Дәріс тақырыбы: Педагогика пәні мен міндеттері



бет4/10
Дата07.02.2022
өлшемі97,53 Kb.
#86365
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1 лек, 1-2 практ сабак
Маметулла Әлішер 401, Калий Оксикбаева, хим слайд, хим слайд, Презентация1, БУЛАНУ, Абиев Педагогика Каз, анатомия руб
2.Педагогиканың салалары, басқа ғылымдармен байланысы

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының 4 деңгейін атап өтуге болады.


Бірінші деңгейі педагогиканың философиямен байланысы. Философия педагогикаға қатысты әдіснамалық функция атқарады. Педагогиканы зерттеушілердің ізденіс бағыттары олардың қандай философиялық көзқарастар жүйесін ұстануынан тәуелді (мысалы, материалистік, экзистенциалистік, неопозитивистік, прагматикалық және т.б.). Сонымен қатар философияның әдіснамалық функциясы оны ғылыми танудың жалпы принциптері мен әдістерін жасауынан да байқалады.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының екінші деңгейі - оның басқа ғылымдардың зерттеу нәтижелерін пайдалануы. Оған педагогиканың психологиямен, әлеуметтанумен, биологиямен, физиологиямен және тағы да басқа ғылымдармен байланысы жатады. Педагогиканың психологиямен байланысы дәстүрлі болып есептеледі. Тұлғаны дамыту, тәрбиелеу және оқыту оның психикалық ерекшеліктерін, психикалық процестердің механизмдерін білмей тиімді іске асыру мүмкін емес. Педагогиканың әлеуметтанумен байланысын екі ғылымның зерттеу пәндерінен байқауға болады. Адам тәрбиесін қоғамнан тыс, әлеуметтік топтардың ықпалынсыз қарастыруға болмайды.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының үшінші деңгейі – педагогика басқа ғылымдардың зерттеу әдістерін пайдаланады (әлеуметтану, математикалық-статистикалық әдістер).
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының төртінші деңгейі – педагогика басқа ғылымдармен бірге адамды кешенді зерттеуге қатысады. Сонымен, педагогиканың ең ұзақ және жемісті байланыста болған ғылымы – философия. Философиялық идеялар негізінде педагогикалық тұжырымдамалар, теориялар тұжырымдалды, яғни олар әдіснамалық тұрғыдан негізделді.
Педагогикалық білімдер алу философия зерттейтін ғылыми танымның жалпы заңдарына бағынады. Демек, философия педагогикалық тәжірибелерді саналы меңгерудің және педагогикалық тұжырымдамалар жасаудың теориялық базасы болып табылады. Тәрбие мақсаты мен міндеттерін философиялық білімдерсіз, қоғам дамуы тенденцияларын талдаусыз анықтау мүмкін емес. Философиялық таным теориясы заңдары жалпылығына байланысты оқу-танымдық іс-әрекет заңдылықтарын анықтай алады. Демек, философияны педагогиканың әдіснамалық негізі деп қарастыруға болады. Әдіснаманың барлық деңгейлері өзара байланысты күрделі жуйені құрайды. Бірақ философиялық деңгей кез келген әдіснамалық білімдердің мазмұндық негізі болып табылады және таным үдерісіне, шындықты түрлендіруге қатысты дүниетанымдық негізді құрайды. Сондықтан педагогтің кәсіби дайындығының жоғары көрсеткіші оның әдіснамалық мәдениетінің болуы деп түсінуге болады.
Әдіснаманы меңгеру арқылы мұғалім оның принциптеріне сүйене отырып, ойлауға үйренеді. Бұл оған педагогикалық үдерістің заңдылықтары мен мақсаттырының, принциптері мен ережелерінің күрделі сипатын түсінуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, әдіснаманы тек ғылыми зерттеулерге қатысты жүйе ретінде ғана қарамай, оның күнделікті оқыту, тәрбиелеу және дамыту практикасындағы, тұтас білім беру үдерісін жетілдірудегі мәнін жете түсіне білу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет