Дәріс тақырыбы: Педагогика пәні мен міндеттері


Тақырыбы: Педагогика пәніне кіріспе



бет3/10
Дата07.02.2022
өлшемі97,53 Kb.
#86365
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1 лек, 1-2 практ сабак
Маметулла Әлішер 401, Калий Оксикбаева, хим слайд, хим слайд, Презентация1, БУЛАНУ, Абиев Педагогика Каз, анатомия руб

Тақырыбы: Педагогика пәніне кіріспе


Мақсаты: педагогика оқу пәні ретінде педагогиканың оның негізгі ұғымдары, категориялары, салалары, басқа ғылымдармен өзара байланысына сипаттама беру, таныстыру.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары, категориялары.
2.Педагогиканың салалары, басқа ғылымдармен өзара байланысы.


Әдіснамалық нұсқаулар:
Оқу пәні оқыту міндеттерін, білім алушылардың дайындығы мен жас ерекшелігін арнайы есепке алатын ғылымның негізінен тұрады. Оның негізгі қызметі – білім беру. Оқу пәні міндетті түрде ғылым құрылымының нақты көшірмесі емес. Оқу пәнін құрастырған кезде ғылыми түсініктер мен жағдайды анықтау, жүйелеу, нақтылау болады. Ғылыми түсініктер, категориялар оқу пәнінде қайта өңделгеннен кейін ғылыми қолданыста жаңа, нақтыланған түрде қолданыла алады.
Жоғары оқу орындарындағы оқу пәнінің ерекшелігі ғылымның құрылымына жақын болғандықтан, онда ғылым теориясымен анықталған мәліметтер мен оларды танып білудің әр түрлі жолдары ашып көрсетілген.
Педагогика оқу пәні ретінде келесі компоненттерден тұрады:

  1. білім беру, оқыту, тәрбие жайлы білім жүйесі;

  2. білім, іскерлік, дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекет жүйесі.

Оқу пәнінің құрылысын жасау кезінде бірнеше факторлар ескеріледі, олар:

  1. Егер ғылыми білімдер жеткілікті түрде жүйеленген және оны оқытудың әдістемелік аспектілері болса, сонда ғана олар оқу пәніне енеді.

  2. Сәйкес саладағы студенттердің біліміне байланысты оқытушы оқу пәнін жобалай алады. Сонымен бірге, білім алушылардың қабілеттілігі, жас және жеке психологиялық ерекшеліктеріне тән оқу пәні әрқалай оқытылады.

  3. Оқу пәні дәрістер, семинарлар, тәжірибелік және зертханалық сабақтар көмегімен оқытылады.

  4. Кез-келген оқу пәні дидактикалық материалдар қорымен (нақты тапсырмалар, көрнекілік материалдар, бақылау сұрақтары, әдістемелік нұсқаулар) бекітіледі.

  5. Оқу пәнінде белгілі теория, концепциялармен қоса оқытушының әдіснамалық көзқарасы да орын алады.

Педагогиканың оқу пәні ретіндегі педагогикалық ғылым және әлеуметтік тәжірибемен өзара қатынасы маңызды сұрақтардың бірі болып саналады. Бұны өзара байланысты мақсаттық және қорытынды-бағалық компоненттер мысалында байқауға болады.
Осылайша, жаңа білімдерді ашу – ғылымның міндеті, ал білімді жүйелендіру мен меңгеруге ұсыну – оқу пәнінің міндеті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет