Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Ағымдық, аралық, қорытынды бақылау сұрақтары



бет2/30
Дата19.04.2023
өлшемі115,23 Kb.
#174923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Д ріс тезистері № апта Д ріс та ырыбы ж не тезистер Са ат к лемі (1)

Ағымдық, аралық, қорытынды бақылау сұрақтары
1. Тәрбиенің қазіргі заманғы тұжырымдамалары мен бағдарламалары. «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасы. (Бағдарлама идеясының авторы - - С.А.Назарбаева).
2. Тәрбиенің гуманистік, тұлғалық – бағдарлық, аксиологиялық, мәдени, орта, этнопедагогикалық, құзыреттілік, қалыптастырушылық, синергетикалық, әлеуметтендірушілік, көпмәдени, антропологиялық, технологиялық тұрғылары.
3. Тәрбие үдерісінің қағидалары: гумандық бағыттылығы, жалпыадамзаттық құндылықтар, мәдениеттілік, үздіксіздік, табиғилық, тұтастық, ұлттық.
4. Тәрбие үдерісінің ізгілік және гуманитарлық қағидалары: баланы сөзсіз қабылдау, оған тұрақты жағымдық қатына жасау; тұлғаға құрмет көрсету және әрқайсысының өзіндік абырйы сезімін қолдау; тұлғаның өзгеге ұқсамау құқығын саналы түсіну және мойындау; ерікті таңдауға құқық беру; баланың тұлғасын емес, оның іс – әрекеттерін, қылықтарын, ісі және т.б. бағалау.
5. Педагогикалық қолдау қазіргі заманғы педагогиканың гумандық тұлғалық бағдарланған парадигмасының көрінісі ретінде.
6. Тәрбие үдерісінің мәні, құрылымы мен логикасы білім алушылардың өзін – өзі дамытуға, өзін – өзі тәрбиелеуге, өзін – өзі танытуға бағдарлау мақсатындағы оның субъектілерінің өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығы ретінде.


Тест тапсырмалары
Тәрбие:
A) алдыңғы аға буынның қоғамдық-тарихи тәжірибені жас ұрпаққа беру процесі
B) тұлғаның қоғамдық-әлеуметтік сапалар мен қасиеттерін қалыптастыру
C) болашақ ұрпақты өмір сүруге даярлау
D) тұлғаның дамуына басшылық жасау
E) cандық және сапалық өзгерістердің бір-бірімен байланысу үрдісі

Тәрбие үдерісінде адамның қоғамдық мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші:


A) міндет
B) қарама-қайшылық
C) талап
D) заңдылық
E) мақсат

Тәрбиенің жалпы мақсаты:


A) азамат тәрбиелеу
B) отбасын тәрбиелеу
C) еңбекші адамды тәрбиелеу
D) жан-жақты, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру
E) белсенді тұлғаны қалыптастыру

Тәрбиенің қоғамдық мәні:


A) Жеке тұлғаның санасына, мінез - құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал
B) Басшылыққа алынатын мәселе
C) Адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қалыптастыру
D) Баланы әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру
E) Ережелер жүйесі

Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі:
A) Ұрпақтан - ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез - құлық нормаларына қатысты білім, білік, дағдыларды беру
B) Тәрбиешілер ұжымның өзара педагогикалық әрекетін қолдау
C) Мектепке дейінгі мекемелерден тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен іс-қимыл жасау
D) Баланың дара даму ерекшелігін танып білу
E) Қоршаған ортасын танып білу

Тәрбиелеу үрдісіне тән қасиет:


A) Мақсаттың бірлігі, үздіксіздігі
B) Өзін – өзі ұйымдастыратын жүйе құру
C) Ауызбіршіліктің болуы
D) Ынтымақтастық қатынас орнату
E) Ізгілікті қарым - қатынас

1

№ 2
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет