялық мәнерлілікке ие. Ол зерттелген заттың температурасын сезіммен қабылдаумен байланысады. Мәселен, қызыл, сары түстер жылумен; жасыл, көк, күлгін түстер – суықпен байланыстырылады. Сондай-ақ түс адамның көңіл-күйіне де әсер етеді: мысалы, қызыл түс – қоздырады, жасыл және көгілдір түстер – тыныштандырады.
Түстерді көрудің бұзылуы туа және жүре пайда болуы мүмкін. Алғаш рет қызылды сезіну компонентінің болмауын Дальтон сипаттады, оның өзі түсті көру бұзылысымен ауырған-ды, сондықтан да түсті көрудің бұзылуын дальтонизм деп атайды. Түсті сезінудің төмендігі ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда, 100 есе жиі ұшырасады. Түсті көру бұзылысы тұқым қуалайды. Түсті көру бұзылысын диагностикалау үшін профессор Е.Б.Рыбкиннің арнайы полихроматикалық кестесін қолданады. Онда түрлі түсті шеңберлерден белгілер мен сандар жазылған, оларды қалыпты жарықтандыруда айыруға болады, ал түсті сезіну бұзылысында оны оқу мүмкін емес. Бұл кестелерді, әсіресе, көптеген субъективті зерттеулерді жүргізу мүмкін болмайтын балалар практикасында пайдаланған аса құнды.
Жарықты сезіну. Бұл - көздің жарықты қабылдап, оның ашықтығын ажырата алу қабілеті. Жарықты сезіну көру мүшесінің ертерек дамыған функциясы болып табылады. Адам көзінің торлы қабығында колбочкалар мен палочкалардың болуына байланысты адамның көруі қосарлы деп саналады. Колбочкалар – бұл күндізгі көру аппараты, палочкалар – түнгі немесе ымырттағы көру аппараты. Жарықты сезіну тітіркену шегімен – ең аз жарық ағынын сезінумен және ажырату шегімен – жарықтандырудағы ең аз айырмашылықты ажыратумен сипатталады. Күндізгі көру айналадағы заттар 30 люкс және одан көп сырттай жарықтандырылғанда жүзеге асады. 25-тен 0,3-ке дейінгі люксте жарықтандырылғанда ымырттағы көру жүзеге асады. 0,1ден төмен люксте жарықтандырылғанда тек түнде көру мүмкіндігі ғана туады.
Ымырттағы көрудің бірнеше ерекшеліктері бар:
Перифериялық көру. Бұл көру мүшесінің көріп қабылдау арқылы айналадағы дүниеден жеткілікті мол аумақты қамти алуы. Перифериялық көру кеңістікте бағдарлану және заттарды табу үшін қызмет етеді. Перифериялық көруі бұзылған жағдайда адам кеңістікте емін-еркін қозғалу мүмкіндігін жоғалтады, заттарға соғылады, нәтижесінде еңбекке қабілеттілігі жойылады. Перифериялық көру глаукома, торлы қабықтың дистрофиялық ауруларында, көру жүйкесінің зақымдануында зардап шегеді.
Перифериялық көру күйі көру аумағымен сипатталады. Бұл қозғалмаған көз қарашығының қабылдайтын кеңістігі. Әр көздің көру аумағының белгілі бір шегі бар. Орта есеппен олар сыртқы жағынан 900, ішкі жағынан – 600, төменнен – 700, жоғарыдан – 600 тең. Көру аумағы қалыпты жағдайда балалар заттарды тұтастығында, бір мезетте өзара байланыстары мен қатынастарында көре алады. Көру аумағының тарылуы заттарды бұлайша қабылдауды қиындатады. Көру аумағының концентрациялық тарылуын ажыратады, ол шағын немесе ұлғайған түрінде болып, “түтікті көруге” әкеп соғады. “Түтікті көретін” бала дәрменсіз. Көру аумағының ортасынан немесе торлы қабық перифериясынан жартылай жоғалуымен өзгеруі ұшырасады (скотомалар). Мұндай скотомалардың болуы көлеңкенің, таңбалардың, сопақтардың пайда болуына әкеледі, бұл заттарды қабылдауды қиындатады. Ауқымды екіжақты скотома болса, адамның жазуы мен оқуы мүмкін емес. Сонымен, көру аумағының күрт тарылуы, скотомалар айналадағы әлемді қабылдауды қиындатады. Мұндайда туындайтын қабылдау фрагменттілігі балаларда тұтас бейненің қалыптасуын қиындатады. Негізгі әдебиеттер:
1.Байдо Е. С. Анатомия, физиология и патология органа зрения: Учебное пособие. – Великий Новгород, 2001. – 85 с.
2.Манжуова Л.Н. "Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы, патологиясы" пәні бойынша дәріс конспектілері/ - 2014

  1. Барашнев Ю.И .,Пономарева Л.П зрение и слух у новорожденных. Диагностические скрининг –технологии., М., наука , 2008. 17-38б.

  2. Ермаков В. П., Якунин Г. А. Основы тифлопедагогики: Развитие, обучение и воспитание детей с нарушениями зрения: Учебное пособие для вузов –М.: ГИЦ ВЛАДОС, 2000. – 238 с.

  3. Байдалинова Б.А. Есту және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы мен патологиясы. Оқу құралы. Павлодар-2012ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет