Дәріс тезистері №1-дәріс



Pdf көрінісі
бет1/41
Дата10.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#180608
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
ДӘРІС (1)
pape mashe


ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ 
 
№1-дәріс 
 
Тақырыбы: 
Терминологияның жалпы сипаты
Мақсаты:
Қандай да бір ғылым саласындағы білім беруді тереңдетуде және 
мамандандыруда терминдердің алатын орны ерекше екенін ұғындыру. 
Дәріс жоспары: 
1.
Терминге беріліп жүрген анықтамалар 
2.
Терминнің зерттелуі 
Дәріс мәтіні 
(тезис) 
Әр білім саласының өзіне тән ерекшелігі бар. Қолданылатын сөздерге өзінің мағынасына 
сай жеке термин сөздерін қалыптастырады. Терминдер–білім беру, өнер, мамандық 
салаларымен байланысты ерекше бір ұғымның орнына қолданылатын сөздер [1, 19 ]. 
«Термин» – латын сөзі. Алғашында бір заттың шегі, географияда да шекара мағынасында 
қолданылған. Қазіргі таңда көбінесе тіл саласында айтылып жүр, жаңа ерекше бір ұғым 
мағынасында да қолданылады. Термин көбінесе бір сөзден, кейде бірнеше сөзден де 
жасалынады. Саясат, экономика деген жай сөздер болып табылады, ал бұл сөздерден құрылған 
саяси экономика, жаңа экономикалық саясат 
деген сөздер термин ретінде қолданылады. 
Терминдер басқа бір заттардың аты ретінде кездеседі. Терминдер мағынасын өзгертпестен 
күнделікті жазуда да, жалпы қолданыста да бірдей мағынада қолданылады. Терминдер 
көбінесе қысқа және нұсқа мағынада болады. Термин ерекше ұғым, мағынасы бір сөздер, 
бірнеше сөзден құрылған сөз тіркесі, белгілі бір ұғымның өзгеріске ұшырамаған сөздері мен 
сөз тіркестері. Бір білім саласына тән түсініктер жиынтығы осы саланың термині ретінде 
саналады[1, 19]. 
Қазақ тіл білімінде бұл мәселелерде үнемі пікір бірізділігі болғанын атап көрсету орынды. 
Мәселен, Ө.Айтбаев: «термин дегеніміз, ең алдымен, негізінен белгілі бір ғылым мен техника 
саласында қолданылатын арнайы лексика болып шығады» деген [5, 26 ]. 
Осы пікір қазақ терминологтарының бәріне ортақ. Оған дәлел ретінде қазіргі терминолог 
ірі ғалымымыз Ш.Құрманбайұлының пікірін келтірейік: «Терминді әдетте біз ең алдымен, 
адам қызметінің белгілі бір арнаулы саланың шеңберінде негізінен кәсіби мамандар тілінде 
арнаулы әдебиеттерде қолданылатын сөз деп ұғамыз»[6, 6]. Ө.Айтбаев пен 
Ш.Құрманбайұлының терминді анықтауында мағына, мазмұн жағынан елеулі айырма жоқ. 
Терминология мәселесінде осы пікірді айтуға болады. Мәселен, Ш.Құрманбайұлы 
терминологияға төмендегідей анықтама берген: «Терминология кең мағынасында «адамның 
кәсіптік қызмет саласындағы қолданылатын арнаулы лексиканы қамтитын, тілдің сөздік 
құрамының бөлігі». Терминология – арнаулы сала ұғымдарының жүйелік ерекшелігін көрсете 
отырып, оның коммуникативтік қажеттігін өтеуге қызмет ететін атаулар жиынтығы»[5, 13]. 
Мұнда тек Ш.Құрманбайұлы салалық терминология мәселесімен ғылымды толықтырған. 


ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет