Дәріс Термодинамиканың бірінші заңы және оның салдары


Термодинамиканың бірінші заңы



бет2/4
Дата12.11.2022
өлшемі458 Kb.
#157848
1   2   3   4
Байланысты:
№ 3 Pres.1ЗАКОН Т-КИkh2 №2
8-апта, Ұлттық мәдени кодтты сақтау, Айтмуканов 1лаба

Термодинамиканың бірінші заңы

  • U – денені құрайтын бөлшектердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы.
  • күй функциясы, шексіз аз өзгерісі – толық дифференциал,
  • процестің жолына тәуелсіз, тек алғашқы және соңғы күйімен анықталады,
  • экстенсивті шама, аддитивтілік қасиетке ие, термодинамикалық анықтамалықтарда заттың бір моліне қатысты беріледі,
  • абсолютті мәнін анықтау мүмкін емес, термодинамикада жүйе бір күйден екінші күйге ауысқанда оның тек өзгерісін есептеу жеткілікті.
  • Процесс нәтижесінде жүйенің ішкі энергиясы жоғарыласа ∆U оң, ал төмендесе теріс мәнге ие болады.
  • Жылу Q және жұмыс А энергия берілуінің мүмкін болатын екі түрлері, олар күй функциясы емес, процестің функциясы, процестің жолына тәуелді.
  • Жылу алмасуы және жұмыстың жасалуы тек жүйе қоршаған ортамен немесе басқа жүйелермен әрекеттескенде ғана іске асырылады.
  • Термодинамикада процесс барысында сіңірлетін жылу оң, ал бөлінетін жылу теріс шама болып есептеледі.
  • Термодинамикада жүйенің жасаған жұмысы оң, ал жүйеге сырттан жұмсалған жұмыс теріс деп қабылданады.

Термодинамиканың бірінші заңы

  • (1) және (1*) теңдеулерді жылуға қатысты түрлендірсе
  • Q = ∆U + А (2) Q = dU + А (2*)
  • А = Аұлғ + А (3) А = Аұлғ + А (3*)
  • Аұлғ (Аұлғ) – ұлғаю жұмысы – сыртқы қысымға қарсы жасалатын жұмыс.
  • Аұлғ = р∆V = р(V2 - V1 ) (4) Аұлғ = рdV(4*)
  • рсыртқы қысым,
  • ∆V – алғашқы (1) күйден соңғы (2) күйге ауысқанда жүйе көлемінің өзгерісі, химиялық реакция үшін V1 – бастапқы заттар көлемі, V2 – өнімдердің көлемі.
  • А(А) – пайдалы жұмыс – электрлік, магниттік және басқа күштерге қарсы жасалатын жұмыс.
  • (3) және (3*) теңдеулерін ескергенде (2) мен (2*)теңдеулерден (5) және (5*) теңдеулері алынады:
  • Q = ∆U + p∆V + А (5) Q = dU + pdV + А(5*).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет