Дәріс тезистері дәріс Мыңжылдықтар тоғысындағы ұлттардың қайта өрлеуі


Дәріс 14. «Этнос және ұлт». Этностардың пайда болу мәселесіндегі әртүрлі ғалымдардың тұғырлары



бет29/32
Дата07.02.2022
өлшемі300 Kb.
#82404
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
дәріс.әдіст.нұсқаулық
Дәріс 14. «Этнос және ұлт». Этностардың пайда болу мәселесіндегі әртүрлі ғалымдардың тұғырлары.

“Этнос” гректiң – еtпоs — тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда “халық” терминiнiң орнына “этнос” терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi – “тайпа”, “ұлыс” (“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстiне, “халық” сөзiнiң “бiр топ адам” (мәселен, “халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екенi белгiлi. Сондықтан “этнос” терминiн қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тiршiлiк етедi. Оған әлеуметтiк бiрлестiк деп те, этностық бiрлестiк деп те қарауға болады. Шындығында, әрбiр адам, бiр жағынан, белгiлi бiр қоғамның мүшесi бола отырып, сонымен бiрге ұлттың (этностың) да мүшесi болып саналады.


Адам баласының әлеуметтiк дамуы жақсы зерттелген және оның даму заңдылығы жан-жақты қарастырылған.
Ал халық тарихы жөнiндегi (бiз ендiгi жерде оны шатастырмас үшiн “этнос” деп алып қараймыз) зерттеулер түсiнiксiз, шатастырулық көп. Шын мәнiсiнде, этностан тысқары бiрде-бiр адам өмiр сүрмейдi. Кiмге де болса, “сен кiмсiң?” деген сұрақ қойса, ойланбастан “орыспын”, “французбын”, “ағылшынмын”, “немiспiн”, “парсылықпын” немесе “түрiкпiн” деп жауап бередi. Олай болса, адамның санасындағы этнос жайындағы түсiнiк көпке ортақ. Ал жоғарыдағы сұраққа жауап берушi әрбiр этнос мүшесiне: “Сен неге ол халықты немесе ұлтты өз ұлтым деп санайсың?” деп сұрақ қойса, оған анықтама беруге қиналады. Әсiресе, “сенiң ұлтыңның басқа ұлттан қандай айырмашылығы бар?” деген сұраққа бұрынғы Кеңес Одағында, бүгiнгi ТМД елдерiнде тiршiлiк ететiн ұлт өкiлдерi тиянақты жауап бере алмайды.
Ол заңды да. Себебi, 70 жыл бойы “бiрыңғай тiл, бiрыңғай мәдениет жасаймыз” деген ұранмен тiршiлiк еткен Кеңес халқы, “Келешек коммунизм кезiнде дүние жүзiнде бiр ұлт, бiр тiл болады. Ол француздың да, ағылшынның да, немiстiң де, орыстың да тiлi емес. Оған барлық ұлт өз үлесiн қосады” деген сталиндiк волюнтаристiк теорияға имандай ұйыған ғалымдар әр ұлттың өзiндiк ерекшелiгiн зерттеуге онша мән бермедi. Ұлт мәдениетi мен ұлт тiлдерi бiртiндеп кiрiгiп жоғалатын өткiншi процесс деп қарады.
Бүгiнде этностық мәдениет пен ұлт тiлдерiнiң өткенi мен келешегiне көз жiберу ұшiн этностардың шығу тегiн ғылыми методологиялық тұрғыдан қарастыру қажеттiгi туып отыр.
Бұл жөнiнде соңғы жылдары ұлт мәдениетiн ғылыми-методологиялық тұрғыдан терең зерттеп, тұңғыш рет құнды еңбек жазған атақты тарихшы ғалым Лев Гумилев болды. Ол өзiнiң “Халықтар қалай пайда болады және жоғалады?” (изд-во Ленинградского университета, 1989) деген атақты еңбегiнде, дүние жүзiндегi халықтардың пайда болу, өсу, өркендеуiн және олардың бiртiндеп өшiп, жоғалу заңдылықтарын диалектикалық тұрғыда, тарих, география және биология (оның iшiнде экология және генетика саласы) ғылымдары негiзiне сұйене отырып, “этнос” туралы ғылыми дәйектi анықтама берген едi.
Л.Гумилев “этнос” туралы соңғы уақытқа дейiн әр түрлi түсiнiк-анықтамалардың болғанына тоқталады. Айталық, бiреулер “этнос дегенiмiз — шығу тегi бiр халықтар” десе, екiншiлер “этнос — тiлдiң бiрлiгiне негiзделген мәдениеттiң тууы” дейдi. Ал үшiншiлерi “этнос — бiр-бiрiне ұқсас адамдар тобы” десе, төртiншiлерi “этнос - сана-сезiмдерi бiр адамдар тобы” дейдi. Бесiншiлерi “этнос” - белгiлi бiр қоғамдық формациядағы адамдардың шартты түрде топтасқан тобы” десе, ал алтыншылары “этнос — табиғаттың сыйы, этнос — әлеуметтiк категория” дейдi (19, 13).
Тарихтан белгiлi болғандай әр түрлi халықтар белгiлi бiр аймақта пайда болып, сол аймақтың өзiндiк ерекшелiгiне (климатына, өсiмдiгiне, жер бедерiне, географиялық аймақтың хайуанаттары мен жәндiктерiне) бейiмделiп, тiршiлiк етедi. Өзiндiк мәдени және рухани мұрасын жасап қалдырады.
Осы ерекшелiктерiне сүйене отырып, көрнектi тарихшы-этнограф Лев Гумилев: “Этнос дегенiмiз – жер бетiндегi белгiлi бiр тiршiлiк аймағы мен әлеуметтiк ортаның бiлiгiнде жатқан салт- дәстүрi, тұрмыс-тiршiлiгi, шаруашылық кәсiбi, мiнез-құлқы, тiлi мен мәдени мұрасы бiр халықтар тобы”(19,13) деген анықтама бередi. Бiз осы анықтаманы басшылыққа алған жөн деп есептеймiз.
Ендi “Жаңа этностардың пайда болу себептерi неге байланысты?” деген сұраққа жауап iздесек, бiрiншiден, көршi этностардың бiр-бiрiмен соғысып, жеңiлгендерiнiң қоныс аударуынан, сөйтiп олардың жаңа жерге келiп, жергiлiктi халықтармен, тайпалармен биологиялық қан араласынан (миграцияланудан) жаңа этностар дүниеге келедi; екiншi, бiрнеше тайпалар мен халықтардың жаңа жердi отарлап, игеруiнен пайда болады. Мысалы, ХIҮғ. аяғында ағылшындар мен испандықтардың Солтүстiк Американы жаулап алып, жаңа жерге қоныстануынан американ этносы пайда болды. Үшiншi, климаттық өзгерiс (қуаңшылық, су тасқыны т.б.) адамдарды туған жерiнен ауа көшуге мәжбүр етедi. Олар басқа жерден тұрақ iздейдi. Мысалы, қырғыз халқы ХV ғ. басында Алтайдың солтүстiгi мен Енисей өзенi бойынан, ойраттардан бөлiнiп шығып, қырғыз Алатауына көшiп келiп, жергiлiктi түркi тайпалармен қан араласуынан жаңа этнос пайда болды.
Бұл жерде жаңа жерге келiп тiршiлiк етушi этностар тобының жергiлiктi этностар тобымен бiрiгуiнен (қан араласуынан үшiншi бiр жаңа этностың) пайда болатынын ескеру қажет. Яғни этникалық тiршiлiктiң географиялық ортамен байланыстылығын ескерген жөн. Осыдан келiп, Э.Семплдiң “Адам – жер бетiнiң өнiмi” деген теориясы туындайды. Ал жер бетiндегi тiршiлiк күн нұрының күшеюiне, ғарыштық сәулелердiң әсерiне байланысты. Ғарыштық сәулелер ауа қабаттарын жарып өтiп, бiрнеше қиындықтарды жеңiп барып жер бетiне жетедi. Осыдан келiп себептестiк және қарама-қайшылық заңдылықтары туындайды. Табиғатта да, қоғамда да қарама-қайшылықсыз, себеп-салдарсыз даму мүмкiн емес. Этностардың бiр-бiрiнен этногенездiк айырмашылығы олардың нәсiлiне, тiлiне, дiнiне, бiлiмiне байланысты емес, тек мiнез-құлқы мен жер бедерiнiң табиғатына үйренiп, бейiмделуiне байланысты деп қарауды география ғылымы қуаттайды (19,5). Мысалы мұхит жағалауындағы ұлттар мен ұлыстардың салқын қанды болуы, олардың балық аулап, бұғы өсiрiп, ет жеп тiршiлiк етуi, ал оның керiсiнше, Оңтүстiк Африка халықтарының ыстық қанды болып келуi және тропикалық өсiмдiктермен қоректенуi географиялық - климаттық жағдайға бейiмделуiне байланысты ерекшелiк.
Әр ұлттың өзiне тән мiнез-құлық құрылысы ұрпақтан-ұрпаққа көшкен сайын өзгерiп отырады. Мысалы ХVIII-ХIХ ғ.ғ. қазақтар мен бүгiнгi қазақтардың мiнез-құлқы бiрдей емес. Тiптi қазақстандық жергiлiктi қазақтар мен Иран, Түркия, Моңғол қазақтарының мiнез-құлқындағы айырмашылық бiрден сезiледi. Ол – этникалық топтардың жергiлiктi халықтың психологиясы мен кәсiби ерекшелiгiне қарай бейiмделуiне байланысты.
“Этнос мүшелерiнiң мiнез-құлық құрылымының бiрiздiлiгi қарым-қатынас нормасына негiзделген. Олар: 1) жеке адам мен ұжымның арақатынасына; 2) жеке адамдардың өзара қатынасына; 3) этникалық топтардың арақатынасына; 4) этностар мен этникалық топтар арасындағы қарым-қатынасқа құрылады. Басқа этностардың басқаша нормалармен байланысқа түсуiне әр этностың мүшелерi таң қалады және өзiнiң тұқымдастарына басқа халықтардың “өрескелдiктерi” туралы таңдана айтатын болады. Мысалы, ертедегi афиналықтар скифтердiң үйiнiң жоқтығын, ал өздерiнiң мейрамдарында есi кеткенше iшетiнiн ызалана айтады екен. Ал римдiктер еврейлердiң сүндетке отырғызуын жаратылысқа қарсы әрекет деп айыптаған. Палестинаны жаулап алған рыцарьлар арабтардың көп қатын алуын ызалана сөз етсе, ал арабтар француз әйелдерiнiң бетiн ашық ұстауын сөлекет санаған. Иудейлер римдiктердi шошқа етiн жегенi үшiн жек көрген.
Заман өзгерген сайын мiнез-құлық нормалары да жаңарып отырады. Мысалы, қазан төңкерiсiнен кейiн қазақтарда “қалыңмал” берiп, әйел алуы мүлде жойылды немесе өзбек әйелдерi пәрәнжi жамылуды қойды. Алайда этностың дамуы бiркелкi болмайды. Ол доға iспеттi дамуды бастан кешiредi. Себебi, этностың қоғамдық мәдени-экономикалық және географиялық жағдайға байланысты бiрде шапшаң, бiрде баяу дамуы мүмкiн. Адам өмiрi оны қоршаған табиғатпен, ғарыштық кеңiстiкпен, күн сәулелерiмен және радиацияның жер бетiндегi тiршiлiкке, соның iшiнде адамға да тигiзетiн әсерiмен биосфералық жағынан тығыз байланыста өтедi. Бұл жөнiнде Чижевскийдiң “Күн бетiндегi отты борандардың жер бетiндегi жаңғырығы” атты кiтабында айтылады. Күн бетiндегi отты борандар мен қопарылыс-жарылыс пайда болғанда, жердiң магниттiк белдеуi бағдарын өзгертетiн көрiнедi. Сонымен бiрге күн бетiнен жерге өткiр сәулелер атқылайды.
Жер бетiндегi тiршiлiк әлемiне ерекше әсер ететiн физикалық құбылыстар пайда болады. Чижевскийдiң бақылауынша, күн бетiнде пайда болып жатқан осы құбылыстар кезiнде өткiр сәулелердiң шамадан тыс бөлiнуiмен байланысты вирустар көбейiп және олар желдiң бағытымен ұшып келiп, бiр жерге шоғырланып, әр түрлi жұқпалы ауруларды таратады, түрлi апаттар жиiленiп, адамдар арасында ақыл-есi ауысушы, асылып өлушiлердiң көбеюiн, бiр ұлт пен екiншi ұлттардың өзара соғысып, қантөгiстердiң болуын туғызатын көрiнедi (19,7).
Биосфераның әсерiнен болатын табиғи апаттан, жарылыстан кейiн пайда болатын шала-жансарлық жағдай этностарды бiрден мүлдем құртып жiбермейдi. Дегенмен, ол этникалық жұлдыздарға (этностардың алдыңғы белсендi тобына) үлкен әсерiн тигiзiп, әлсiретуi, тiптi тұқымға орасан зор зиян келтiруi мүмкiн. Адам үнемi табиғат құшағында өмiр сүрiп, тiршiлiк ететiн болғандықтан, күн сәулесiнiң де адамдардың психикасына ықпалын тигiзетiнi көпке аян. Яғни адамдардың өз еркiн билеу әрекетi де табиғатпен тығыз байланысты. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы жиi-жиi болатын соғыс, қан төгiс, қақтығыстарды бiр жағынан экономикалық үстемдiк үшiн күрес деп қарасақ, екiншiден, ұлттар мен ұлыстарды басқарушы хандар мен патшалардың мiнез-құлық әрекетiне, мемлекеттi басқарушы адамдардың нерв жүйесiнiң қызметiне байланысты құбылыс деп ұғуға тура келедi. Мысалы, Гитлердiң немiс ұлтын үстемдiкке жаралған ақ нәсiл деп қарап, бүкiл Еуропаны басып алуды мақсат еткенi, еврейлердi кемсiтiп, асып-атуы Мальтустiң теориясына негiзделген фашистiк-диктаторлық iс-әрекет едi. Ал бiреулер мұны адамның физиологиялық жағымсыз қасиетi демей, “Алланың жiберген iсi” деп қарап, фашистiк iс-әрекеттi ақтамақ болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет