Дәріс тезистері дәріс Мыңжылдықтар тоғысындағы ұлттардың қайта өрлеуі


Үдеріс ретіндегі бейімделу – аккультурациялық жағдайдағы индивидтің үйренісу стратегиясы болып табылады. Ондай стратегияларға үйренісу, реакция, бастарту жатады



бет32/32
Дата07.02.2022
өлшемі300 Kb.
#82404
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
дәріс.әдіст.нұсқаулық
Үдеріс ретіндегі бейімделу – аккультурациялық жағдайдағы индивидтің үйренісу стратегиясы болып табылады. Ондай стратегияларға үйренісу, реакция, бастарту жатады [8, 5]. Бейімделу өзге мәдениетке өтудегі миграциялық үдерістің ішінде өте жиі кездеседі. Миграциялық үдеріс тек тәуекелділік факторын құрайды. Тәуекелділіктің соңы өте жағымды бейімделу немесе жағымсыз бейімделуді туғызады [Берри Дж., Ким У., Мерфи Х.].
Өзінің практикалық тұрғысынан интергациялану, сәйкестену, бейімделу бір-біріне өте жақын терминдер болып саналады. Интеграция – топтың мәдени тұтастығын сақтап қалу үшін, (өзгерістерге деген реакциялық әрекет немесе қарсылық) сонымен қатар үлкен қауымдастықтың айнымас бөлшегі (өзіндік уйренісуі) болуға деген ұмтылысы [8, 15].
Репатрианттардың жаңа мәдени ортада интеграциялануы, біріншіден, мемлекет тарапынан берілген құқықтық жағдайлардың орындалуы, олардың қоныстануы мен әлеуметтік материалдық қажеттіліктерінің өтелуі, жұмысқа қамтылуы, кәсіпкерлікпен айналысу, әлеуметтік қорғалуы мен жаңа ортада бейімделуі үшін жағдайлардың жасалуымен байланысты, екіншіден, институцияналдық, ұйымдық, экономикалық, саяси, әлеуметтік жүйелердің иммигранттарды қоғамда қабылдау үшін бірігіп атқаратын шаралардың бірізділігі мен нақтылығын талап етеді.
Иммиграциялық үдеріске қатысушы тұлғалардың интеграциялануы мен бейімделуі өте күрделі құбылыс екенін М. Жетесованың [11, 13] бұл моделі дәлелдей түскендей (сурет 2). Ондағы мақсат пен міндет Қазақстан қоғамының репатриант-қазақтардың жаңа ортаға бірігуі үшін, Қазақстан территориясында тұрып жатқан басқа да этнос өкілдері, диаспоралар арасында ортақ тіл табысуы негізінде жағдайлар жасалу.

Сурет 2 − Репатрианттардың интеграциялану моделі
Иммигранттар мен репатриант-қазақтардың ортаға интеграциялануының қағидаларына: заң алдында иммигранттар мен жергілікті халықтың теңдей болуы; адам құқықтарының қорғалуы; қабылдаушы елдің заңдары мен дәстүрлерін бағалау; тілді үйренуге жағдайлар жасау (ауызша және жазбаша); әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің іске асуы; білім алу мен медициналық көмектің қол жетімділігі; тұрғын үй мен жұмысқа орналасу;үрдісіне мемлекет тарапынан көмек көрсетілуі.
Интеграцияланудың негізгі нысанына, біріншіден, иммигранттар мен оралмандардың өздері жатады; екіншіден, жергілікті халық, яғни Қазақстан Республикасы азаматы немесе әлі азаматтығы жоқ адамдар; үшіншіден, Қазақстан қоғамында репатриант-қазақтарға қатысты әлеуметтік, саяси, мәдени, азаматтық, қоғамдық бірлестіктер кіреді.
Репатриант-қазақтар қоғамда интеграциялануының субъектісі ретінде үш негізгі топты көрсетеді: мемлекеттік институттар, халықаралық ұйымдармен қоса қоғамдық ұйымдар және жеке меншік құрылымдар.
Репатриант-қазақтардың интеграциялануының тиімді жүзеге асырылуына жағдайлар мен іс-әрекеттердің кешенді жүйесі әсер ететіндігін айтады. Ол географиялық, этнологиялық, экологиялық, технологиялық, ұйымдық, ақпараттық, басқарушылық, құқықтық және өзіндік.
Интеграциялану құралдары ретінде репатриант-қазақтардың интеграциялануына өзіндік ықпал ететін әдіс-тәсілдерді, қызметтерді жатқызуға болатындығын, оларды құқықтық-заңнамалық, ұйымдық, материалдық, қаржылық, техникалық, ақпараттық, әлеуметтік деп бөліп қарастырады. Иммигранттар мен репатрианттардың интеграциялануының жүйе ретіндегі соңғы белгісі оның нәтижесі болмақ.
Интеграциялану механизмінің нәтижесіне: Қазақстан Республикасы егемендігінің нығаюы; елдің ұлттық құрамының әлеуеті; Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық, демографиялық жағдайының тұрақты дамуы, тарихи отанына оралудағы оралмандырдың сан ғасырлық армандарының іске асырылуы [9, 15].
Осылайша бейімделу үдеріс және сол үдерістің нәтижесі бола отырып, репатриант-қазақтардың жаңа ортаға интеграцияланумен және ортаның мәдени және тілдік сәйкестенуімен аяқталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет