Дәріс тақырыптары № Тақырыптар



бет5/35
Дата15.03.2023
өлшемі6,55 Mb.
#172652
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
123новая презентация кол хим
kur -jelektrondyq-oqulyq-quru

КХ-ның дамуына орыс ғалымдары Н.П.Песков, А.Н.Фрумкин, С.М.Липатов, В.А.Каргин, С.З.Рогинский және Я.Б.Зельдович және көптеген басқа да ғалымдар да үлкен үлес қосты. Кристалдар мен қатты денелер беріктігінің адсорбциялық кему құбылысы–Ребиндер эффектісінің ашылуы (1928) жаңа бағыт–физика-химиялық механиканың (ФХМ) негізін қалады. КХ-ның тағы бір іргелі жетістігіне Б.В.Дерягиннің жіңішке сұйықтардың ерекше қасиеті-сыналаушы қысымды ашуы (1935) жатады.

Үшінші кезең:

Американдық физик-химик Г.Тейлор 30-жылдар басында адсорбент бетінде активті орталықтардың бар болуы туралы көзқарасты дамытты.

Г.Гуидің, Д.Чепменнің және О.Штерннің (1910-1924) жұмыстары арқасында ҚЭҚ туралы теория одан әрі дамыды.

Б.В.Дерягин мен Л.В.Ландау (1940) және оларға тәуелсіз Э.Фервей мен Т.Овербек (1940) гидрофобты зольдердің тұрақтылық (ДЛФО) теориясын жасады.

Р.Зингмонди (1925), Ж.Перрен және Т.Сведберг (1926), И.Лэнгмюр (1932) оның лауреаттары атанды. Бұл тізімге биохимик А.Тиселиустың Нобель (1948) сыйлығын қосуға болады.


Қазақстанда КХ-ның жеке ғылым ретінде қалыптасуында және дамуында маңызды рөл ҚазМУ-дың деканы болған (27 жыл), ірі ғалым Б.А.Бірімжановқа тиесілі. Ол Қазақстанда ең бірінші «коллоидтық химия» кафедрасын ашты.
Ал КХ-ның ғылым ретінде дамуы және ғылыми мектеп болып қалыптасуы кафедраны 37 жыл (1972-2009) басқарған профессор Қ.Б.Мұсабековтың атымен байланысты. Химия ғылымдарының докторы (1984), профессор (1986). Қазақ КСР-і Білім беру ісінің үздігі (1988). ҚазМУ-ды (1964, қазіргі ҚазҰУ), КСРО ҒА Жоғары молекулалық қосылыстар институтының аспирантурасын (1969) бітірген. ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі (1972–2009), декан (1987–95) қызметтерін атқарды. 2009 жылдан профессор 
«Коллоидтық химия және экология» кафедрасы деп аталған екінші кафедра сол кездегі Қазақстандағы екінші университет ҚарМУ-да 1980ж. оның ректоры академик З.М.Молдахметовтың бастамасымен ұйымдастырылды.. Кеңестік және қазақ химигі, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет