Дәріс.№19-20. Тақырыбы: Паразитті және паразитті емес арамшөптердің өкілдері және оларға қысқаша сипаттама



бет8/8
Дата19.12.2021
өлшемі22,25 Kb.
#103275
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс.19-20
5-7 дәріс, Дәріс.№17-18, Дәріс.№17-18, Дәріс, 5-сынып әдебиет ТЖБ 4-тоқсан дұрысы
Егістік қанатжеміс (Тhlaspі anvense).Айқышгүлділер тұқымдасына жататын біржылдық арамшөп. Сабағы тік болып 20-50 см биіктікке дейін өседі. Бұл тұқыммен көбейетін өсімдік. Бір өсімдігі он мыңнан астам тұқым береді. Оның түсі қарақоңыр, көлемі кішкентай (мөлшері 1,2-2,0х1,5мм). Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін 3-5 жыл аралығында сақтайды. Малдардың асқорыту жүйесі арқылы өткенде оның өнгіштік қабілеті 40 пайызға дейін сақталады. Пісіп-төгілген жылы топырақтың 4-5 см тередігінен жақсы өнім шыға алды.Бұл арамшөптің жаздық, күздік және қыстап шығатын түрлері бар. Негізінен топырақты ластайды. Өсімдіктің сарымсақ тәріздес исі болады, сондықтан сиырларға жеуге болмайды, себебі сүттің дәмін бүлдіреді.

Жұмыршақ (Пастушья сумка, Capsella bursa pastorіs) айқышгүлдер тұқымдасына жататын біржылдық қыстап шығатын арамшөп.Сабақтары жеке де, бұтақты да болып әр түрлі биіктікте өседі, биіктігі 50 см дейін жетеді. Бұл өсімдікте басқа азжылдық арамшөптердей тұқымымен көбейеді.Тұқымы бұршаққын тектес, түсі қоңыр немесе қара,қоңыр,сары. Бір өсімдік 70 мыңға дейін тұқым береді. Қолайлы жылдары екі-үш рет ұрпақ беруі мүмкін. Пісіп-жетілген жылы толық қаулап шықпайды, ал қыстап шықаннан соң ерте көктемде топырақтың 22-23 см тереңдігінен тез және біркелкі қаулап өседі. Өзінің өнгіштік қабілетін топырақта 7-11 жыл бойы жоғалтпайды. Бұл арамшөптің жаздық, күздік және қыстап шығатын түрлері бар. Қыстап шығатын түрлері күзге қарай тамыр жағасын құрайды.Жұмыршақ негізінен барлық дақылдарды, оның ішінде сирек өскен күздік және жаздық дәнді дақылдарды ластайды. Сонымен қатар ол жолдың жиегін, бау- бақшаны және басқа жерлерді де ластауы мүмкін.
Бақылау сұрақтары:

1.Паразитті арамшөптер және олармен күрес шаралары

2.Паразитті емес және олармен күрес шаралары

3. Күздік арамшөптер және өкілдеріне сипаттама

4. Қыстап шығатын арамшөптер және өкілдеріне сипаттама

5.Жаздық арамшөптерді атаңыз



6.Күздік арамшөптерді атаңыз

:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет