Дәріс тезистері №1-дәріс


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет7/41
Дата10.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#180608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
ДӘРІС (1)
pape mashe
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
бесінші 
тіл бұзылады, - тілдің негізгі қасиеттері, тұрлаулы заңдары бұзылады» - дейді [3, 96-97 - 
бб.]. 
Қазақ зиялыларының ішінде Халел Досмұхамедұлы қазақ тілінің негізгі заңы – 
үндестік заңы туралы «Қазақ – қырғыз тіліндегі сингармонизм» атты еңбек жазды. 
Аталмыш еңбекте Х.Досмұхамедұлы термин сөздерді қабылдау тұрғысында мынадай 
тұжырымдар айтқан: «Жат сөздерді туғандағы айтылуынан өзгертпей кіргізу керек, жат 
сөздерді өзгерту күнә деп жат сөздерді тілімізге әдейі, жорта, қалыбынан бұлжытпай, 
кіргізіп отырғандар бар. Бір тілге кірген жат сөз – бейне адамның қарнына түскен тағам». 
«Ауыздан кірген тамақ сіңу үшін денеге «өзімдік» бол үшін дене заңымен өзгеру керек». 
«Тілге кірген жат сөздер сіңу үшін, тілге «өзілік» болуы үшін сол тілдің заңымен өзгеріп, 
танымастай халге келуі керек». «Жат сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, 
тілімізге лайықтап алу керек. Жат сөзді өзгертпей бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ 
деп айтса да болады». «Арақ, шылым, аурулар, адам денесін бұзса, зорлықпен жат сөздер 
елдің түп қазығы болған тілді бұзады» [4, 147 – 148 - бб.]. 
Нәзір Төреқұлұлы қазақтың зиялы азаматы ретінде термин қабылдаудың тілдік 
заңдылықтарын «Қазақшадағы жат сөздердің өзгерілу заңы» деген еңбегінде 
көрегендікпен былай түсіндіреді: «Бірақ сертсіз, заңсыз жат сөздерді бос қоя беру де 
жарамайды, опыр-топыр болып тіліміздің негізгі заңдылықтарын бұзып, тас-талқанын 
шығарып жіберуі де бар. Қазақ тіліне кіретін жат сөз болса, қазақтың тымағын киіп 
жалпақ қазақ сөзі болып кірсін» [5, 62 - б.]. 
Алаш зиялылары А.Байтұрсынұлы, Н.Төреқұлұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. қазақ 
тілінің негізгі заңы – үндестік заңының сақталуын шырылдап қорғап, өз еңбектерінде 
жазып кетті. 
Қорыта келе, қазіргі қазақ терминологиясы өзінің даму, қалыптасу тарихында 
бірнеше кезеңдерден өтті. Күнделікті қолданыста қалыптасып, дағдыға айналып кеткен 
қазіргі терминдердің бәрі бірдей кенет өз-өзінен бір күнде жасалмағаны белгілі. Оның 
әрқайсысының пайда болу, жасалу, қалыптасу жолы бар. Әрқайсысының ішкі мән- 
мағынасы мен сыртқы тұлғасында әрбір кезеңнің белгісі, мөрі бар. Әсіресе қазақ 
терминжасамындағы А. Байтұрсынұлы кезеңінің өміршендігі– терминдердің ұлт тілінде 
және тіл заңдылықтарын бұзбай жасалуында. Қазақтың шұрайлы тілі, үндестік заңына 
бағынған үйіріп түскен әдемі сөздері, сөз тіркестері сөз құдіретін паш етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет