Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер



бет14/25
Дата06.03.2023
өлшемі337,53 Kb.
#171181
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
Коллоидты химия лекция
Ең кіші ортақ еселік, осососососоососоосоососоосососососоос 13.10.2020, бизнес план, БАХА СЕПСИС, Шкалы для оценки степени тяжести внебольничной пневмонии, 25-сабақ, наурыз, Мәдени мұраны цифрлық форматта сақтау, 100% lor, 100% urologia, 100% травма без отв— копия, 100% lor — без отв копия, 100% травма, 100% oftalmologia, 4сабақ ОМ
Дисперстеу әдісі - берілген үлкен қатты затты әуелі майдалап, ұнтақтап, коллоидты- дисперсті бөлшектерге дейін кішірейтуге бағытталған. Мұның өзін бірнеше әдіспен жүзеге асырады: механикалық, электрлік дисперстеу, ультра дыбыспен дисперстеу және пептизация әдістері.
Механикалық әдіс – берілген қатты заттың үлкен бөлшектерін ұзақ және тоқтаусыз, әрі жылдам ысқылау, ұнтақтау сияқты механикалық жолмен кішірейтуге бағытталған. Коллоидты бөлшектерді алу үшін шарлы диірмен (50-60 мкм) немесе коллоидты диірмен (0,1-1,0 мкм) пайдаланылады. Шары бар диірмен ішінде әр түрлі өлшемдегі болат не фарфор шары бар, іші қуыс болат цилиндр. Диірмен ішінде дисперстелетін зат пен шарлар бірге салынады да белгілі жылдамдықпен, электромотор көмегімен айналдырылады. Ондағы ұнтақталу шар көмегімен жүзеге асады.
Егер дисперстік дәрежесі жоғары зат керек болса, онда арнаулы коллоидты диірмен пайдаланылады. Ол – іші құыс цилиндр, ішіндегі қалақшалары бар ротор минутына 20 мыңға дейін жылдамдықпен айналады. Диірмен ішкі будырлы бөлігі (a) мен ротор қалақшасы (b) арасына түскен зат біліктің жылдам айналуынан ұнтақталады. Ұнтақталған бөлшектердің өзара бірігіп, жабысып қалмауы үшін тұрақтандырғыштар қосады.
Ультрадыбысты әдіс – ультрадыбыстың әсер етуші механизмі әлі толық зерттелмеген. Сұйық бөлшектері системадағы өте тез ауысатын қысым мен кеңею салдарынан бөліне келіп, ұнтақталуы мүмкін деген болжамдар бар.
Электрлік әдіс – асыл металдардың коллоидты ерітінділерін алу үшін қолданады. Әдетте платина, алтын, күміс сияқты коллоидты ерітінділер алынатын асыл металдардан әзірленген су ішіндегі екі электрод арасында электр доғасын тудырады. Осы кезде электрод арасында пайда болған электр доғасының әсерінен шыққан өте жоғары температурада әуелгі асыл металл балқып буланады да, су ішінде салқындап, өлшемі коллоидты бөлшек шамасындағы дисперсті фаза құрайды. Бүкіл процесс сумен салқындату арқылы жүргізіледі.
Химиялық әдіс (пептизация) – ұнтақтайтын зат әсерімен (пептизатор арқылы) гельді зольге айналдыру процесі. Бұл алынған борпылдақ шөгіндіге пептизатор қосып, оны коллоидты бөлшектерге дейін ұнтақтауға негізделген. Пептизатор ретінде электролиттерді алады, демек олар аморфты шөгінділерді өзара бірігуден, агрегацияланудан қорғайды. Бұған мысал ретінде темір III гидроксидінің золін алуға болады. Жалпы темір III гидроксидін Fe(OH)3 тұнбаға түсірмеу үшін оған пептизатор ретінде темір III хлоридінің ерітіндісін FeCl3 қосады. Мұндай темір III гидроксиді бірден тұнбаға түспей, золь түрінде жүзіп жүреді. Химиялық дисперстеу әдістерінің арасында өздігінен ұнтақталатын тәсіл белгілі. Ол негізінен әрбір жағдайда сәйкес таңдалып алынған еріткіш көмегімен коллоидты ерітінді алуға бағытталған. Мысалы, крахмал, желанитн, агар-агарды суда (пептизатор) еріткенде коллоидты ерітінділер алынады.
  1. Конденсациялау әдісі.

Конденсация әдісімен коллоидты жүйелерді алудың мынадай жолдары бар: дисперсионды ортаны алмастыру әдісі: конденсациялау және химиялық әдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет